Сайт учителя начальных классов
.
Жұрнақ

Жұрнақ

Жұрнақ

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік Сөз түбіріне жалғанатын қосымшаның түрі жұрнақты меңгерту

ә)тәрбиелік оқушыларды жаттығулар арқылы ұлттық өнерге, еңбексүйгіштікке тәр-биелеу

б)дамытушылық  Сөздерге сұрақ қою арқылы сөз мағынасының өзгеруін анықтатып, жұрнақ түрлерімен таныстыру.

Сабақтың түрі :жаңа білімді енгізу

Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап,көрнекілік.

I Ұйымдастыру бөлімі

Оқушы ережесін айту

II Үй тапсырмасын тексеру

5-жаттығу,129-бет

- Ережені бекіту

Сөз құрамы нелерден тұрады?

Сөз құрамы

Түбір

Қосымша

-Түбір сөз деген не?

-Қосымша деген не?

IIIЖаңа сабаққа кіріспе а) Сөзжұмбақ шешу   (тігінен)

1.а,о,ы,ұ-қандай дыбыстар?

 2.б,в,г,ғд,ж,з-дыбыстары қандай дыбыстар?  3.Дыбыстың таңбасы деген не?

 4.Жазылуы мен айтылуы әртүрлі,мағынасы  бірдей сөздер?

5. я,ю,ё-дыбыстары қандай дыбыстар?

6.Түбірге қосылған бөлшек?/Жұрнақ сөзі шығады.

ә)Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

Еңбексіз өмір жоқ,

 Ауырсыз жеңіл жоқ.

1-жаттығу

1.Жаңылтпашты оқыту

2.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу

Еңбек-ші,өрмек-ші,шахмат-шы

3.Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен қосымша жалғанғаннан кейінгі мағынасын салыстыру

б)Ережені жатта,есіңде сақта! 130-бет

в)”Жұрнақты тап” ойыны  ( Сөздерге сұрақ қойып,мағыналарын салыстырады. )                                                                                                              1.балық+  

2.кітап+

3.ас

4.ғарыш

2-жаттығу

1. « Біздің үй» өлеңін көшіріп жазу

2.Жұрнақ жалғанған сөзді тауып белгілету.Қауыншы, сауыншы,егінші,тігінші.                    г)Кестемен жұмыс      

                     Жұрнақ түрлері

  сөз түрлендіруші                  сөз тудырушы   

 

3-жаттығу

-Берілген сөздерге жұрнақтар қосып жазып,түбір мен жұрнақтарды белгілермен көрсету.

ас –аспаз

сурет-суреткер

ән-әнші

 заң-заңгер

күй-күші

 сәулет-сәулеткер

жылқы-жылқышы

зер-зергер

«Адасқан әріптер»   ойыны ( Әріптерден сөз шығарады.)  мқала-мтәле

5-жаттығу.Мақал – мәтелдерді  жатқа  жаздыру. Жұрнақ  жалғанған  сөздерді   тауып, белгілету.

Өнерлі  елдің  оты  сөнбес.

Ерлік  білекте   емес , жүректе

Саусағы  ұзын  биші  болады

Құлағы  үлкен  күйші  болады.

IV Қорытындылау  «Тиісті жұрнақты қой» ойыны

Қой +

Домбыра+

Егін +

Тау+

Дәрі

Етік+

VI Бағалау.

VII   Үйге тапсырма: 4- жаттығу.  130- бет.

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Қазақ тілі апталығы

Ашық сабақ

Жұрнақ

Өткізген: Ажмуратова.С.У.

 2а сынып жетекшісі

26.01.2012

ID: 5860 | Просмотров: 2951