Сайт учителя начальных классов
.
Әлеуметтік орта

Әлеуметтік орта

                                    Әлеуметтік орта

 

   Тақырыбы: Дәрігерге қонаққа барғанда

   Мақсаты: Күз мезгілі тура түсінік беру. Дәрігер туралы жұмбақ, өлең, сұрақтар арқылы балаларды байланыстыра сөйлеуге сөздік қорын дамытып есту қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.

   Көрнекілік: Дәрігер бұрышы, күз мезгілінің суреттері.

  Сабақ барысы: балалар бізге қонақтар келіп отыр, Қонақтармен амандасайық.

  Балалар: Саламатсыздарма?

  Тәрбиеші: Шеңберге тұрып бір-бірімізге қуанышымызды жеткізейік.

  Балалар:     Біз қандаймыз қандаймыз

                     Шұғылалы таңдаймыз

                     Күлімдеген күндейміз

                     Ренжеуді білмейміз

                     Қуанамың менде

                     Қуанасың сенде

                     Қуанайық достарым

                     Арайлап атқан күнге

                   ( Қол шапалақтап «алақай» дейді)

  Тәрбиеші: Балалар адамдардың көңілді, күліп жүруі неге байланысты.

  Балалар: Денсаулыққа байланысты.

  Тәрбиеші: Олай болса біз дәрігер апайға қонаққа барайық.

  Балалар: (Дәрігер апаймен амандасады) саламатсызба?

  Дәрігер апай: Саламатсыздарма балалар.Жағдайларың қалай, еш жерлерің ауырмайма? Балалар дені сау адам бақытты адам. Олар қысы, жазы шынығады. Қыста шаңғы, коньки тепсе, жазда доп, асық, ақ серек-көк серек т.б. әр түрлі ойындар ойнайды.

  Тәрбиеші: Балалар біз ауырмау үшін әр түрлі жаттығулар жасаймыз.Таза жуынып жүруіміз керек.Жемістерді, көкіністерді жуып жеуіміз керек.Әйтпесе әр түрлі мейкроп кіріп  ішіміз ауырады. Содан кейін бізді қайда апарады?

  Балалар: Дәріханаға дәрігер апай, ағайларға апарады.

  Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.Ауырып қалғасын бізді тыңдайды инемен шанышады.

  Тосын сәт: Жолқаубек кіреді ( ішке кіріп аңтаң қалады).Мен сабаққа келдімба десем қайда кіріп кеттім. Сендер кімсіңдер?

  Балалар: Бұл балабақша.Біз «Балдәурен» тобының бүлдіршіндеріміз.

  Тәрбиеші: Жалқаубек сен адасып кеткенге үқсайсын.Сенің үстің кір-кір екен.Балалар осылай жүруге болады ма?

  Балалар: Жоқ олай жүруге болмайды, таза жуынып жүру керек.

  Тәрбиеші: Балалар мен жұмбақ жасырайын сендер Жалқаубекке көмектесіп шешуін табыңдар.

 

 

                                Ертемен күнде сенде

                                Бетіңді үйкесең

                              Кетіп кір ласың

                              Тап – таза боласың.Бұл не?

  Балалар: Сабын

  Тәрбиеші:       Иілсең иіліп,

                         Түгілісең түгіліп

                           Қарайды кісіге

                         Ұқыпты ісіңе.Бұл не?

  Балалар: Айна

  Тәрбиеші:       Шошынған баланы

                         Аймалап алады

                         Сүртеді қолында

                         Сүртеді жолында.Бұл не?

  Балалар: Сүлгі

  Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Тазалық жайлы кім өлең оқиды.

  Дәулет:    Іш ауырса тіс ауырса

                   Анам дәрі береді.   

                   Барлық ана, барлық бала

                   Оны жақсы көреді.

  Жалқаубек: Мен енді  таза жүремін, жуынып жүремін.Балалар сендермен дос болайыншы.

  Тәрбиеші: Жалқаубек біздің балалар өте таза өте тәртіпті.Сен балалармен бірге ойна.

  Қимылдық ойын: «Күн мен бұлт»

  Тәрбиеші: Дәрігер апай бізге қандай кеңес берер екен.  

  Дәрігер апай: Балалар сендер өте таза жүруге, күн салқын болған кезде кейініп жүрулерің керек.Әр түрлі жаттығу жасаңдар.( Балаларды тыңдап, тексереді).

  Тәрбиеші: Ал балалар Жалқаубекті сабағына шығарып салайық.

  Қорытынды: Өте жақсы қатысып отырған балаларды жеке-жеке мадақтап қортындылау.       

ID: 7432 | Просмотров: 2954