Сайт учителя начальных классов
.
Термин сөздердің ғылым мен техника саласына байланыстылығы

Термин сөздердің ғылым мен техника саласына байланыстылығы

Термин сөздердің ғылым мен техника саласына байланыстылығы

Пәннің аты: Қазақ тілі

Сыныбы: 5 «А»

Күні: 26.01.2015

Өткізілетін орны: география кабинеті

Сабақтың мақсаты :

                                         а) Термин сөздердің ғылым мен техника саласына байланысты екендігін түсіну, оқушылардың шығармашылықта жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

                                          ә)  Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу ;

                                         б)   тәрбиелік: ұжымшылдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі :  Аралас сабақ

 Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, аквариум әдісі

 Сабақтың көрнекілігі : слайд, кеспе кағаздар, постерлар

 Сабақтың дәйексөзі: Татулық – табылмас бақыт              

 Пәнаралық байланыс : орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, тарих, география

 Сабақтың барысы :

                                                     І. Ұйымдастыру кезеңі

 Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аударуОқушыларды терминдердің атын ажырату арқылы топтарға бөлу.

  1. Д И  А  Л  Е  К  Т бұл бірінщі топ
  2. Л Е  К  С  И  К  А бұл екінші топ.

Топтарға бөлген соң әр топтың бағалаушы спикерын бекітемін, бағалау парақшасы беріледі.

ІІ. Миға шабуыл стратегиясы арқылы үй жұмысын тексеру. Үй жұмысын сұрау  8 сұрақтан тұрады.

         І топ                                                                                ІІ топ

1.диалект дегеніміз не?                                           1.кірме сөздер дегеніміз не ?

 2.жалпылама лексика дегеніміз не ?                          2.табу дегеніміз не?

 3.эвфемизм дегеніміз не ?                                       3..дисфемизм дегеніміз не ?

4.антонимдер дегеніміз не?                                     4.синонимдер дегеніміз не?                 

   Сонда балалар,  біз қазақ тілінің қай саласын өтіп жатыр екенбіз? Оқушылар жауап береді. Ал  қазір осы лексика саласының  тағы бір тақырыбына тоқталамыз. Бұл тақырып «Терминдердің ғылым мен техника саласына байланыстылығы» деп аталады.

                                       ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

 Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

 Болашағым, бақытым дара тілім – деген Қадыр Мырза Әлінің өлең жолдарымен  сабағымызды  бастайық. Бүгін біз сабақта термин сөздердің ғылым  және техника саласымен байланыстылығын ,сіздердің топпен жұмыс жасай білу қабілеттеріңізді көреміз.

         Қазір балалар мен екі топқа постер және сөздер таратамын, осы сөздердің арасынан сіздер ғылым мен техникаға байланысты терминдерді тауып постерға жабыстырасыздар. Әр топтан бір спикер шығады, қорғайды

І топқа ғылым терминдер: антоним, карта, квадрат, азон, мектеп, мәдениет, кәмпит, сөмке.

ІІ топқа техника терминдер: телефон, автомобиль, компьютер, телеграф, әмбебап, әңгелек,көзілдірік, ұста

Екі топ шығып  өз постерларын қорғаған соң, мұғалім түсіндіріп айтады. Қорытындылау әрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар, ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір саласына ғана тән арнаулы сөздер де болады. Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын сөздерді термин сөздер деп атаймыз. Ал енді, балалар,  жаңағы көрсеткен постерларыңызға қарап термин сөздердің қалай жасалып тұрғанына назар аударайық.

І топ антоним, карта, квадрат, азон деген сөздер дара бір мағынаны білдіреді екен

ІІ топ телефон, автомобиль, компьютер, телеграф деген сөздер дара, бір мағынаны білдіріп тұр. Міне, балалар көріп тұрғанымыздай  термин сөздер дара  бір ғана мағыналы болып келеді екен.

  1. Термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің халықтарына ортақ болуы керек.

Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың атауларына да тығыз байланысты екен.Қазір мен екі топқа сөздер таратамын осы сөздердің қайсысы  қазақ хандығы дәуірінде  қолданылған жоқ соны ажыратамыз.

 І топ:  орда,  әуежай,сұлтан,  аммиак,Алаш, әмбебап

ІІ топ ұлы жүз , телефон,нөкер, ғарыш, , Дешті –Қыпшақ, поезд – сөздерді екі топқа беріледі. Қазақ хандығында қандай сөздер  қолданылмады,

неге ол сөздер қолданылмады?  Қалай ойлайсыз? Міне балалар, өздеріңіз айтқандай  ғылымы жоқ, техникасы болмаған елдерде термин жайында сөз болу мүмкін емес екен.

Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды терминология деп атайды. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан - жақты қарастырылып, қауырт жиналуда,Неге қауырт жиналуда? Кім айтады? Ізденіс жұмысы Қазақ терминологиясы туралы

  1. Қазірдің өзінде терминдердің жетпістен астам сөздігі басылып шықты.
  2. Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.

Қазір балалар мен сіздерге термин сөздерді таратамын. Берілген сөздер екі түрлі жолмен жасалған. Сөздерді екі топқа бөліп қай жолмен жасалғанын айтасыздар,  постерға жинайсыздар

І топ  тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер:    семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат, әмбебап-универсам,  устав-жарғы, рынок-нарық

ІІ топ  Баламасы бар термин сөздер: жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, музей-мұражай, семья-отбасы, гимн-әнұран.

 

І топ біріктіру арқылы жасалған сөздер. ІІ топ баламасы бар термин сөздер. Қорытынды. Қосымша тағы сөздерді мысалға келтіру. Сонымен қатар балалар  қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздерде бар екен. Ондай сөздерге коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм деген сөздер жатқызуға болады екен. Мысалы антоним сөзі қазақ тіліндеде антоним, орыс тіліндеде антоним және ағылшын тілдіндеде антоним екент Квадрат деген сөзде солай, поэзия, образ деген сөздер де үш тілде бірдей айтылады екен. Міне, осындай баламасы жоқ сөздер интернационалды термин сөздер деп аталады екен.

     Ал балалар әдебиет сабағында осындай интернационалды терминдер кездесе ме? Қандай терминдерді  айта аласыңдар?

әдебиет терминдері: поэзия, сатира, опера, образ. Осындай интернационалды термин сөздер әдебиет пәнінде де кездеседі екен.

Қазір балалар оқулықты ашып, жаттығу жұмыстарын жасап көрейік.

  Жаттығумен жұмыс :  199 – жаттығу. Мәтінді оқып оған ат қойыңдар, мәтіннен  интернационалды термин сөздерді теріп жазыңдар.

  1. Мәтінді оқушыға оқытамын, оған ат қойғызамын. Мысалы: «Балет»
  2. Интернационалды термин сөздерді теріп тақтада орындатамын. Балет, музыкалы театр, сценарий, музыка, хореография, декорация, костюм.

ІV.Білімді бекіту :Бүгінгі сабағымызда алған білімізді аквариум әдісі  бойынша бекітейік. Ортаға екі топтан екі –екі оқушыдан төрт оқушы шығады. Осы төрт оқушыға бақылаушы ретінде екі топтан тағы төрт оқушы шығады. Мен қазір отырған төрт оқушыға сұрақ қоямын, сұраққа жауап берген кезде бақылап тұрған оқушы жауаптың  дұрыс бұрыстығын айтады немесе толықтырады.

1 -сұрақ: Термин дегеніміз не?

2-сұрақ : Ғылымға байланысты қандай термин сөздерді білесіңдер?

3-сұрақ: Техника саласында қандай терминдер кездеседі екен?

4-сұрақ: интернационалды терминдерге қандай терминдерді жатқызамыз?

  1. Оқушылардың білімдері бағаланады.

VI Үйге тапсырма : ереже оқу, 201 жаттығуды орындау.

ID: 9778 | Просмотров: 3829