Сайт учителя начальных классов
.
Ертегі елінде

Ертегі елінде

 Ертегі елінде

Білім беру саласы: «Қатынас»;«Әлеуметтік»;«Таным»; «Шығармашылық»

Бөлімі: «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Математика», «Мүсіндеу», «Ән».

Тақырыбы: Ертегі елінде

Мақсаты:Жыл бойы алған білімдерін тексеру,пысықтау.Ой шапшаңдығын,тіл байлығын,сөздік қорларын дамыту.Диалог түрінде сөйлеуге баулу.Бауырсақтың бейнесін дәстүрден тыс әдіс бойынша жасау.Мүсіндеуде балалардың ұсақ қол моторикасын жетілдіру.Балаларды ептілікке,ұқыптылыққа,адамгершілікке,достыққа,еңбек етуге баулу.

Көрнекілігі:ертегі суреттері,ертегі қуыршақтары (аю,түлкі,қасқыр,қоян ),геометриялық пішіндер.

Құрал-жабдықтары:тұзды қамыр.

Сөздік жұмыс:Достық,еңбек,қамыр.

Билингвистикалық компоненттер:Ертегі-сказка

Қоян-заяц

Аю-медведь

Қасқыр-волк

Түлкі-лиса

Инклюзивтік әлеумет:Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға жағдай туғызу,көмектесу,сұрақ-жауап арқылы әңгімеге тарту.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Жанұяның

қатысуы

Мотивациялық

Қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тосын сый:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

 

Шаттық шеңбер.

Қандай жылы күншуақ,

Балапандар жүр шулап,

Қызығына қараймын,

Бір,екі,үш деп санаймын.

-Балалар сендер таңертең оянғанда терезеден бірінші нені көресіңдер?

-Күнді көргенде қалай қуанамыз?

-Күн бізге не береді?

-Күн қайда орналасқан?Жоғарыда ма,төменде ме?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде неше ай бар?

 

-Жарайсыңдар балалар!Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Ертегі қалай басталады?

 

 

Ойын: «Сөйлемді аяқта»

Орыс ертегі елінен әже келеді.

Әже:-Балалар мен бауырсақты іздеп келіп едім.Көрдіңдер ме?

Тәрбиеші:-Балалар  әжеге көмектесеміз бе?

-Олай болса есімізге түсірейікші,бұл қай ертегі?

-Ертегіде бауырсаққа қандай жануарлар кезігеді?

Тіл жаттығу.

Ян-ян-ян секіріп шықты қоян.

Осы кезде қоян:-Сәлем балалар!

 

 

Қоян:-Менің 3 тапсырмамды орындасаңдар айтамын.

(Математикалық тапсырмалар )

Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр.

 Қасқыр:-Балалар «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін білесіңдер ме?

 

Ю-ю-ю қорбаңдайды аю.

Аю:-Ұйқымды аша алмай тұрмын.Мені бір сергітіңдерші.

Сергіту сәті: «Ормандағы аю...»

Кі-кі-кі күліп шықты түлкі.

Түлкі:-Қарным ашқан сол жеп қойып едім,кешіріңдерші мені?

Тәрбиеші:-Балалар түлкіні кешіреміз бе?

Достық туралы мақал-мәтел:

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:Ендеше балалар, орнымызға отырып,әжеге көп бауырсақ дайындап берелік.

(әжені төрге отырғыздырамыз)

Тәрбиеші жеке нұсқау береді,әдіс-тәсілін көрсетеді.Жұмыс ортасында саусақ жаттығуы.

Әже балабақша асханасына  қоңырау шалып,бауырсақтарды пісіріп беруін сұранады.

 

Балалар сәлемдеседі.

 

 

 

 

Балалар қимыл қозғалыспен шаттық шеңберді қайталап жасады.

 

-Күн.

 

-Алақай!

-Жылу ,жарық.

-Жоғарыда.

 

-Көктем.

-3ай бар: наурыз, сәуір,мамыр.

-Ия.

 

-Ерте-ерте ертеде,ешкі жүні бөртеде.Баяғы заманда.

Балалар қызыға ойнады.

Балалар сәлемдеседі.

 

 

-Иә!

 

-Бауырсақ.

 

-Қоян,қасқыр,аю,түлкі.

 

 

 

Балалар сәлемдеседі.

-Қоян бауырсақты көрдің бе?

Балалар жауап береді.

 

 

 

Диалог: «Қайдан келдің бауырсақ?» (Әділжан,Сымбат)

 

Балалар қозғалыспен сергіту сәтін жасады.

 

 

 

 

-Иә.

Саида:Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.

Асылжан:Дос болсаң берік бол,досыңа серік бол.

 

Балалар жұмыс алдында алжапқыштарын тағады.

 

 

-Дөп-дөңгелек доп ұстап...

 

Рефлексивті түзету

-Балалар бізге бүгін кім келді?Не үшін келді?

 

-Біз қандай көмек көрсете білдік?

-Қанша бауырсақ дайындадық?

-Бауырсақтың пішіні қандай?

-Түсі ше?

-Бауырсақты неден дайындадық?

-Балалар біз бүгін бауырсақ дайындап,үлкен еңбек  жасадық.Еңбек туралы мақал білесіңдер ме?

 

 

Әже бауырсақ пісіріп әкеледі

-Ертегі елінен әже келді.Бауырсақ іздеп келді.

-Бауырсақ дайындадық.

-Көп.

-Дөңгелек.

-Сары.

-Қамырдан.

Дулат: «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей»

(Нан қоқымын шашпаңдар...)

Әжеге арнап ән «Мен кішкентай баламын»

 

Күтілетін нәтижелері:

Не білді:Нан өмірдің негізі екенін білді.

Не алды:Мақал-мәтел,ертегі арқылы достықтың мағынасын біле алды.

Не істей алды:Бауырсақ мүсінін жасай алды.

ID: 8410 | Просмотров: 3714