Сайт учителя начальных классов
.
С дыбысы және әрпі

С дыбысы және әрпі

 С дыбысы және әрпі

Тақытыбы: С дыбысы және әрпі

Мақсаты: 1.Балаларды  с  дыбысы және  әрпімен таныстыру.

  1. С дыбысына сөз , сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. С әрпінің баспа түрін жазуға үйрете отырып,таза, сауатты жазуға үйрету.

3.Балалардың оқуға,білімге деген қызығушылығын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ойын,көрнекілік,талдау,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Көрнекілігі: әріптер , түрлі-түсті суреттер,   әліпби,  DVD , текшелер, слайд, «Сауат ашу» -  әліппе дәптері.

 Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.

Шаттық шеңбері:

                                            Біз әдепті баламыз

                                            Біз ерекше боламыз.

                                            Қонақтарды көргенде

                                           Сәлеметсіздер ме! деп

                                           Сәлемдесіп аламыз .

 

-Балалар ,бүгін бізде сауат ашу сабағы.

Сауат ашу сабағында С дыбысымен және әрпімен танысамыз.

Ал бүгінгі сабағымызда  біз сауат ашу әлеміне саяхатқа барамыз.

Саяхатқа шықпас бұрын біз өткен сабағымызды есімізге түсірейік.

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Б дыбысымен.

-Б дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс .

-Б дыбысына байланысты қандай тақпақ жаттадық?

-Қане кім айтады?

II.Негізгі бөлім.

-Жақсы балалар, енді саяхатқа шығуымызға болады.

-Балалар, ненің дыбысын естіп тұрсыңдар.

Балалардың жауабы.

Ал енді көзімізді жұмайық.

-Ендеше,саяхатқа немен барамыз деп ойлайсыңдар?

-Балалардың жауабы

-Ал баратын жерлерімізді тез табу үшін бізге не қажет?

-Карта.

Балаларды картамен таныстырамын.

1.Дыбыстар елі.

  1. Суреттер елі

3.Сиқырлы сөздер елі.

4.Жазу елі.

Ал балалар ендеше «Білім»әлеміне саяхатымызға аттанайық.

 -Балалар біз дыбыстар еліне келіп жеттік.

Бірақ біз дыбыстар еліне кіре алмай тұрмыз.

Ол үшін біз мына жұмбақты шешуіміз қажет.

                                           Сақинаны,сағызды,

                                           Сарымсақты,сәбізді

                                           Бастап тұрған қай әріп

                                          Сапсыз орақ тәрізді?  (С)

-Балалар, қане с дыбысын айтып көрейік.

-С қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс

-Қандай текшемен белгілейміз?

Ал балалар дыбыстар елімен қоштасып, суреттер еліне барайық.

-Балалар, біз суреттер еліне келдік.

Мына суреттерге назар аударайық.

 Сағат, мысық, автобус,сандық, т.б

-Ендеше с дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі екен.

-Жақсы балалар,саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

-Ал балалар  сиқырлы  сөздер еліне де келіп жеттік.

-Балалар,қараңдаршы бізді дельфиндер өткізбей тұр.

 Бізге мына буындарды,сөздерді оқи аласыңдарма, оқысаңдар өтесіңдер дейді.

-ас, -са, -со, тас, са-на, со-на.

«Адасқан әріптер» дид. ойыны.

Шарты: әріптерді тауып сөз құрау, текшемен жазып дыбыстық талдау жасау.Сол сөзге сөйлем құрайды.

-Балалар,ары қарай жолға шығайық.

Біз тағы бір елге жақындап қалдық.

Бұл «Жазу» елі екен. Ал енді с дыбысының әріп таңбасымен танысайық.

Ауада жазып көрсетемін.

Тақтада әріпті жазамын С с .

-Балалар әріпті қайтеміз көреміз,жазамыз,ал дыбысты естиміз , айтамыз.

Сергіту сәті:

                                             Сағаттың тіліндей

                                             Иіліп оңға бір.

                                             Сағаттың тіліндей

                                             Иіліп солға бір

                                             Оң аяқ,сол аяқ

                                             Жаттығу оңай-ақ.   

III .Дәптермен жұмыс.

С дыбысының баспа түрін жазу.

IV.Бекіту

                                            Жаздай інге тығылып,

                                            Жатқан қызыл түлкіні.

                                            Құйрығымен суырып,

                                            Әкелді әжем бір күні.   (Сәбіз)

 

V.Қорытындылау.

-Балалар сабақ ұнады ма?

-Қандай дыбыспен таныстық.

VI.Бағалау.

ID: 7236 | Просмотров: 2824