Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Балабақша

Оқып, жазуды үйренуге дайындаламыз

Оқып, жазуды үйренуге дайындаламыз

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Оқып, жазуды үйренуге дайындаламыз

Тақырыбы: Оқып, жазуды үйренуге дайындаламыз

Мақсаты: Білімді ұрпақ тәрбиелеуде ата-ананың маңыздылығын түсінетін болады

  1. Ата-аналар баланы оқуға, жазуға үйретуде берілген нұсқауларды қолданады
  2. Балабақшадағы оқыту үрдісімен үй тәрбиесіндегі оқытудың айырмашылығын салыстырады
  3. Ата-ана баланың сауатты болып қалыптасуына түсіністікпен нақты әрекетке тәрбиеленеді.

Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау

Типі: Жаңа білімді меңгеру

Әдісі: ББҮкестесі, идеялар жинау

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

  1. Құралдар: А4 форматты қағаз, қалам, фломастер
  2. Көрнекіліктер: нақыл сөздер, нұсқаулықтар, үлгі жазбалар

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет жоспары

Ұйымдастыру кезеңі: ата-аналарды жұппен отырғызу

Тақтаға ББҰ кестесін ілу

І. Қызығушылығын ояту

Таңғажайып сәт.

 

Ата-аналар «Күн шуақтарынан» тілектер  алып, оқиды

Құрылымдалған шолу

-Бүгін біз баланы оқып, жазуға үйрету, ынталандыру, сауаттылыққа дамытудағдылары туралы білетін боламыз. Келешек ұрпағымыздың білімді, сауатты болып өсуі үшін біз қандай іс-әрекеттер жасағанымыз үшін ойланайық. Баланың оқып, жазуға қалай үйретуге болатыны туралы не білесіз немесе небілемін деп ойлайсыз? (ата-аналарға ББҰ кестесін тарату) 2 минут ішінде білгендеріңіздің тізімін жасап шығыңыз. Енді жұбыңызбен 3 минут ішінде ой бөлісіп, өздеріңіздің жазғандарыңыздан үш мысал келтіріңіздер.

Педагог тақтадағы ББҮ кестесінің бірінші бағанын әр жұптың маңызды деген идеяларымен толтырады.

  • Сонымен біз баланы оқуға, жазуға үйрету жолдарын көп біледі екенбіз. Бірақ тағы не білгіміз келеді?( ата-аналар жұптарымен 3 минут ішінде сұрақтар дайындайды) Бұл сұрақтар ББҮ кестесінің екінші бағанына жазылады.

ІІ. Мағынаны тану

Бала үшін ата-ана алғашқы және негізгі ұстаз болып табылады. Алайда, бұл сіздің ресми қатынаста болу керек дегенді білдірмейді. Сіздің үйіңіз балаңыз үшін мектеп. Мұнда үйренуге болатын заттар жетерлік. Балалар қолына түскен заттармен (бос қорап, матаның қиындысы т.б.) ойнай береді. Ойын барысында пайдаланылған заттар дүниені танып білу құралы болып табылады. Балаңыз кез-келген іс-әрекетті сізбен бірге шабыттанып орындайды. Оны күнделікті жасайтын істеріңізге тарту арқылы дамуын ынталандырасыз. Мысалы: сіз шұлықтарды жуғанда кептіру үшін бір - бірлеп ілесіз. Ал бала үшін  еліктіретін  ойын. Шұлықтарды түсіне қарай жұбымен қою бала үшін қызық. Міне, осыдан түстерді ажырату дағдысын меңгереді. Көптеген адамдар оқыту мектептен басталады деп ойлайды. Бірақ қазір мектепке дейінгі ұйымдарда және отбасында балалар оқу және жазу дағдыларын меңгеруде. Балабақшадан бұл дағдыларды меңгерген бала мектепке барғанда сауаттылықтың жоғарғы сатыларын тез үйренеді.

Ақыл-ой қабілетіне қатысты зерттеулер кітапты дауыстап оқып бергенде баланың тез оқып, үйренетінін көрсетті. Кітапты дауыстап оқу- балаға оқып үйретудің керемет және қуанышты жолы. Балаға өзінің тілегінсіз әріптерді, сөздерді, сандарды, фигураларды танып білуді үйретудің қажеті жоқ. Бұл процесті ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы: балаға ұйықтар алдында ертегі оқып, кітаптың бетін парақтауға, аударыстыруға, суреттерін көруге рұқсат беріңіз. Мәтінді немесе ертегіні оқығанда саусағыңызбен жүргізіп отырыңыз. Егер үйіңізде кітаптар болмаса, әңгімелеуге болады және дауысыңызды өзгертіп отырыңыз.

Сауат ашудың басты мақсаты тек жазу мен оқуға үйрету емес, баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын арттыру. Оларды мектепке психологиялық жағынан даярлау. Балабақшадағы ересектер тобында балалар дыбыстарды саналы түрде ажыратып, дыбыстардан сөз, сөздерден сөйлем құрай алатын болады. Әр сөздерге дыбыстық талдау жасалады. Артикуляция тәсіліне ерекше көңіл бөлінеді. Балабақшада баланың әрбір даму сатысында жаңа игерген дағдыларын бекітіп отыру үшін оларды мақтап және мақұлдап отырылады. ( ата-аналарға нұсқаулықтар тарату)

ІІІ. Ой толғаныс

  • Сіз кестедегі сұрақтардан басқа ақпаратты кедестірдіңіз бе? Ондай ақпарат болса, ББҮ кестесіндегі «Үйрендім» кестесіне толтырамыз Жауапсыз қалған сұрақтарды бірге белгілейміз.

ІV. Кері байланыс парағы

  1. Сіз оқушы ретінде не сезіндіңіз?
  2. Сіз мұғалім ретінде- педагогтың іс-әрекеттері қандай болды, пайдаланылғант стртегиялары бойынша қандай сұрақтар туындады?

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы:

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Балабақша | Қосты: Eskali (26.01.2015)
Көрсетілім: 1109 | Ілмек сөздер: Оқып, үйренуге, жазуды, дайындаламыз | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 47
Қонақтар: 47
Тіркелгендер: 0