Сайт учителя начальных классов
.
Тіл халық қазынасы.

Тіл халық қазынасы.

 Тіл халық қазынасы.

Мақсаты: Балалардың Қ.Р. Отаны, тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейтіп, оның табиғатытуралы мағлұматберу.Туған елге,тілге,жеріне, отанына деген сүіспеншілдігін білдіруге тәрбиелеу.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын жетілдіру. Шығармашы-лық қабілеттерін, ой-қиялдарын, эстетикалық танымдарын дамыту, ірі ж/е ұсақ  моториканы жетілдіру.

Көрнекілік: Қ.Р-ның мемлекеттік рәміздері, сандықша, қоржын, үлгілер.

Керекті құрал-жабдықтар: Ақ парақ, субояқ, түсті қағаз, желім, мақта, бұршақтар.

Сөздік жұмыс: Рәміз ,тәуелсіз.

Билингвистикалық компонент: Отан – родина, елтаңба – герб, ту – флаг, гимн.

Инклюзивтік әлеумент: Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға тіл жаттығуын қайталату.

Іс-әрекет кезеңі:

Мотивациялық қозғаушы.

Қазақстан Респуликасының мемлекетік гимні орындалады.

Балалар орындарынан тұрып оң қолдарын жүрек тұсына қойып гимнді орындайды.

Амандасу:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Біз әдепті боламыз,

Иіліп сәлем береміз

Жылулық шеңбері: «Менің сүйікті отаным!» Жүрекшені кеудесіне төсей отырып жылы лебіздерін білдіреді.

-Мен ,балабақшамды сүйемін!

-Мен , ауылымды жақсы көремін!

-Мен, әке-шешемді сүйемін!  Т.с.с.

Барлығы бірге:

-Жас ұланымын елімнің,

Болам ұл-қыз зор әлі.

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

Балалардан Отан, дос туралы тақпақ мақал-мәтел сұрайды.

-Отан оттан да ыстық.

-Аққуды атпа, досыңды сатпа.

-Отан асыл анамыз,

Ана сүтін ақтаймыз.

Есейгенде ер болып ,

Елді жаудан сақтаймыз.

Іздену ұйымдастырушышы кезең:

Тосын сәт: Қоржынын арқалап Алдар көсе келеді.

Балалардың назары Алдар көсеге бөлінеді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен кең байтақ қазақ жерін аралап көмекке зәру адамдарға көмектесіп жүрмін.Міне сендердің жерлеріңе де келіп жеттім.

-Туған ауылдарың қалай аталады?

-Құлан ауылы.

-Ұлттарың кім?

-Қазақ.

-Мені таныдыңдар ма? Мені қандай ертегілерде кездестірдіңдер?

-Ия. Алдар атасыз.

-Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе.

-Қазақ халқының ұлттық ертегілерін атап беріңдерші.

-Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе.

-Мақта қыз бен мысық . Қарлығаштың құйрығы неге айыр. Ұр тоқпақ..т.б.

-Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

-Ханталапай,қыз қуу,бәйге... (Осы кезде атаның ұялы телефоны шырылдайды,оны қонаққа шақырады.Алдар балаларға рахмет айтып сиқырлы сандықша сыйлап қоштасып кетеді.)

-Мынау неткен әдемі сандықша, ашып көрейікші(сиқырлы дауыс шығады)

Жаұяның қатысуы:

Сиқырлы дауыс жанұяның қатысуымен айтылады.Тапсырма орындалса ғана сандықша ашылатынын ескетеді.Компьютерден сұрақтар қояды.

1-тапсырма:

1.Сендер тұратын мемлекет қалай аталады? (Қазақстан  республикасы)

2.Мемлекеттік тілдерің қай тіл? ( Қазақ тілі. «Тілін білмеген ,түбін білмейді»)

3.Қ.Р.қандай Республика? (Тәуелсіз )

4.Қ.Р.елбасы кім? Н.Ә.Назарбаев .

5.Қ.Р.астанасы қай қала? (Астана қаласы)

2-тапсырма:

1.Қ.Р.мемлекеттік Рәміздерін ата.

-Елтаңба, ту, гимн.

-Герб,флаг,гимн.

2.Рәміздер туралы тақпатар айту

-Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

-Қәне балалар жаңа сөздерді қайталайықшы.

-Рәміз , тәуелсіз.

Әсем әуенмен сандықша  ашылып ішінен түйілген орамал шығады.

Д/о: Түйілген орамал.Шеңберді айнала ойынды бастадым,

Бір баланың қасына келіп орамалды тастадым.

-Екі көзің не үшін керек? ( Жақсыларды көру үшін )

-Екі қолың не үшін керек? . ( Елге көмек беру үшін.)

-Аспанда неше жұлдыз бар?  (Көп ) т.с.с. сұрақтар.

-Біздің Қазақстанымыздың табиғаты өте бай, әсем, тамаша. Табиғат дегеніміз не еді еске түсірейікші.

-Табиғат дегеніміз не ?  ( Тау, ана, тал, күн,тас,қозы.т.б )

-Табиғат нешеге бөлінеді ? ( Өлі және тірі табиғат болады. Тірі табиғат өседі, өнеді:тал,жануар,адам.Өлі табиғат өспейді:тас,су.т.б. )

-Олай болса бойымызды сергітіп , табиғат сиынан аналарымызға арнап сыйлық жасайық..

Сергіту сәті. (Балалар «Өз орныңды тап» ойыны арқылы суретті карточкадағы бейнеге қарап «Гүл», «Қой», «Алма», «Күн» орталықтарына бөлінеді

1-орт «Гүл», гүлдің сабағын   таяқшамен бояп, күлтешесін түсті қағазбен жапсырады.

2-орт. «Қой», қойдың бейнесіне мақта жапсырады.

3-орт. «Алма», алма бейнесіне бұршақ жапсырады.

4-орт. «Күн», ұжымдық жұмыс Ақ қағазға табиғатты құрастырады (қиылған тал,гүл,күн , құс, көбелек.т.с.с )

Тәрбиеші даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға көмек көрсетеді,тіл жаттығуын қайталатады, пан-пан-пан – ашық болсын аспан...

Саусақ жаттығуы.

Рефлексивті түзету:

Балаларға өзін-өзі бағалауға ұсыныс жасайды.

Оқу іс-әрекетін сұрақ - жауап алып қорытындылап мақтайды.

-Алдар-көсе келді.

-Сиқырлы сандықшадағы тапсырмаларды орындадық.

-Отан – Родина. Елтаңба-герб.

-Ту-флаг, Гимн  - гимн.

Балалар ойын арқылы өзін-өзі бағалайды.Бұтаққа өзіне ұнаған  түрлі-түсті  шеңбершелерді іледі.түсін іледі.

Қызыл түс - өте жақсы .

Жасыл түс – жақсы.

 

Күтілетін нәтиже:

Не білді: Туған елге,тілге,жерге деген сүйіспеншілділігін білді.

Не алды: Өз Отаны тәуелсіз Қазақстан және оның табиғаты туралы

                 мағлұмат алды.                                                                                                                     

Не істей алады: Шығармашылық қабілеттерін дамыта алады.

                           Ұқыпты жұмыс жасай алады.

ID: 8005 | Просмотров: 2949