Сайт учителя начальных классов
.
Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Мамандықтың бәрі жақсы

Тақырыбы:Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты   

                 ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, еңбекке деген қызығушылықтарын   

               ояту, үлкендердің  еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Көлік, мамандық туралы білімдерін  

               тиянақтау.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешу  

               арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сәйкестік тесті, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, ойынға қажет құралдар, көлік, мамандық түрлері.

Сабақтың барысы:

 

Бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Достар  бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан да біргеміз!

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес!

-Балалар, қазір бізде қандай сабақ ?

 

 

Дөңгелене тұрып Е.Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өлеңін қимыл-қозғалыспен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

-          Тіл дамыту сабағы.

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

-Балалар, мына суреттерде кімдердің  және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?

-Олар не істейді ?

 

-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ?

Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма?

-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?

 

 

Сергіту сәті:

Қане, кімнің бойы ұзын ?

Паравозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқар да.

Пыш – пыш, пыш-пыш,  біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма, бірің де.

Пыш – пыш, пыш-пыш,  біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Ал, паравоз тоқтайық, пыш.

Жұмбақ шешіп көрейік

1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе,

   Аузынан жалын шығар будақ күйе.

-Ал, балалар, пойызды кім айдайды ?

 

2.Сымға асылып,

   Жүр асығып.

-Троллейбусты кім жүргізеді ?

3. Құстан аумайды,

    Көкте зулайды.

-Ұшақты кім жүргізеді ?

-Көліктің тағы қандай түрлерін білесіңдер ?

-Енді мына аспазшы, ұста, тігінші  туралы кім өлеңдер біледі екен ?

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?»

Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.

-Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген мамандық иелеріне қажетті заттарды тауып, сәйкестендіреді.

 

-Аспазшы, мұғалім, құрлысшы, жүргізуші

 

-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

-Егінші, дирменші, сатушы, кітапханашы,   есепші, әнші, биші жайында әңгіме құрастырады.

 

-Балалар Ж.Смақовтың «Паравоз» әнін бірге қимыл-қозғалыспен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-          Пойыз

-          Машинист

 

 

-          Троллейбус

-жүргізуші

 

-ұшақ

- ұшқыш.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Балалардың өлеңдері тыңдалады.

 

 

-          «Кімге не керек?» дидактикалық ойынын ойнайды.

 

Дәптерден сәкестік тестін орындайды.

Рефлексивтік - түзетушілік

Д/о : «Кім болам ?»

Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер.

-Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек.Осындай жұмыстарды кімдер жасайды ?

-Иә, біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек екен.

-Ендеше еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі.

-Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен ?

-Дені сау, білімді, еңбекқор болу керек.Еңбек етпеген адамдар жалқау, енжар адамдар.

Балаларды бағалау.

-Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалап, мақтап, мадақтаймын.

 

-Слайдта берілген мамандық иелерін алып, әңгімелейді.

 

 

 

-          Үлкен аға, апалар, әке-шешелер.

 

-Балалар мақал – мәтелдер айтады.

 

 

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

 

-Сабаққа қатысқандары үшін бағаларын алады.

 

 

ID: 8004 | Просмотров: 4046