Сайт учителя начальных классов
.
Халықтық  педагогика  арқылы баланың сөздік қорын,қимылын дамыту

Халықтық педагогика арқылы баланың сөздік қорын,қимылын дамыту

Халықтық  педагогика  арқылы баланың сөздік қорын,қимылын дамыту

3-слайд

Мақсаты: Балаларға ұлттық ойындар арқылы мемлекеттік тілді меңгертіп, сөздік қорларын дамыту, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт - дәстүрін таныстыру

4-слайд

   Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады.

Алғы сөз

 Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады.

5-слайд

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай,ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.

 Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

Мектепалды даярлық тобында кез келген пәнде топқа бөліп, жарыс түрінде: «Қыз қуу», «Бәйге», «Сиқырлы қоржын» т.б ойнатуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесін құрауға, ұйқастыруға дағдыландырады.

Математика  сабағында ұлттық ойындарды пайдаланып, өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында жарыс сабақ өткізуге болады.

3-топқа бөлемін: «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар».

6-слайд

1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер.

1.Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)

2 Аулада 3 үйрек,

Қорада 1 үйрек.

1 үйрек тығылды,

1 үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (2)

3.Табақта 5 алам,

Қолымда 2 алма.

Қосқанда барлығы,

Болады неше алма? (7)

7-слайд

2-тапсырма: «Ханталапай» ойыны.

Талапай-ау талапай,

Табылды ойын алақай!

Асықты алға шашамыз,

Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземіз.

8-слайд  Ребус

9-слайд

3-тапсырма: «Ақсүйек» ойыны.

Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады.

10-слайд

4-тапсырма: «Көрші-көрші» ойыны.

Шарты: балалар қолдарына цифрлар жазылған текшелерді алып, бөлме ішінде жүреді. Мұғалім белгісімен өз көршісін табады.Алдыңғы және

 артқы көршісін табу

11-слайд

5-тапсырма: «Теңге ілу» ойыны.

Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру . Әрбір тапсырма берілген кезде ойынның негізгі халық арасындағы шарты таныстырылып отырады.      

         Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Дене шынықтыру сабағында  бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.

Сергіту сәті ретінде қолданылатын ойындар

 Күш сынаспақ

 Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тіреп, қол бастарын айқастырады.Кім білекті столға жықса, сол бала жеңіске жетеді.

Жығыспақ

  Арқан тарту.

 Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады

 Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.

 Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.

 

 Қыз –қуу

 Мектеп жасына дейінгі  кішкентай балалардың  зейін көлемі өте тар деңгейде  болғандықтан, ойын мазмұны да  шағын болып келеді.  Ал, мектеп жасына дейінгі ересек балалардың зейін көлемі  кішкентайларға қарағанда едәуір деңгейде  дамитындықтан,  ойын мазмұны да сан алуан.  Ойын мазмұны түрлене түскен сайын балалардың  ойынға зейінділік танытуы арта түседі.

          Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген  сөзі тегіннен тегін  айтылмаған. Яғни ұлттық ойындар тәрбие құралы ретінде туған. Ұлттық ойындардың басым көпшілігі мазмұны жағынан  ертегі, әңгімеге жақын болып  келетіндіктен, бала зейінін бірден өзіне тарта алады. Осыған орай жасөспірімдер ойнайтын қазақтың ұлттық ойындары баланың жас ерекшеліктеріне  байланысты әрі қысқа, әрі нұсқа  болып келеді.

Көркем әдебиет, Айнала қоршаған ортамен таныстыру, Тіл дамыту,Музыка  пәндерінде де ұлттық ойын түрлерін көптеп ұйымдастыруға болады.

         Мысалы, «Даусынан таны», «Кім сені түртті?» т.б.  ойындар бала зейіні сөнбей тұрған кезде  жылдам жауап беруді  талап етеді.

Қазақ халқында жиын той кезінде әртүрлі ойын түрлері ойналған. Мысалы «Бесікке салу немес Музыка пәніндегі бесік жыры» тақырыбын өту барысында осындай ойын түрлерінің бірнешеуін ойнатуға болады. Мыс: «Қыз қуу», «Сақина тастамақ» т.б.

16-слайд

Білім саласы «Қатынас»

 Білім бөлімі Тіл дамыту, қоршаған орта, ән-саз

Тақырыбы «Ұлттық бұйым-бесік»

Мақсаты

  1. Бесік туралы жалпы ұғым беру. Бесік жабдықтарының атауымен таныстыру.Жубату әндеріне түсінік беру.
  2. Салт-дәстүрдің бүгінгі күнде қолданылуы, пайдасы, сұрақ –жауап арқылы тіл байлығын дамыту
  3. Ұлтжандылықты, өнегелі сөздерді бойына сіңдіру, бөпеге деген сезімді өз ана тілінке жеткізіп, қамқорлық танытуға тәрбиелеу

 Сөздік жұмыс: Сөздерді мағынасы бойынша дәл қолдана білу, анық,айтып өз ойын дұрыс құрылған сөйлемдер арқылы жеткізу

 17-слайд

Көрнекілік: Ұлттық бұрыш. Бесік, жабдықтары.Ұлттық киімдер

Бүгін   әже  бізге  ұлттық  бұйым  -бесікпен  таныстырады.

Әжей балаларға  бесіктің  қолданылу  тәртібі  жайлы  түсінік  береді

Бесік  жабдықтарының  атауларымен таныстырады.

Әже  таныстыра  отырып,  бесікті   іс  жүзінде  қалай пайдалану  керектігін  көрсетеді. Бөпе  бөленді.

-Енді бесікті  жайлап  тербете  отырып,  жұбату  әндерін  айтамыз. Олар  өте  көп,  себебі  қазақ бар  жақсыны  балаларға  арнаған.Бесікке  байланысты  ырым  сөздер  де  көп

18-слайд

 

«Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», «Ақсүйек», «Тоғызқұмалық», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны   байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі – «Он бір қара жұмбақ». Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы балаңың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету,тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес  дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.

Балалар ойынында кейде  өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.       

 Ал, балалар ойнайтын «Ақ сандық, көп сандық» ұлттық ойыны барысында  айтылатын өлеңнің  мәтініне назар аудару,  өлең аяқталысымен орнынан  тез тұрып кету, қарсыласын арқалай жөнелу т.б. әрекеттерге зейінін  неғұрлым тез аудара  білулері керек. Ұлттық ойындардың басым көпшілігі  жан – жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар болып келеді. «Ақ байпақ», «Көк сиыр», «Соқыр теке», «Түйе,түйелер» т.б.

         Әрбір ойын элементтері   ұлттық ойындардың тақырыбына, мазмұнына байланысты  логикалық байланыста  болып келеді. Ұлттық ойындардың  логикалық байланыста болып келуі зейін көлемінің өсуіне септігін тигізеді. Халық арсында көп тараған «Мысық пен тышқан», « Үлек пен тайлақ» ойындарын алсақ, мысықтың тышқанды, үлектің  тайлақты  қуып ұстауымен ерекшелінеді.  Мысық немесе  үлек   рөлінде ойнап жүрген баланың бар назары  тышқанды немесе тайлақты ұстауға ауады.        

19-слайд

Қорытынды

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.

 Осыдан келіп ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м  ж а с а л а д ы :

 а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.

 ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

 б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.

 в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

20-слайд

 г) е ң б е к  т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

 д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

21-слайд

Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!

ID: 8159 | Просмотров: 3028