Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Қазақ тілі

Тіл сайысы

Тіл сайысы

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Адырбекова Ләззат Нұрғалиқызы . ОҚО Шымкент қаласы . №3 Ұлықбек атындағы . жалпы орта мектебінің . қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тіл сайысы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой – өрісін, білім деңгейін кеңейту. Дамытушылық: Түрлі әдіс – тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет және музыка өнері. Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Сабақтың көрнекілігі: суреттер,интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде жүрсең де бұл дұрысы, Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалім кіріспе сөзі: Құрметті әріптестер,оқушылар! Бүгінігі «Тіл сайысы» атты сабағымызды қазақ тілі және әдебиеті пәні апталығына арнаймыз.Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметтеп қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға қызығушылықтарын арттыру. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады.


1.Таныстыру 2. Дода 3. Сөз мәйегі – мақал 4. Кім жылдам? 5. Әріптер сайысы 6.Сен білесің бе? 7.Ойлан тап. 8. Кім тапқыр? 9.Өнерпаз болсаң.
Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп,топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын топ мүшелері реттік сандарын белгілеп алулары қажет. Сайысқа бес адамнан құралған екі топ қатысады.
Сайысымыздың бет ашарын бастайық, Көрерменді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсың сайыскерлер өздерін, Өнеріне ду қол соғып қостайық – деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік
I кезең «Таныстыру». I топ: Жасұлан тобы
Қалықтап көкте жас қыран, Халықпыз сөзге тоқтаған. Тілімен топты жаратын, Тобымыз біздің «Жас ұлан».
II топ: Топжарған тобы
Шығарар намыс топты алдан, Дуалы ауыз тілге арман. Сайысқа келдік біліммен, Тобымыз біздің «Топжараған»
II кезең «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 20 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.
I топқа
1. Қазақстан қандай мемлекет? 2. Көктем мезгілінде неше мереке бар? 3. Қазақ әліпбиіне неше әріп бар? 4. Қ.Р - ның мемлекеттік тілі? 5. Абайды әлемге танытқан кім? 6. Қыста не жауады? 7.Ең сұлу құс? 8. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады? 9.Күздің бірінші айын атаңдар 10. Қазақстанның туының түсі қандай? 11.Қазақстанда неше қорық бар? 12. Жиренше қандай адам? 13. Наурызда пісірілетін басты тағам 14. Тұрлаулы мүшеге не жатады? 15.Жылқының иесі кім? 16. Қ.Р – сы неше елмен шектеседі? 17. Ахмет Иассауи кесенесі қай қалда? 18. Абай Құнанбаевтың шын аты кім? 19.Сөйлем неден құралады? 20. Бір тәулікте неше сағат бар?
II топқа
1. Қ.Р – ның рәміздері қашан қабылданды? 2. Абай Құнанбаев кім? 3. Халық ауыз әдебиеті қалай дамыған? 4. Жүз жасаған ақын 5. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? 6. Қыс айларын ата 7. Зере Абайға кім болады? 8. Құс патшасы 9. Сиырдың иесі кім? 10. Мұхтарды әлемге танытқан кім? 11.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата 12. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? 13. Абайдың неше қара сөзі бар? 14. Тұрлаусыз мүшелерді ата 15. Тышқаннан қорқатын аң 16. Жиренше кімді жақтаған 17. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? 18. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік. 19. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 20. Бір жылда неше күн бар?

III кезең «Сөз мәйегі – мақал»
Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.
1.Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 2. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. 3. Ел ерінде, гүл жерінде 4.Шешеннің тілі – шебердің сөзі. 5.Тіл буынсыз, ой түпсіз. 6. Басқа пәле тілден 7. Бала тамған тілден у тамар. 8. Ашынған тілді болар, . Ашыққан ұры болар. 9. Мал көтерер өлімді, . Дос көтерер көңілді. 10. Досы көпті жау алмайды, . Ақылы көпті дау алмайды.
IV кезең «Кім жылдам?»
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет. 1.Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның пырақтар.(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген) 2.Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың. (Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді)
V кезең «Әріптер сайысы»
Топтың әр мүшесі әпіп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
I топ ( А, Е, Т, О,С )
1. Қандай елде тұрасың? 2. Қазақ тілі пәні ұнай ма? 3. Досың кім? 4. Сенің мектебіңде қандай балалар оқиды? 5.Қайдан келдің? 6. Әдемі қыздың арманы не? 7.Елтаңбада не бар? 8. Бүгін қандай күн?
9.Сенің көзің қандай? 10.Сәукелені қай кезде киеді? 11.Жігіттер сырға таға ма? 12. 7 саны неге қасиетті? 13. Әліпбиді жатқа білесің бе? 14. Қандай есімдерді ұнатасыз? 15. Наурыз көжеге не қосады? 16. Бір жылда неше ай бар? 17. Бала оқытатын адам? 18. Жасың нешеде? 19. Бос уақытыңда не істейсің? 20.Қандай тағамдар ұнатасың?
II топ ( Ә,Б, М, Н, Қ )
1.Мақал білесің бе? 2. Есімің кім? 3. Аспанда не бар? 4. Қандай қаланы білесің? 5. Мектеп мұғалімдері қандай? 6.Сен тұратын қаланы ата 7.Бір зат есімді ата 8. Жазушыларды ата 9. Асан әнді қалай айтады? 10. Қазақстанда қандай жануарлар бар? 11.Қар қай кезде жауады? 12. Алма тәтті ма? 13.Сыныбыңда қанша оқушы бар? 14. Кім болғың келеді? 15. Жар – жарды қай кезде айтады? 16. Мыстан кемпір мыстан жасалған ба? 17. Жалқауды жүрісінен тани ма? 18.Достарыңа қандай ән арнайсың? 19.Сенің анаң қандай адам? 20. Қыздар неден қорқады?

VI кезең «Сен білесің бе?»
Тақтада берілген алты ұяшықта сұрақтар мен бейне суреттер бар. Берілген тапсырмаларға ойланып, дұрыс жауап берейік.
5а 10а 15б
15а 10б 5б
Сұрақтары: 5а) Қазақтың үш биін ата 5б) Наурыз көже қалай жасалады? 10а) Тұсау кесер нені білдіреді? 10б) Бейнесурет «Арқан тартыс» ойыны. 15а) Бейнесурет «Қыз қуу» ойыны. 15б) Бейнесурет «Көкпар» ойыны.

VII кезең «Ойлан тап»
Бұл кезеңнің шарты екі топқа да бірдей «ҚАРЛЫҒАШТАР» сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.
VIII кезең «Кім тапқыр?»
Бұл кезеңде топ басшылары тақтада берілген суреттерді сөзбен түсіндіреді. Топтың әрбір тапқан жауабы 5 ұпаймен бағаланады.
IX кезең «Өнерпаз болсаң»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық. Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Адырбекова Ләззат Нұрғалиқызы

ОҚО Шымкент қаласы №3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Қазақ тілі | Қосты: Адырбекова_Ляззат (01.02.2015) | Автор: Адырбекова Ләззат Нұрғалиқызы E W
Көрсетілім: 1733 | Ілмек сөздер: сайыс, Тіл, Мақал, дода | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 38
Қонақтар: 38
Тіркелгендер: 0