«Наурыз-көктем, жыр-думан»

«Наурыз-көктем, жыр-думан»

  Мақсаты:

- наурыз мейрамының қазақтың жаңа жылы екендігін түсіндіру, наурыз туралы мағлұмат беру;

- балаларды халқымыздың дәстүріне, ұлағатты сөздерінің мәніне қарай жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу;

- балаларды елін, Отанын сүюге, жерін қорғауға, қазақтың ұлттық тағамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: ұлыстың ұлы күніне арналған плакаттар, киіз үй, ұлттық тағамдар.

    Барысы:

 Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Әні мен сәні жарасқан «Наурыз-көктем, жыр-думанға» қош келдіңіздер! Көктем - табиғаттың жаршысы секілді. Ол-бәрімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын тамаша мезгіл.

  Наурыз тойы – мерекесі ұлтымның,

  Берекесі ырысы мен құтымның.

  Тәуелсіздік думанымен бір келген,

     Ұлы күні, ұлыс күні жұртымның,- дей отырып, сіздерді 22-наурыз «Ұлыстың   ұлы    күнімен» құттықтаймыз!

      Құттықтау сөз кезегі балабақша  меңгерушісі  Меденова  Жаңагүл

апайға беріледі.

Жүргізуші:

Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгендей жаз әуені

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызың құтты болсын, Қазақ елі!, - Наурыз мерекесіне арналған өлең жолдарына кезек береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұрай:

Көктем, көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып біз қаламыз,

Әнімен қарсы аламыз.

Салтымызды жаңғыртып

Наурыз тойын тойлаймыз.

Санжар:

Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы - жыр аңыз.

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

Айымжан:

Қош келдің, Наурызым, ардақты.

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе берсін жаңарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Диас:

Тақпақ айтам атасы

Құлақ салып тыңдашы.

Бар балаға өзіңдей,

Тыныш өмір сыйлашы.

Нұрқанат:

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамына халықтың.

Инабат:

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салайық бәріміз,

Би билейік бәріміз.

 

 

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп жер бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Қазақтың ұлттық биі  «Қамажай».

Жүргізуші:

Әнші, биші, ақынбыз,

Елім тапқан жарасым.

Думандатып жатырмыз

Қазағымның даласын.

Ән: «Наурыз»

Жүргізуші: Қазақ халқының бұрыннан келе жатқан саалт-дәстүрі бар.

Солардың бірі «Бесікке салу». (Әжеміз бесікке салуды көрсетеді).

Жүргізуші:

Наурыз – шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейміз бәріміз,- деп, тобымыздың биші жігіттерін «Қара жорға» биімен ортаға шықырамыз.

Жүргізуші:

Ау, жараңдар, жараңдар

Қызыққа мына қараңдар.

Ұлыс күні жаңаша

Болыпты бір тамаша.

Көрініс: «Алдар Көсе»

Бір күні Алдар Көсе жаяу келе жатса, алдынан салт атты адам шығыпты. Амандық, саулық сұрасқаннан кейін:

  - Атың кім?

  - Атым Алдар.

  - Әй, сен әлгі алдайтын Алдармысың? Қане, мені алдашы!

  - Ойбай, алдайтын ала таяғым үйде қалып қойыпты. Атыңды бере тұршы алып келейін.

Әлгі адам Алдарға атын береді.  Алдар атқа шыға бере:

  • Алдаған деген осы болады, қош бол!- деп шаба жөнеледі.

Әлгі адам алданғанын сонда ғана біліп, санын бір-

ақ соғады.

Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»

 Шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. Сызық бойына  арқан тасталады. «Үш» деген кезде 2 топ ойыншылары өз жағына тартады. Қарсыласын сызықтан асырғанша тартқан топ жеңеді.

Әже: (қолында тостағаны бар)

Ау, апалар, даналар!

Айналайын балалар!

Тоя ішсін деп тамсанып,

Тоғыз түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім

Бал көжеден татыңдар,

Көктем Наурыз тойында.

Дидар: (Бата береді)

Дастарханға береке берсін!

Бастарыңы мереке берсін!

Астарыңа адалдық берсін!

Дендеріңе саулық берсін!

Автор:

18
Декабрь
0
1880

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.