Сайт учителя начальных классов
.
Абайла!-көшедегі  кездейсоқ оқиғалар әлеміне саяхат(ойын- пьеса)

Абайла!-көшедегі кездейсоқ оқиғалар әлеміне саяхат(ойын- пьеса)

Еересектер тобына арналған. орындаған әдіскер Мусабаева Кульзайраш Жуматаевна
Тақырыбы:Абайла!-көшедегі кездейсоқ оқиғалар әлеміне саяхат(ойын- пьеса)
Ойын мақсаты:Балалардың жолда жүру туралы алған білімдерін тиянақтау.Көшеде жүру ережесі,көше қиылысы,бағдаршам, жол белгілері қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту.Алға білімдерін іс-жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру.Балалардың зейінді, епті болуға, мейірімділікке,байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Жол макеті,жол белгілері,бағдаршам,жол тәртібін бұзғандардың суреттері,слайд,Айболит атаның үйі қызыл креспен белгіленген.
Әдіс тәсілдер:сұрақ,жауап,ойын ұйымдастыру Ойын барысы.(Екі бала ортаға шығып, тақпақ оқиды)
Жалғайтын достастырып бар еліменен. Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға, Ойынымыз басталсын-сәлеменен!
Арманға алдан күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз, Жол жүру ережесін жақсы біліп,Сақтықпен алға аттаған жас ұланбыз!
Инспектор- тәрбиеші қолына таяғын ұстап,залға кіреді.Сәлеметсіздер ме, құрметті де қымбатты балалар!Егерде сендер өмірлеріңіді,денсаулықтарыңызды сақтағыларыңыз келсе,жолда жүру ережесін сақтап әрқашан абай болуларыңыз керек.Сондықтан жолда жүргенде қойылатын талаптарды қатан орындауымыз керек. Балалар,бүгін күнімізде сендерге мен сәттілік тілеймін.Ол үшін жол белгілері еліне саяхатқа барамыз. Жүргінші мен жүргізушінің, Өзіне тән заңңы бар екен.Балалар біз жол ережелерін еске түсірейік.Жаяу жүргіншілер қай жермен жүруі керек?(Жаяу жүргіншілерге арналған жолмен) Жолдын қай жақ бөлігімен жүрген дұрыс (оң жағымен)Жол белгілеріңсіз, бағдаршамсыз жолда жүру өте қиын екен. Инспектор- тәрбиеші жол тәртібін бұзғандардыңсуреттерінкөрсетіп тұрғанда.Басын ақ шүберекпен танған,бала аю өкіріп, бақырып залға келеді. Зал ортасына аппақ үйі орналасқан іргесінде қызыл крест белгісі және «Шипагер»(Айболит)атаның үйі деген жазу бар.
Инспектор- тәрбиеші Айболит атайға қарап.Ататай қараңыз,мына сұмдықты,Айболит атай: Маймаққа не болған, кім оған тиісті?Неліктен көкпеңбек ісінген бас- көзі?Әлде сен тышқанмен шайқаста жеңіліп,Тұрмысың намысттан қорланып, өкіріп.
Аю:Айтайын мен сізге жасырмай,шынымды, Сақтап қал,аттай жанымыды.Жармасып бал тасыр машиа үстіне,Домалап түстім де,шынғырып құладым.
Айболит: Ендеше еңіреп тұрғанын ұят- ақ, Жол ережесін сақтау керек жан үшін (Аюға көмек көрсетеді.Аюдың басын таңып,дәрі жаққан болады)
Аю (жыланыш дауысымен) Айболит атай, Инспектор мырза енді,ешқашан машинаға жармаспаймын,жол ережесін бұзбаймын. Осы кезде түлкі мен қоян бірдемеге келісе алмай керісіп келе жатады. Қоян велосипедін көтере алмай мықшындап,түлкі аяғын әрең сүйреп,шойнандап келеді.Айболит атай мен Инспектор-тәрбиешіі: Сендерге не болған?Түлкі: Мен өзім жүр едім серуендеп қыдырып, Қоян ғой келді де, мақтанып, Мінгізіп алды да, айдады, Байқамай құладық, бір тасқа соғылып.
Қоян: Сен қашан қоясын алдауды? Өзін ғой мінгіз деп артымнан жармасқан. Айдаушы мен емес, сен едін жүргізген, Маған кеп кінәнді жабасын жалма жан.Айболит атай Инспекторды қасына шақырып алады да екеулеп түлкі мен қоянның жарасын таңып береді де. Айболит атай басын шайқап: Өздерін жол тәртібін білмейсіңдер, Тағы да бір-біріңді кінәлайсыңдар. Инспектор сынақтан өткізбесе, Бұдан былай велосипедке мінбейсіңдер.Түлкі мен қоян: Мақұл, жарайт деп кешірім сұрайды. Осы кезде бір бұрыштан аянышты үніменмияулаған мысық шығады, құйрығы жұлынған.Инспектор:Мысығым-ау айтшы қане не болды саған?Мысық:Ақырын иіліп үзіліп қалған құйрығын Айболит атайға көрсетеді. Айболит атай басын шайқап,мысықтын құйрығын ілгешекпен жалғап,дәкемен танып береді.Мысық мияулап көше жаққа көрсеткендей болады.Мысық: Анау жерде достарым тұр.Футбол тептік,білместікпен дәл көшеге жиылып.Ескертсе де жол тәртібін бұзба-деп,Жүргізуші сақ кісі екен.Әйтпесе қалар едік қырылып.Қақпашы екі әтеш,бірі қолын сындырды,Жүйрікпін деп қасқа құлан машинамен жарысты.Салақтықпен қарап тағыбір құлағын жұлдырды.Осы кезде әр түстан екі әтеш,ақ лақ,қасқа құлан шулап әрең-әреңаяқтарын басып Айболит атайдан көмек сұрайды.ОларғаАйболит атай көмек жәрдем көрсетеді.

Айболит атай:Балаларкөрдіңіздер ме,жолда ойнағанның кесірін.Жол ережелерін бұзғандықтан осындай халге душар болады.Инспектор мырза мына жол тәртібін бұзғандардысынақтан өткізуді өзіңізге тапсырамын. (Залдан Инспектор хайуанатарды ертіп шығып кетеді)
Бағдаршам атребутын киген бала: Тұрамын көшеніің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мүдіріп,ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады, Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. 1.бала : Бағдаршам бәріңе, Бағыт сілтеп тұрады. Мінеді ол кәріне, Жанса қызыл шырағы. 2.бала: Сары көздің жанғаны. Жүргізушіге керегі. Қозғалуға қамдан да. Дайын тұрғын дегені. 3.бала: Жасыл көзі жанғаны, Ең керегі төменгі. Еш нәрсеге алданбай, Тура жүргін дегені. 4.бала: Қыбырлатпай бір адым, Көліктерді топтайды. Жарты минут көп ағын, Тыныстайды тоқайды. (Белгілерді көрсетеді) Тәрбиешіі балаларға адамдар жолдан өту үшін арнайы жол барын,көше қиылысында жер асты өткел,сондай-ақ қай жерден өту керектігін бағытап тұратын ақ жолақ белгі барын да көрсетіп түсіндліреді. Ұшқалақ бала-ұрыншақ,Ойлылық соны ұғынсақ. Машина алдын кеспесек,Майыпбоп уайым шекпесек.Осы тақпақтан соңбалаларға жолда жүру ережесі туралыслайд көрсетіледі.

ID: 9861 | Просмотров: 23