Сайт учителя начальных классов
.
Тәрбие сағатының  тақырыбы: « Кел, балалар,оқылық!»

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Кел, балалар,оқылық!»

Тәрбие сағатының  тақырыбы: « Кел, балалар,оқылық!»

2сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: « Кел, балалар,оқылық!»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту,сөздік қорларын байыту,ойлау,есте сақтау, көз алдына елестету қабілеттерін дамыту. Оқушыларды сөйлей білуге, мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, талдау.
Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру.
Отанын, қазақ тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, суреттер,
сөзжұмбақ,қойылымға қажетті заттар,нақыл сөздер.
Сынып бөлмесі мерекедегідей безендіріледі.

Қазақ тілі: Сәлеметсіздер ме құрметті мұғалімдер, оқушылар!
«Кел, балалар,оқылық!» тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

1-оқушы Кел,балалар, оқылық!

Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Бір аллаға сиынып,
Кел,балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім- бәрі де
Оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин.

2-оқушы.
Ыбырай Алтынсарин- қазақ халқының тұңғыш ағартушысы, балалар әдебиетінің атасы. Ы Алтынсарин балаларға арнап мектеп ашқан. Тұңғыш рет қазақ әріптерінің алфавиттік ретін жасап , оқулық жазып шығарыпты. Оның «Қазақ хрестоматиясы» қазақ балаларына арналған тұңғыш оқу құралы болып табылады.
Қазақ тілі:
Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.Оның 9-ы қазақ тілінің өзіне тән әріптер, 33-і орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.Қазақ тілінде 12дауысты және 26 дауыссыз дыбыс әріптері бар.
Қазақ тілі: Жителей моей волшебной страны Вы называете буквами. Но среди всех букв, есть необычные,специфические. Эти буквы есть только в казахском языке. А теперь послушаем, что они говорят о себе.

3-оқушы. «Ә»
Еске алсаңдар Әліппені,
Табасыңдар танып мені.
Әже, әке, әлемді де,
Бастайды «Ә» әріптері.
Ә- дауысты жіңішке дыбыс.Про меня говорят,что я очень мягкая, красивая,вежливая. Встречаюсь только в начале и в середина слова.

4-оқушы. «І»
Ілім, білім.
Осы әріптен басталар,
Үмітім де осы сөзсіз қор болар.
І- дауысты жіңішке дыбыс.Я очень люблю общаться.Поэтому я встречаюсь в начале, в середине, в конце слова. Меня очень легко написать. Пришла к вам из латинского алфавита. Рядом со мной не нужен «ь», так как сама смягчаю слова.

5-оқушы. «Ө»
Өнеге мен өнерді,
Өсімдік пен өренді,
Менен бастап жазасың,
Өрнек пенен өлеңді.
Ө-дауысты жіңішке дыбыс.Я очень важная буква, встречаюсь только в очень нужных словах. Мне тоже не нужен «ь», меня вы встретите только в начале и в середине слова.

6-оқушы. «Ы»
Ыдыстарды жуамыз,
Жалқауларды қуамыз.
Өте жақсы оқуға,
Белімізді буамыз.
Ы- дауысты жуан дыбыс.Я очень необходима.В отличие от русского языка,
я бываю и заглавной. С меня начинаются даже имена Ыбырай,Ырысты и т.д.

7-оқушы. «Ү»
Үй мен үйшік жасайын.
Үзеңгіні басайын.
Үрлеп улкен шарларды,
Үзілісте шашайын.
Ү- дауысты жіңішке дыбыс.
Встретить меня можно только в начале, в середине в словах очень красивых, нежных. Я тоже считаю, что вполне хорошо обхожусь без «ь».

8-оқушы. «Ұ»
Ұя, ұлу, ұшақтың,
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
Ортасында келемін.
Ұ-дауысты жуан дыбыс. Со мной нельзя шутить, у меня очень тяжелый характер. Я ни за что не уживаюсь с мягкими гласными. Меня вы встретите лишь в начале и в середине слова.

«Бәйге» ойыны.
Дауысты дыбыс әріптерінің тапсырмасы.
Сөзжұмбақты шешу.
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (қазақ тілі)
2.Қазақстанның елордасы. (астана)
3. Н.Ә. Назарбаев кім? (президент)
4. «Герб» сөзінің аудармасы. (елтаңба)
5. «Народ» сөзінің аудармасы. (халық)
6. «Независимый» сөзінің аудармасы. (тәуелсіз)
7.Қазақстанның ұлттық валютасы. (теңге)
8. «Гимн» сөзінің аудармасы. (әнұран)
9. «Родина» ? (Отан)
- Негізгі қандай сөз? Қазақстан.

«Әрқашан күн сөнбесін!» әні.

9-оқушы. «ң»
Бір сөз тапшы мыңнан,
Сөз басталмас «ң»-нан.
Жұмбақ белгі - мең бар,
Артатұғын тең бар.
Көктемдегі сең бар,
Басқасында нең бар?
ң-дауыссыз,үнді дыбыс. Я самая трудно произносимая и загадочная буква алфавита. Заглавного звука нет, встречаюсь только в середине и в конце слова.
10-оқушы. «Ғ»
Ғажап толы ғалам,
Осыған таң қалам.
Бір-бірінен алыс,
Жұлдыз толы ғарыш.
Білсең соның мәнін,
Боласың сен ғалым.
Ғ- дауыссыз ұяң дыбыс. Ғ часто находится в середине слова, сочетается с твердыми гласными. Меня вы часто произносите, когда у вас болит горло,и вы полоскаете.Такиже звуки есть во французском, украинском языке, пишутся они по-другому.

11-оқушы. «Қ»
Қауын,қарбыз жинаймыз.
Қағазды бос қимаймыз.
«Қ» дыбысын қиып ап,
Қонақтарға сыйлаймыз.
Қ- дауыссыз қатаң дыбыс.
Я самый популярный, самый любимый согласный звук. Меня можно встретить в начале, середине и в конце слова. Қ сочетается с твердыми гласными.

12-оқушы. «Һ»
Қаһар деген бала.
Шаһар деген қала.
Жаһан деген қала.
Һұндар менің бабам.
Һ- дауыссыз қатаң дыбыс.
Я очень редкая и загадочная буква алфавита. Слов в которых я встречаюсь очень мало. Эти слова просто надо запомнить: қаһарман, Гауһар,айдаһар, жиһанкез....др. А еще я встречаюсь в междометиях: үһ,оһ и др.

Қазақ тілі: Дауыссыз дыбыс әріптерінің тапсырмасы.
Мақал- мәтелдер білесіңдер ме?
1.Айтқан сөз-атқан оқ.Высказанное слово-выпущенная стрела.
2. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.Если даже говоришь шутя, говори обдуманно.
3.Өнер алды-қызыл тіл. Высшее искусство-красноречие.
4.Сәлем- сөздің анасы. Приветствие- начало слова.
5.Аз сөз алтын, көп сөз күміс. Мало слов- золото, много слов- серебро.
6.Білім кілті- тіл. Ключ от знаний в языке.
7.Сөз- ұлы нәрсе. Слово- великое вещь.
8.Тіл- ұлттың жаны. Язык- душа нации.
9.Тіл тағдыры-ел тағдыры.Судьба языка- судьба народа.
10. Асыл сөз гауһардан қымбат.Благородное слово дороже бриллиантов.
11.Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. Нет языка, нет нации.

«Халық өмірі өзінің тілінде»- Расул Гамзатовтың нақыл сөзін құрастыру

Қазақ тілі:
«Халық өмірі өзінің тілінде»- «Жизнь народа в его языке».
Каждый человек, к какой бы он нации не принадлежал, должен знать и любить свой родной язык. Но это не значит, что знать он должен только свой язык и относиться небрежно к другим языкам. Нужно знать и другие языки, и уважать их также,как родной.

Қазақ тілі: Ал енді, «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.

Автор: - Ертеде қарлығаш бір жардың қуысына ұя салыпты, балапандар шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, ұяға бір жауыз жылан өрмелеп бара жатады.Оны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, көкекке барып көмек сұрады.
Қарлығаш: -Көкек, көкек балапандарыма көмек бере гөр, жылан жейтін болды.
Көкек: - Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ.
Автор: -Қарлығаш жылап, қарғаға ұшып барады.
Қарлығаш: - Қарғажан маған көмек бере гөр, жылан балапандарымды жейтін болды.
Қарға: - Мен үйленейін деп жатырмын мазамды алма- деді, айнадан көзін алмай.
Қарлығаш: - Енді не істеймін -чик-чик.?
Дәуіт: - Достым, неге зарлайсың?- деді.
Қарлығаш: - Жауыз жылан балапандарымды жемекші болып, ұяға өрмелеп барады.
Дәуіт: - Олай болса, тезірек жетеік.
Автор: Жыланды дәуіт көзін аяғымен теуіп, жерге түсірді.
Қарлығаш пен дәуіт екеуі айнымастай дос болды.

«Орамал тастау» ойыны. Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.
Қазақ тілі:
Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Мұғалім:Рахмет, балалар. Мінеки, біз бүгін мемлекеттік тілінде өлеңдерді де, мақал-мәтелдерді де айтып жатырмыз, сөзжұмбақтың шешуін де таптық, ертегіні де көрсеттіңіздер. Қандай керемет!
Біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республиқасының кез келген азаматының парызы. Егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз.

ID: 8785 | Просмотров: 5553