Сайт учителя начальных классов
.
Қыс

Қыс

Сабақтың тақырыбы: Қыс

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Қыс» мезгіліне тән ерекшеліктерге, табиғат өзгрістеріне сүйене отырып әңгіме құрастыра білуге үйрету.                                                                   Дамытушылық:   Сын тұрғысынан ойлау қабілеті, тіл байлығы дамиды, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасатын болады.Сөздік қорын  байыту,өз ойларын еркін  жеткізе білуге  дағдыландыру, қазақ  тілінде  сөйлемді дұрыс  құрастыру  дағдыларын қалыптастыру.                                                                              Тәрбиелік :   Жыл мезгілдерін сүйіп, қоршаған ортаны қорғауға  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:   Қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, плакат, маркерлер,бағалау парағы.
Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, диалог, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары,ақпараттық  - коммуникациялық  технология, дарынды және талантты балаларды оқыту, бес жолды өлең, синквейн,бағалау, рефлексия.
Сабақтың  барысы:                                                                               Психологиялық кезең. Қызығушылықты арттыру сатысы
Амандасу. 
Шаттық шеңбері 
Армысың, Көк Аспан!
Армысың, Алтын Күн!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, Достарым!
Армысыз,  Мұғалім!
Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру
ІІ. Үй жұмысын тексерукезеңі:
Үйге жаттауға берілген мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды сұрап тексеру. Жаңа сабақ : Қызығушылығын ояту. Жұмбақтарды шешу. «Сөзжұмбақты» шешіп толтыру арқылы қайталау сабағының тақырыбын ашу.
Жұмбақтар: Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
Есіктен кіреді еңкейіп төрге шығады қампиып.
Отқа жанбас, суға батпас.
Балалар «Сөзжұмбақты» дұрыс шештіңдер, олай болса біз бүгінгі сабағымызда  қай тақырыпты қайталап,бекітеміз. Дұрыс.Қыс мезгілі.
Ой жинақтау: «Қыс» сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді? «Қыс» сөзіне топтастыру жасау.Сөздермен сөз тіркестерін құру. 
«Қыс» мезгіліне байланысты сурет салу, кластер жасау өз ойларын жеткізуге жағдай жасау. Салған суреттерін топ алдында қорғау.
«Бес жолды өлең» стратегиясын қолдану арқылы қыз мезгілін қорыту.  Неге ұқсайды? Өзгешелігі неде? Салыстыру.  Қыс ұнайды. Қыс ұнамайды. Ойларын жеткізе білу.
Ой қозғау: Балалар сендердің сөздеріңде қай сөз табы көп қайталанды. Дұрыс айтасыңдар.Зат есім. Олай болса «Зат есімнің» ережесін еске түсірейік. 
1-топ :  Зат есімнің ережесін еске түсіреді.
2-топ:  Зат есімнің сұрақтарын еске түсіреді. 
3-топ : Зат есімнің мағынасына қарай бөлінуін еске түсіреді.
Ережені топтар бір- біріне сұрақ қою диалог арқылы қайталап шығады. Ал енді балалар, қыс мезгіліне қатысты және зат есім, сын есім сөз таптарын қосып сөйлемдер құрап жазады. Сөйлемдерден зат есімді, сын есімді тауып астын сызады.
Грамматикалық тапсырмалар: Шана сөзін тәуелдеу.
Қар сөзін септеу. Оқушы сөзін жіктеу. Шаңғы сөзіне фонетикалық талдау жасау.
Үй тапсырмасы: «Қыс мезгілі» эссе жазу.
Рефлексия : «Венн диаграммасы» стратегиясы  арқылы зат есім мен сын есім сөз таптарларын   салыстыру.
Бағалау  кезеңі: Бағалау парағы.

ID: 3078 | Просмотров: 2403