Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Балабақша

«Жүзден жүйрік»

«Жүзден жүйрік»

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

  «Жүзден жүйрік»

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

Мақаты: 1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

  1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;
  2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп.

Барысы: 1. Кіріспе сөз;

  1. Спорттық жарыс;
  2. Қорытынды сөз. Марапаттау.

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жүзден жүйрік » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін даярлық топ оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші:        Ал, құрметті халайық,

                          Жарысты енді көріңдер.

                          Әділ қазы алқасы,

                          Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өту.

Жүргізуші: Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеуден кейін 2 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Бүгін оқушылар 2топқа бөлініп бақ сынайды. Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттары:

  1. Допты ойын; 2. Ептілік; 3. Кенгуру 4. «Мерген» 5. Секірмек; 6. Арқан тартыс.

Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Денсаулық – шексіз бақыт,

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда,

«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,-деп, келесі ойынымызға көшейік.                    

   1.« Допты ойын».

Ойын шарты:Доппен жүгіріп барып, доппен жүгіріп  келеді де, допты келесі оқушыға береді.Дәл осылай ойын қайталанады.

Жүргізуші:

 Денің сауда күштісің бұл әлемде,

 Денің сауда сұлусың жер бетінде.

 Сол мықты денсаулықтың арқасында,

 Жетерсің әлі талай бақыттарға.

  1. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ептілік» ойыны деп аталады.

Ойын шарты: доптың үстінде отырып секііріп барып, қайтып келу.

       Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.

  1. Келесі ойынымыз «Кенгуру» деп аталады.

Ойын шарты: Әр топтан бір бір оқушыдан шығып, қаппен секіреді. Ойын осылайша жалғасады.

Жүргізуші:          Жатып ішер боп жалқау,

                             Бойкүйез болма, еріншек.

                             Айналысып спортпен,

                             Талаптан, жаттық еңбекпен.

4.Сайысымыздың келесі бөлімі «Мерген» ойыны деп аталады.

Ойын шарты: Әр топтан бір-бір оқушы шығып, нысананы көздеп ату..

5.«Секірмек».

Ойын шарты: Бір оқушы секірме жіппен кедергілер арасынан жүгіріп өту қажет.

6.«Арқан тартыс». Балалар берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен жарысады.

Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,

                          Жақсы ән мен тәтті күй.

                          Көңілге түрлі ой салар,

                          Әнді сүйсең менше сүй»,- деп Абай атамыз айтқандай,«Адам болам десеңіз» өленің тыңдайық

Жүргізуші:  Өнерге биік сеніңіз,

                          Думанға қызық келіңіз.       

                          Әділ қазы ел сенген,

                          Өнерге баға беріңіз.

Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.

 

Жүргізуші:  Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Балабақша | Қосты: Eskali (18.01.2015)
Көрсетілім: 1003 | Ілмек сөздер: жүйрік», «Жүзден | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 67
Қонақтар: 66
Тіркелгендер: 1
Жаксимбетова_Зарина