Сайт учителя начальных классов
.
Балалар бақшасындағы драматизациялық ойындар

Балалар бақшасындағы драматизациялық ойындар

Балалар бақшасындағы драматизациялық ойындар

Сабақтың  тақырыбы: Балалар бақшасындағы драматизациялық ойындар

Білімділік:  Оқушы студенттердің мектепке дейінгі жастағы баланың негізгі іс-әрекетінің түрі – ойынның дамытушылық қызметі жайлы, соның ішінде драматизациялық ойындардың өзіндік ерекшелігін, тәсілдерін түсіндіру, ойында қолданылатын бейнелеуіш құралдардың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарты бойынша әр жас тобындағы базалық білім мазмұны мен бала дамуының деңгейіне  қойылатын талаптар жүйесін анықтап тәжірибеде қолдана білуге үйрету

         Дамытушылық:

  • Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
  • Әр оқушының тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • Оқушылардың ұжымдасып әрекет ету шешім қабылдау;
  • Өз пікірін дәлелдеу дағдыларын дамыту.  

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, жұбының ойын тыңдап, оны сыйлауға, өз ойын ашық жеткізуге ұжымдық  ойлауға тәрбиелеу 

Кәсіби: Оқушы студенттердің кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, педагогикалық терминдерді дұрыс, тиімді пайдалана білуі,  педагогикалық талаптарды орындай білуі, тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білу қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың түрі:  Жаңа білімді жетілдіру сабағы

Сабақ типі:         Лекция

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту, өзін-өзі тану, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, миға шабуыл, талдау, зерттеу, өзіндік жұмыс,  ойын

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-схемалар, кестелер, тест таратпалары, бағалау фишкалары, негізгі және қосымша оқулықтар.

Оқыту нәтижесінде қалыптастырылатын

Білім:  Балалар бақшасындағы драматизациялық ойынның өзіндік ерекшелігін, балалар өмірін ұйымдастырудағы ойынның атқаратын рөлін, мектеп жасына дейінгі балаларды   жан-жақты дамытып жетілдірудегі ойынның күн кестесіндегі рөлін, оқу бағдарламаларының қызметін; балалар өмірін ұйымдастырудағы ойынның атқаратын рөлін біледі; 

Дағды Педагогқа қойылатын басты талап:  педагогикалық  білім, талдау, зерттеу дағдысы, балалар ойындарына басшылық жасау және оны ұйымдастыру әдістемесін құралдары мен отбасымен жүргізілетін жұмыс мазмұнын, ойынды ұйымдастырудағы тәрбиешінің даярлық жұмыстарын; қазіргі іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалана біледі,

Іскерлік: Теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білу ақпаратты өңдеу, әдебиеттер мен дерек көздерін жинақтау, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасаукөрнекіліктер мен сызбалар дайындайды бала қызығушылығына сай әрекет ете білуді.

 Пайдаланатын  әдебиеттер:

В.И.Ядэшко Мектеп жасына дейінгі педагогика 1982ж С.Әбенбаев Педагогика. 2004ж

А. Меңжанова Мектепке дейінгі педагогика – Алматы; Рауан, 1992ж

Н. Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» -Астана  Фолиант, 2008ж

С.Б.Бабаев Бастауыш мектеп педагогикасы, 2007 ж

С.Бабаев, С.Оңалбек  Жалпы педагогика Астана,  2005ж

Ю.Бабанский  Педагогика  Москва, 1988 ж

Мектепке дейінгі тәрбие дамуының қысқаша очерктер жинағы  1987ж

А.Меңжанова  Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі – Алматы; Рауан, 1996ж 

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

б) оқытушының сабақ мақсатымен,  құрылымымен таныстыруы;

в) оқушылардың және топтардың білімін бақылау, бағалау мақсатында, сабаққа деген пікірлерін білу мақсатында әр топтағы оқушыларға бағалау парағы таратылады. Сабақ соңында кері байланыс парағы толтырылады.  

ІІ.Жаңа мағынаны тану

 

2.1. Тірек-білімді актуалдау

Тақтада: «Нені білемін?» сөзі .

«Миға шабуыл» әдісі

-Құзіреттілік ұғымына түсінік беріңіз

- Еңбек тәрбиесі туралы Н.К.Крупская, А.С. Макаренко пікірі;

- еңбек тәрбиесінің басты мақсаты;

- эстетикалық тәрбие міндеті;

- еңбек тәрбиесінің түрлері.

-эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты;

- кәсби хабардарлық дегенді қалай түсінесіз?

- психология-педагогикалық зерттеулерге сай педагогикалық қабілет түрлерін атаңыз? (дидактикалық, академиялық,перцептивті, коммуникктивті, конструктивті, қолданбалы)

- «эстетика» ұғымына түсінік беріңіз

Сергіту сәті:   Бірінші қатар оқушылары ұйымдастырады

Қане, қане тұрайық                                         Сол жақтағы балаға!

Үлкен шеңбер құрайық                                   Оң жақтағы балаға!

Тұрсақ егер шеңберге                                      Шапалақта шапалақ!

Алақанды ұрайық                                             Шапалақта, шапалақ!  (оқушылар іс-әректпен көрсетеді)

 

                                                                            Оқушының  бағалау парағы

Оқушы аты-жөні: ____________________

 

 

Аты-жөні

Миға шабуыл

Ойлан тап

Ойыншықтар дүкені

Мәтінді  жандандыру

Даналық

ойын

Қорытынды балы

1

2

3

4

5

6

1

МДП

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                             Бағсы:

 

2.2. Тірек білімдерді актуалдау

Кезеңнің дәйексөзі: «Өркениеттіліктің басты міндеті- адамды ойлай білуге үйрету» (Эдисон)

«Білім алу- батылдық, оны толықтыру- даналық,  ал шебер қолдана білу - өнер»

Ойын: «Ойлан тап»

Ойын шарты: Бұл кезеңде сіздерге төрт бағыт бойынша жалпы саны 12 сұрақ қойылады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандарты, Балабақшада оқыту бағдарламалары, Мектепке дейінгі педагогика, Өнер бөлімдері  20, 40, 50 ұпайымен бағаланатын ұяшықтардан тұрады. Ұяшықтың ұпай саны өскен сайын сұрақ мазмұны да күрделене түседі. Топтптар ұяшықты кезектесіп таңдайды, әр сұраққа ойлануға 30 сек.  уақыт беріледі.

 

20

40

50

Стандарт

20

40

50

Бағдарлама

20

40

50

Ойын

20

40

50

Өнер

  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандарты бойынша сұрақтар тізбесі

 

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың  типтері (20 ұпай)  Жауабы:  Мемлекеттік, жекеменшік, ведомстволық, отбасылық.

 

  • Әр жас тобындағы оқу іс- әрекетінің ұзақтығы (30ұпай)

Жауабы:  Ерте жас тобы 7-8 минут; Іші кіші топ 10- 15 минут; ІІ ші кіші топ 15-20 минут; Ортаңғы топ 20-25 минут; Ересектер тобы 25-30 минут; Мектепалды даярлық тобы 25- 30 минут(40ұпай)

  • Педагогика және психологиялық сөздікке сүйене отырып «индикатор» ұғымына түсінік беріңіз (50ұпай)

Жауабы:  Белгілі бір жұмыстың көрсеткіші

 

«Бағдарлама»

  • 6 жастағы бала қандай еңбек дағдылары қалыптасады? (20 ұпай)

Жауабы: Өзіне-өзі қызмет ету,тұрмыстық шаруашылық еңбек, табиғат аясындағы еңбек және жеке ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрін меңгереді.

  • Қатынас білім беру саласындакректірілген оқу іс - әрекеті түрлері. (40 ұпай)

Жауабы:

  • Тіл дамыту
  • Көркем әдебиет
  • Сауат ашу және жазу
  • Мемлекеттік орыс және басқа тілдер.

 

  • Бала өзінің жасын, толық аты – жөнін, балабақша атауын қай жас тобында және қай білім беру саласы бойынша білуі тиісті. (50 ұпай)

Жауабы: Ересек жас тобында, әлеуметтік білім саласы бойынша біледі.

«Ойын»

  • Ойынның құрылымдық элементтері (20 ұпай)

Жауабы: ойынның түпкі ниеті мазмұны,ойын әрекеті, ойын ережесі.

  • Ойынның жұмыстан айырмашылығы неде? (40 ұпай)

Жауабы: жұмыс адамдардың қоғамдық өндіріске, әлеуметтік игілік жасауға қатысу ол ойын ұндай мақсат көздемейді ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мол психикалық күш жұмсауға үйретеді.

  • Бала ойында қандай болса, өскесін жұмыста да сондай болады.Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады. (50 ұпай)

Кімнің пікірі (А. Макаренко)

«Өнер»

  • Наурыз мейрамымен рамазан айында кеңінен айтылатын ән. (20 ұпай) (жарапазан)
  • Көп ішекті шертіп ойналатын аспап (40 ұпай) (жетіген)
  • Қазақтың 1000 әнін жинақтаған автор (50 ұпай) (Затаевич)

Сабақтың тақырыбын беру, кәсіби мамандығымен байланыстыру. Лекция жоспарымен таныстыру:

  1. Ойын –балаларды тәрбиелеу мен дамыту құралы
  2. Драматизациялық ойындардың өзіндік ерекшелігі

Сөздік-визуалды әдіс арқылы, тірек-сызбалар бойынша оқытушының жаңа сабақты баяндауы, түсіндіруі.

Оқытушы сабақты түсіндіру барысында оқушылар ойын есепке алады, түзетеді, толықтырады.

 

Дербес ойлану:    «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын- олар үшін- еңбек, ойын- олар үшін-тәрбиенің ең мықты формасы» оқушылар пікірін тыңдау:

 

Лекция тезисі: Ойын- мектеп жасына дейінгі балалар үшін айналаны танып білу тәсілі Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап – ақ маңайындағылармен қарым – қатынас жасауға ұмтылады, қарым – қатынас жасаумен қоғамдық тәжірибені игерудің қуатты құралы – тілді бірте – бірте меңгереді. Бала ересектер өміріне белсене қатысқысы келеді,бірақ бұл ықылас әлі оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келмесе де олардың қуанышы мен ренішін түсіне отырып,осындай өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады.

 

 

Педагогикада ойын баланың ойын ,тазалығын еркін жеткізудің құралы деп қарастырады

(Ж.Ж Руссо); ойын іс-әректін дұрыс ұйымдастыру баланы әлеуметтендірумен когнитивтік оқытуға негіз болады деген Ф.Фребель, М.Монтессори

            Драматизация ойындарында мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің және т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Олар сюжетті – рольді ойындарға ұқсас: екеуіде құблыстарды, оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым – қатынастарын, т.т шартты түрде елестеуге негізделген, сондай – ақ екеуінде де творчество элементтері бар. Драматизация ойындарының өзіндік ерекшелігі сол, ертегінің немесе әңгіменің  сюжеті бойынша балалар белгілі бір рольдерді атқарады, оқиғалаларды дәл жүйелілікпен жасайды.

              Драматизация ойындарының көмегімен балалар шығарманың идеялық мазмұнын, оқиғалардың  логикасы мен бірізділігін,олардың дамуы мен себептік шартын жақсы түсінеді.Ортақ әсерленумен біріккен балалар үйлесімді іс-әрекет жасауға,өз қалауын коллектив мүддесіне бағындыра білуге үйренеді.

         Драматизация ойындарын өрістету үшін мыналар қажет: балалардың ойынға ынтасын туғызу және дамыту,олардың шығарма мазмұны мен тексін білуі,костюмдердің,ойыншықтардың болуы.Ойынға костюм кейіпкер бейнесін толықтаырады, бірақ ол балаға жайсыз болмауға тиіс. Егер костюм жасауға мүмкіндік болмаса, онда қайсыбір персонажға тән ерекшеліктерін сипаттайтын және элементтерді: қораздың айдарын, түлкінің құйрығын, қоянның құлағын, т.т. пайдалануға болады. Костюмдер жасауға балалардың өздерін тартқан жақсы.

          Тәрбиешінің басшылығы мынада: ол ең алдымен тәрбиелік маңызы бар, сюжеті балалардың игеруіне және драматизация ойынына айналдыруға қиын емес шығармаларды іріктеп алады.

Мектепке дейінгі балалармен ертегіні арнайы жаттаудың қажеті жоқ. Тамаша тіл, тартымды сюжет, текстегі қайталаулар, оқиға дамуының ширақтығы – осының бәрі оны тезірек игеруге көмектеседі. Ертегі қайталап айтқанда балалар оны жадында жақсы сақтайды да, ойынға араласып, жекелеген кейіпкерлердің рольдерін орындай бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен, ишаратпен, ыммен, интонациямен тікелей жеткізеді.

        Драматизация ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек – ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.

Драматизация ойынын өрістетуде, ойынның сипатты белгілерін игеріп, оны рольде ойнап көрсетуге, оған педагогтың өзінің ықылас қойып  ертегіні оқып немесе айтып берген кезде көркемдік әсерлендіру құралдарын пайдалана білуінің зор маңызы бар. Дұрыс ырғақ, алуан түрлі интонация, пауза, кейбір ишараттар бейнені жандандырып, оларды балалағарға жақын етеді, олардың ойнауға ықыласын күшейтеді. Ойынды үсті – үстіне қайталай бастайды.  Драматизация ойынына бір мезгілде бірнеше бала ғана қатыса алады, сондықтан педагог балалардың бәрі де кезекпен қатысып шығатындай етуге тиіс.

       Мектепке дейінгі ересек балдар рольдерді бөлісерде балалардың ынтасын, тілегін ескереді, ал кейде санау қолданады. Бірақ, бұл реттеде тәрбиешінің кейбір көмегі қажет: ол жасқаншақ балаларға құрбыларына игі тілектестігін туғызып, оларға қандай рольді тапсыруға болатынын айтып беруге тиіс. Басқалардың күте – күте жалықпауы үшін, бір мезгілде ойнайтын бірнеше топ ұйымдастыруға, көрушілер мен ойнаушыларды алмастырып отыруға болады.    

А. С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, кейін өскен соң жұмыстада көп жағынан ұқсас болады». В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқандай «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы балаланың рухани сезімі, жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

      «Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады».( А. С. Макаренко).

Ойын- мектеп жасына дейінгі балалар үшін айналаны танып білу тәсілі

          Шығармашыл бала тұлғасын қалыптастыруда ертегіні жандандыру үлкен рол атқарады. Белгілі бір шығарманы оқып, талдағаннан кейін оның мазмұнын ойын, жобалау, эксперименттеу, театрландыру, драмалау арқылы жандандырады. Ертегіні жандандырудың негізгі мақсаты ертегі желісі бойынша кейіпкерлердің өмір сүретін әлеміне ену. Шығарманы кейіптендіру балалардың әдебиетке құмарлығын, артистік шеберлігін, шығармашылық қаблеттерін дамытуға ықпал етеді.                                             Бала қашанда өзінің ойлағанын, қоршаған ортадан алған әсерлерін тірі бейнеге немесе әрекетке енгізуге тырысады. Бейнеге енуде, бала кез-келген ролде ойнап, көргеніне, қызыққанына еліктеп, содан  эмоционалды рахатқа бөленеді. Тәрбиеші мәтіннің мазмұнын жаттанды айтқызудан сақ болуы керек. Мәтін мазмұнын жатқа айту бір сарындылыққа ұласып, бала қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан драмалау әрекетінде импровизация(жанынан шығару) принцпін ұстанған дұрыс. Сонымен драмалау әрекетінде ең маңыздысы- кейіптендіру, образды шығармашылықпен енгізу және іске асыру.

Шығарманы  жандандыру үрдісінде педагог мынадай міндеттерді шешеді:

  • Балалардың ортақ іске жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
  • Баланың жаңа ақпаратты пен әрект тәсілдерді меңгеру тәсілдерін жетілдіру;
  • Баланың ойлауын, мақсатқа жетудегі табандылығын, еңбек сүйгіштігін қалыптастыру;
  • Балалардың шығармашылық ізденісін, қызығушылығын, өз идеясын іске асыруға ынталандыру,

 

2.2. Оқулықпен жұмыс

Өзіндік жұмыс.

  • В.И.Ядэшко Мектеп жасына дейінгі педагогика оқулығы және А.Меңжанова Мектепке дейінгі педагогика, Н Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» оқулығы бойынша «Ойын» тақырыбына талдау, салыстыру жүргізеді. Оқушылар 3 топқа бөлініп жұмыс жасайды
  • Ойындар ғалымдар сөзімен.......
  • Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті. «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын-қашанда жаман ойын. «Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: «жұмыс адамның қоғамдық өндіріс матералдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар. Ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психологиялық күш жұмсауға үйретеді.

 

  • Н. К. Крупская былай деп жазған: Педагогикалық басшылық болмаған жерде балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Қатыгездікке, дөрекілікке машықтандыратын, ұлттық өшпенділікті қоздыратын, нерв жүйесіне жаман әсер ететін, құмарпаздық, менменшілдік туғызатын ойындар бар.

 

  • А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады

 

  • Психолог А.В.Зопорожец былай деді: « Ертегі сиақты, ойында баланы бейнелейтін адамдарының ойы мен сезіміне терең байлауға үйретеді,күнделікті әсер шеңберінен адамның алға ұмтылыстары мен қаһармандық істерінің кең әлеміне шығарады»

 

Кері байланыс

ІІІ. Ұсынылған ұстаздық ұлағаттың мағынасын талдау.

Ойын- бала үшін еңбек, ойын- бала үшін оқыту құралы

 

І тапсырма:    Драмтизациялық ойындарға арналған бейнелеуіш құралдар әзірлеу

ІІ тапсырма:    Түрлі қалдықтардан жасалынған ойыншықты жарнамалау.

ІІІ тапсырма: Әр топ басшысының таңдауы бойынша алынған   «Мақта қызбен мысық», «Алтын балық»,  «Алтын сақа» ертегі желісі бойынша драматизациялық қойылымнан үзінді келтіру.

 

Қорытынды.

 

Ойын                                       «Жақсы – жаман»    

Ойын мақсаты:  Оқушының дұрыс сұрақ  қою, әңгімені жүйелі айту, ойын дәлел-

                               дей білу, анықталған өлшемге сәйкес  нақты шешімге келу,

                                пайымдау, ой қорытындысын жасау дағдыларын қалыптастыру.

 

Ойынның шарты:  Оқушыларға ойын – балалар үшін несімен жақсы?; Ойын

                                    балалар үшін несімен жаман? деген  сұрақтарға жауап бере

                                    отырып қорытынды  ойларын айту.

 

Үй тапсырмасы: Берілген сұрақтарға жауап жазып келу

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті - ойын. Ойынның ерекшеліктері және тәрбиелік мәні. Ойынның тарихи-әлеуметгік сипаты. Қазақстанда ойын теориясының қалыптасуы. (Н.Құлжанова, А.Байтұрсынов, М.Турыскелдина, Т.Иманбеков, Г.Дүкенбаева, Б.Арзанбаева)

  1. ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балалар ойыны туралы зерттеулер (Е.И.Тихеева, Е.А.Покровский, А.П.Усова, Д.В.Менджеринцская, Н.Я.Михайленко, А.К.Бондаренко және т.б).

3.Әр жас тобына арналған ойын жоспарын дайында

ID: 7476 | Просмотров: 3935