Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Қазақ тілі

Тіл сайысы

Тіл сайысы

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Сабақтар тақырыбы: «Тіл сайысы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өткен тақырыптар бойынша оқушылар білімін пысықтау, олардың дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық:әр түрлі әдіс түрлерін қолдану арқылы оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақстан елінің жерін, рәміздерін, халық дәстүрлерін сыйлау, мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру, достыққа деген қарым-қатынасын нығайту.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі және әдебиет
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: сұрақтар, суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Құрметті ұстаздар,оқушылар!
Бүгінгі «Тіл сайысы» атты сайыс сабағымыз қазақ тілі және әдебиет пәні апталығына арналады.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Есте сақтау қабілетін дамыту. Сонымен қатар қазақ тілінде жүргізілетін хабарларға оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай кезеңдерден тұрады:
1.Таныстыру
2.Дода
3.Сөз мәйегі-мақал
4.Кім жылдам?
5.Әріптер сайысы
6. Сен білесің бе?
7. Ойлан тап
8. Кім тапқыр?
9. Өнерпаз болсаң...
Әр жүргізілген кезең бойынша шарттары айтылып топтар бағаланып отырады.Сайысты бастамас бұрын топ мүшелері реттік сандарын белгілеп алулары қажет.
Сайысымыздың беташарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық-деп, Қанекей балалар,топтарды қолдап жіберейік.
Сонымен «Жүздің жүзін білгенше ,бірдің атын біл» дегендей алғашқы
кезең «Таныстыру» болғандықтан,сөз кезегін топтарға берейік,
1-топ:Білім тобы,Ұраны:-«Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ
2-топ:Бірлік тобы,Ұраны:-«Бірлік болған жерде тірлік болады»
II кезең «Дода» деп аталады.
Бұл кезеңнің ерекшелігі әр топқа 20 сұрақ қойылады.Топ мүшелері сұраққа тоқтаусыз,жылдам жауап берулері керек.
II-топқа
1.Қазақстанның президенті кім?
2.Наурыз айында неше мереке бар?
3. Қыста не жауады?
4.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
5.Күздің бірінші айын ата?
6.Қазақстан туының түсі қандай?
7.Қазақстанда неше қорық бар?
8.ҚР-нің мемлекеттік тілі?
9.Қазақстан қандай мемлекет?
10.ҚР-ның рәміздерін ата?
11.ҚР-сы неше елмен шектеседі?
12.Ахмет Иасауи кесенесі қай қалада?
13.Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
14.Сөйлем неден құралады?
15.Бір тәулікте неше сағат бар?
16.Барыс септігінің жалғауларын атаңдар
17.Жамбыл Жабаев неше жыл жасаған ақын?
18. «Мұғалім» сөзінің синонимі ?
19.Буын түрлерін ата
20.Мақалды жалғастыр:
Ана сүті бой өсіреді (Ана тілі ой өсіреді)

2-топқа
ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?
Қазақтың үш биін ата
Абай Құнанбаев кім?
Көктемнің бірінші айын атаңдар?
Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?
Жүз жасаған ақын?
Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата
Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
Сын есімнің сұрақтарын ата
Қыс айларын ата
Шоқан Уәлихановтың шын атын ата
Бір жылда неше күн бар?
ҚР-ның әнұранының авторлары кімдер?
«Алғашқы» сөзінің антонимі?
Көптік жалғауларын ата?
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Қазақ қыздарына мектеп ашқан кім?
-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің қай септіктің жалғаулары?
Мақалды жалғастыр:
Ананың сүті-бал (Баланың тілі-бал)
3-кезең Сөз мәйегі –мақал дегендей келесі кезекті мақал-мәтелге береміз. Бұл кезеңде Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтылу керек.
4-кезең «Кім жылдам?» деп аталады, мұнда берілген шашыраңқы сөздереден дұрыс сөйлем құрау. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді.
5-кезең Әріптер сайысы Топтың әр мүшесі әріп таңдап алады, қойылған сұрақтарға жауапты сол әріптен басталатын сөздермен ғана жауап береді.
1-топқа
1. Қандай елде тұрасың?
2. Сенің мектебіңде қандай балалар оқиды?
3. Досың кім?
4. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
5. Әдемі қыздың арманы не?
6. Қайдан келдің?
7. Елтаңбада не бар?
8. Бүгін қандай күн?
9. Сенің көзің қандай?
10. Көктемде нелер ұшып келеді?
11. Сенің анаң қандай адам?
12. Қандай әншілерді білесің?
13. Қазақстан қандай ел?
14. Сәукелені қай кезде киеді?
15. Жігіттер сырға таға ма?
16. Қандай есімдерді ұнатасың?
17. Көмекке кімді шақырасыз?
18. Бір жемісті ата.
19. Бос уақытыңда не істейсің?
20. Жасың нешеде?
21. Әліпбиді жатқа білесің бе?
22. 7 саны неге қасиетті?
23. Достарыңа қандай ән арнайсың?
24. Қандай гүлді ұнатасың?
25. Қазақ тілінде неше септік бар?
26. Наурыз көжеге не қосылады?
27. 1 жылды неше ай бар?
28. Бала оқытатын адам.
29. Қалаға немен баруға болады?
30. Қандай тағамды жақсы көресің?
2-топқа
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2. Мақал білесің бе?
3. Есімің кім?
4. Қандай қаланы білесің?
5. Сенің шашың қандай?
6. Көктемде күн қандай болады?
7. Бір зат есімді ата
8. Сен тұратын қаланы ата
9. Аспанда не бар?
10. Мектеп мұғалімдері қандай?
11. Жазушыларды ата
12. Үйге қашан қайтасын?
13. Досың қандай адам?
14. Сен қандай адамсың?
15. Абзал әнді қалай айтады?
16. Қазақстанда қандай жануарлар бар?
17. Қар қай кезде жауады?
18. Алма тәтті ме?
19. Сыныбыңда қанша оқушы бар?
20. Кім болғың келеді?
21. Жар-жарды қай кезде айтады?
22. Мыстан кемпір мыстан жасалған ба?
23. Жалқауды жүрісінен тани ма?
24. Қай пән ұнайды?
25. Досың көп пе?
26. Қазақ тілінен қандай баға алдың?
27. Қыздар неден қорқады?
28. Қай көшеде тұрасың?
29. Түнде дала жарық бола ма?
30. Қандай сұрағына жауап беретін сөзді ата
6-кезең. Сен білесің бе? деп аталады.
Тақтада берілген 6- ұяшықты сұрақтар мен бейне суреттер бар, берілген тапсырмаларға ойланып, дұрыс жауап беруге тырысамыз.
7-кезең. «Ойлан тап» деп аталады.Бұл кезеңнің шарты екі топқа да бірдей «Бауырсақ» сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.
8-кезең. Кім тапқыр? деп аталады.Бұл кезеңде топ басшылары тақтада берілген суреттерді сөзбен түсіндіреді. Топтың әрбір тапқан жауабы 5 ұпаймен бағаланады.
9-кезең. «Өнерпаз болсаң» деп аталады.
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқтала кейік.
Қорытынды. «Тіл төрдегі елдің - туы өрлі» дегендей мемлекеттік тіліміздің мәртебесін үнемі жоғары көтерейік.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмей өскен әңгүдік
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Оңалбекова Эльмира Сайлаубекқызы

ОҚО Шымкент қаласы №3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Қазақ тілі | Қосты: Адырбекова_Ляззат (13.02.2015) | Автор: Оңалбекова Эльмира Сайлаубекқызы E W
Көрсетілім: 1262 | Ілмек сөздер: сайыс, Тіл, Қазақ, мәртебе | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 59
Қонақтар: 59
Тіркелгендер: 0