Сайт учителя начальных классов
.
Қош бол даярлық!

Қош бол даярлық!

Қош бол даярлық!

Тақырыбы: Қош бол даярлық!

Мақсаты:

  1. Білімділік: Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау.
  2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.
  3. Тәрбиелік: Өзінен үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Тәрбиеші:Құрметті ата- аналар, қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобында алғашқы түлектері өмірге араласпақшы. Бұлар көкбайрағын желбіретіп, ән- әнұранын асқақтатын Еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі той иелерін, мектепалды даярлық тобында алғашқа түлектерін ортаға шақырайық.(Балалар ортаға кіреді.)

Ән: Әнұран

Тәрбиеші: Өсті ақыл- ойларын,

                   Өсті міне бойларын.

                   Қуанышқа ортақпын

                   Құтты болсын тойларың.

Нұрәлі : Тоқта біздің панамыз

                Мектеп біздің анамыз

                Ертең  өсіп толамыз

                Білімді адам боламыз

Даниель: Үйреттіңіз әріпті,

                   Мектепте қиналмасын деп.

                  Айтқаныңызды бәрі ұқты,

                  Көрсетер пайдасын деп

Анара: Көрсетіп әр кез әр қылық

              Жай жүрмей аунап қарғыдық

              Еркелігіміз көтерген

              Кезгіңіз есте мәңгілік

Шыңғыс:Бұл екінші үйіміз,

                  Бір туғандай бәріміз

                  Біз осы үйдің гүліміз

                  Біз осы үйдің сәніміз

Тәрбиеші: Әндетейік, жырлайық

                  Биден шашу шашайық, келесі кезекте

Би: Бара бара, бере бере

Тәрбиеші:Мектепке енді барамыз,

                  Оқып білім аламыз.

                  Жақсы оқып сабақты,

                  Кілең бестік аламыз.             

Индира: Қыс, көктем, жаз, күз деген

                 Мезгілде бір боп бізбенен,

                 Көрінбей қалсақ біреуміз.

                 Кезіңіз көп іздеген.

Самат:  Әр ненің білдік мәнісін

              Сыртын қойып және ішін

               Айтамыз сізге мың алғыс,

               Осылардың бәрі үшін.

Диана: Мейрімге әр кез бөлеген.

               Есте үлгі өнеге

               Сінді бойға тәрбиең

               Көрінтер ылғи сөреден

Бахтияр: Айтасыз қызық ертегі,

                 Мейіріміңіздің жоқ шегі.

                 Таныстарыңыз біздерді

                 Кең байтақ туған өлкем

Ән: Достық

Адина: Қағазға сурет салдырып

              Қарайсыз көзді талдырып

              Жақсы ісімізді мақтайсыз

              Ата -ананы таң қалдырып

Иса: Қош бол, ойыншықтарым

         Жасырып кейде тыққаным

         Кеткенде кешке қоштасып

         Келгенде алдан шыққаным

Гүлден: Үйреттіңіз әр кезде

               Тәртіпті таза жүруді

               Үлкенді сыйлап, кішіге,

               Көмектесіп тұруды.

Санжар: Менде кітап аламыз

                Менде оқуға барамын

                Жаман бала дегізбей,

                Жаксы оқитын боламын.

Тәрбиеші: Әніміз қандай әдемі

                    Биіміз қандай әдемі

                    Біз бақытты балдырған

                   Көркейткен сонау әлемді,- деп кезекті әсем биге береміз.

Би: Вальс

Амина: Ажырамас жігіміз

              Жазылмас деуші екі жұбымыз

              Кешір мектебіміз

              Болса тентегіміз

Айганым: Өзіңнен көп дос таптым,

                    Бауыр баса бастаппын

                   Тәрбиешім мейірбан

                   Келмей тұр енді қоштасқым

Аслан: Үйреттіңіз санды да

               Келер деп әлі-ақ алдында

              Келешегімізді ойлап біздерге

              Үйретпегеніңіз қалдыма?

Ән: Қоштасу

Жасмина: Сурет кітапшаларым

                  Ермекке са жарадың

                  Бейнелерге боялған

                  Қолға алып сан қарадым
Назар:Мектеп тосты бізді алды,

        Сендерде енді бос қалма

        Тапсырдық жаңа келетін

        Іні, қарындастарға

"Оркестор"

Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Олай болса, тентек болмауға, сабақта жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер.

Бәрі: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!

Диплом тарату

Мектепалды даярлық тобының  слайды

Ән: Әже жүрші мектепке

Келесі сөзді: Ата -аналарға беріледі.

Қорытынды:Білім ошағы мектепБілім теңіз, мектеп кеме. Бүгін тарыдай болғанмен, ертең ақ таудай болып мына мектепті бітірсеңдер. Білім мен өнер жиып, үлкен азамат боласыңдар. Жол ашқан бүлдіршіндеріміз даярлықпен қоштасып, 1 -  сынып қадам басқалы отыр. Қадамдары құтты болсын деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.  

Математика

Сабақтың тақырыбы: Өткен сабақты қайталай отырып, бекіту.

Сабақтың мақсаты:

1.Балардың жыл бойы алған білімдерін жетілдіру, пысықтай түсу.

2.Есептер шығару, сандарды салыстыру, қосу азайту амалдарын орындату, геометриялық фигураларды ажырату.

3.Жыл мезгілдерін, апта күндерін, ай аттарын айыра білу.

4.Шығармашылық зейіндерін дамыту.Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тәртіптілікке, құстарды сүюге, қорғауға  тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабағы.

Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, әңгімелеу, көрнекілік, ойын, мадақтау.

Көрнекілігі: кеспе сандар қатары, геометриялық фигуралар, құстардың суреті, ағаштың суреті, оқулық,сыйлыққа күннің көзі бала санына, сандық.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау.Назарларын сабаққа аудару.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, себебі бізге сабаққа қонақтар келіп отыр.Ендеше орнымыздан тұрып, қонақтармен амандасайық.Сабаққа жақсы қатысып, тәртіпті болайық.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемнен кейін ,қай жыл мезгілі? Қыстан кейін ше? Күзден кейін?

- Жыл мезгілдері нешеу?

- Апта күндері? Қай күндері дем аламыз? Неше күн оқимыз? Қай күндері?

- Бір жылда неше ай бар? Күз айларын атаймыз? қыс, көктем, жаз?

- Қазір қай ай?

  1. Жаңа сабақ.

а ) Кіріспе бөлім.

- Балалар, сендер математика сабағынан не үйрендіңдер?.

- Бүгін бізге  Тапқышбек білімдеріңді тексеруге , құстардан бірнеше хат  беріп жіберіпті,ол құстар  мына сандықтың ішінде екен, ендеше  Тапқышбекті ренжітпей  тапсырмасын орындап көрейік. Сандықты ашып, ішінен кішкентай сандықты алып көрсету. Сендерге сыйлығы да бар екен. Бұл сандықтағы  сыйлықтар, кім сабаққа жақсы қатысады, кім өзін жақсы жағынан көрсетеді, сол  балаларға беріледі. Ал, онда Тапқышбекті ренжітпей, тапсырмасын орындайық. Бір құстың  суретін алып көрсету.

Сандық, оның ішінен бір – бірден құстарды шығарып,қандай құс келгенін сұраймын,  әр құстың тапсырмасын оқып отырамын.

б ) Негізгі бөлім.

1 - тапсырма

Мынау қандай құс ұшып келді? (тоқылдақ)Тапсырмасын қарайық.

  • Тоқылдақты қандай құс дейміз?(орман дәрігері)Неліктен?
  • Балалар,тоқылдақтың тапсырмасында, ағашқа құрт түсіпті, өзі үлкен екен, соны тазалауға көмек сұрайды.
  • Ендеше көмектесейік.
  • Тоқылдақты  ағашқа отырғызайық. Алыстан ұшып келді.

1-ден 10-ға дейін құрттарды жинау. (Тақтаға бір –бірден шығып, қою.)

 3-4 балаға 10 -20 тура, кері санату.

-Тоқылдақ сендерге қуанып қалды, сендер оның тапсырмасын түгел орындадыңдар.

2 – тапсырма.

 Келесі қандай құс? Торғай.

  • Торғайды да ағашқа апарып қондырайық.
  • Бір таңбалы сандарды және екі таңбалы сандарды ата.

Ойын: «Көршісін ата» . Берілген сандарды атап,  көршілерін  атау.

2,4,7,8,5,11,14,17,19.

Мен санды көрсетемін. Ал сендер сол санды атап көршісін айтасыңдар.

  • Торғайда сендерге риза болды.

3 – тапсырма.

Келесі қандай құс?(сауысқан)

  • Сауысқан туралы не білеміз?(Үйге келіп қонса, қонақ келеді.Халық болжамы)
  • Сауысқан да достарына қасына барсын.

Сауысқанның тапсырмасы есептердің шешуін табыңдар дейді.

«Бұтақта үш  торғай отыр еді,оған үш торғай келіп қосылды.Неше торғай болды?»(6)

«Менде бес алма бар еді, оның екеуін Әлімге бердім.Неше алма қалды?(3)

4 – тапсырма.

  • Қандай құс ұшып келді?(Үкі)
  • Үкінің көзі түнде жанады екен.Көздері қандай?(Дөңгелек)
  • Үкіде ағашқа барайын,дейді.
  • Онға дейін санайтын сергіту сәтін білесіңдер ме?

    Бір дегенім – бесік.

                                                                 Екі дегенім –есік.

 Үш дегенім –үйің.

        Төрт дегенім - тиын

      Бес дегенім –бақша.

         Алты дегенім – ақша.

       Жеті дегенім желке.

        Сегіз дегенім – серке.

             Тоғыз дегенім – таңдай.

    Оқушысың қандай?

       Он дегенім – орман.

 Еліңе бол қорған.

  • Үкіге санамақтарың ұнады,өйткені көңілді отыр.

 

5 – тапсырма

-   Қандай құс ұшп қонды, ағашқа?(Қарлығаш)

 

1.Карточкадағы тарпсырманы орындау.Салыстыру үлкен ,кіші, тең таңбаларын қою керек.

  1. Карточкадағы тапсырма.Қосу, азайту таңбаларын қою керек.

- Қарлығаш сендермен  жаттығу жасағысы келеді, қанаты талып қалыпты.

  - Саусаққа арналған сергіту сәті.

 

                                                  Оң қолымда бес саусақ.

                                       Сол қолымда бес саусақ.

                                       Беске бесті қосқанда,

                                             Болады мнеде он саусақ.

6 – тапсырма.

  • Тағы бір құс ұшып келді.Қандай құс? (Бүркіт)
  • Бүркіттің суретін қайда көрдік? (Туда)
  • Бүркіт қандай құс?(Б-ң жауабы)

Бүркіттің  тапсырмасы, геометриялық пішіндерді ажырат.

Үстелде жатқан пішіндердің біреуін алып, көрсетіп, таныстырып,тақтаға ағашқа  апарып іледі.

  – Балалар, осы пішіндерден не шықты? Бұл ұя, құстарға, берген сыйлығымыз,оларға бізге  көмектескені үшін.Құстарды әрқашан қорғау керекпіз,оларды ренжітпеу керек.

-Ал, торғай, қарлығаш, сауысқан, үкі , бүркіт бәрін бір сөзбен не деп айтамыз?(Құстар)

- Дұрыс, құстар дейміз, жарайсыңдар балалар.

- Құстар да сендерге қуанып қалды, сендер олардың барлық тапсырмаларын орындадыңдар.

Қорытынды.

  • Балалар,бүгін сабаққа жақсы қатысып, тәртіптерін де жақсы көрсеттіңдер.
  • Ендеше сендерге , сабаққа жақсы қатысқан балаларға Тапқышбектің сыйлығын тапсырайын.
  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, Тапқышбек, құстар бізге риза болды ма?

(балалардың жауабы)

  • Енді қонақтармен орнымыздан тұрып қоштасайық.

ID: 7473 | Просмотров: 3388