Сайт учителя начальных классов
.
Түбір мен қосымша

Түбір мен қосымша

Қазақ тілі

6-сынып

Күні, уақыты

28.09.2014ж

Сағат 

Тақырыбы

Түбір мен қосымша

Сілтемелер

Оқулық . Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек, А.Н.Нұрғазы.

36-38 беттер.

Мақсаты:

Түбір мен қосымша туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Түбір мен қосымшаның түрлерімен танысу.

Оқушылардың есте сақтау және ойлау, талдау, дәлелдеу қабілеттерін  дамыту.

Жазбаша жұмыстар арқылы сауаттылыққа үйрену.

Оқыту нәтижесі:

Түбір мен қосымшаның түрлерін ажырата алады. Оқушылардың есте сақтау, ойлау, талдау, дәлелдеу қабілеттері дамиды. Жазбаша жұмыстар арқылы сауаттылыққа үйренеді.

Бағалау критерийі:

1. Үй тапсырмасын орындау - 2 балл.

2. Топта белсенді болу – 2 балл.

3. Талдау және дәлелдеу - 5 балл.

4. Жаттығуды соңына дейін орындау - 2 балл.

5. Мәтін құрау – 3 балл.

10 балл.-5, 

6 балл.- 4,

4 балл. – 3

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс.

Негізгі идея

Орындалатын жұмыстар арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар

Слайд, кеспе қағаздар, фишкалар.

І. Қызығушылықты ояту.

Мұғалім әрекеті:

Сыныпта  жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды 4 топқа бөледі.  

Оқушы әрекеті:

Оқушылар өз жұптарын мақтайды.

Оқушылар сандар арқылы 4 топқа бөлінеді.

1. Үй тапсырмасын тексеру.

            Мұғалім әрекеті:

Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларын тексеріп, сұрақтар қояды.

Оқушылар әрекеті:

Жұмыстарын оқи отырып, сұрақтарға жауап береді..

ІІ. Мағынаны тану

«Сен маған, мен саған» әдісі.

Мұғалімнің әрекеті:

Жаңа тақырыпты оқып, сұрақтар дайындаңдар.

Оқушылар әрекеті:

Жаңа тақырыпты оқып, бір-біріне сұрақтар қояды.

  1. 1.      Топпен жұмыс. 69-жаттығу.

   Мұғалімнің әрекеті:

  1. Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар. Қосымшалардың түрін (жұрнақ па, жалғау ма) ажыратыңдар.

Оқушының әрекеті:

Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай ауызша талдайды.

  1. 2.      70-жаттығу.

     Мұғалім әрекеті:

Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.

         Оқушылар әрекеті:

Берілген сөздерден туынды түбір жасап, дәптерлеріне жазады.

ІІI. Ой толғаныс. 72-жаттығу.

      Мұғалім әрекеті:

Төмендегі сөздерге қосымшалар жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Оқушылар әрекеті:

Сөздерге қосымшалар жалғап, сөйлем құрап жазады.

IV. Бағалау.

   Мұғалімнің әрекеті:

Бағалау критерийі бойынша өздеріңді бағалаңдар.

    Оқушының әрекеті:

Оқушылар бағалау критерийі бойынша өздерін бағалайды.

                Үйге тапсырма:  73-жаттығу.

             

 

 

ID: 5215 | Просмотров: 2851