Сайт учителя начальных классов
.
СЫН ЕСІМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

СЫН ЕСІМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

СЫН ЕСІМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

 

1.Білімділік: Қазіргі технологияларды қолдана отырып, топтық жұмыс арқылы оқушылардың Қазақстан қалалары туралы алған білімдерін бекіту. Сын есім туралы білімдерін тереңдету.

2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге жетектеу.

3.Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін, пәнге деген қызығушылығын  арттыру.

 Слайд №1

  • Қайырлы күн, құрметті әріптестер, қонақтар! Менің аты –жөнім: Муканова Шынар Болаткановна. №3 орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімімін. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтағанмын. Бүгінгі семинарға қош келдіңіздер! 

Бүгінгі күні қазақ тілін қалай оқытамыз, оқыту сапасын қалай көтереміз деген мәселелер төңірегінде пікір алмасулар жүріп жатыр. Сондықтан бүгінгі семинардың мақсаты да қазақ тілін оқытудың озық технологияларын қолдана отырып, оқушылардың білім деңгейін көтеру. Заманымыздың өзі технологиялар кезеңі болғандықтан, қазіргі таңда оқыту технологияларының түрлері өте көп. Атап айтсақ: ойын арқылы оқыту технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы,  дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникативті технология,  деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы және т.б. тізе берсе технологиялар саны өте көп. Сіздермен біздердің мақсатымыз –  осы технологиялардың ішінен тиімдісін тауып қолдану. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда оқушылардың тіл ерекшеліктерін ескере отырып тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану керекпіз. Тиімді технологияны таңдау барысында нені? қайда? қалай? деген сұрақтардың шеңберінде іске асыру керек.

Слайд №2. Бағдарламада берілген  7 модульді сабағыма кірістіріп отырамын. «АКТ қолдану», «СТО», «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері», «Формативті, критерийлі бағалау» және тағы басқа. Бүгінгі сабағымда тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, топтық жұмыс түрін көрсетемін.

  • Сонымен  бірге бір – бірімізге сәттілік тілей отырып, сабағымызды бастайық. (кубиктерді топтарға беру. 6 адам)

Слайд №3

  • Ортаға кубиктерді алған мұғалімдерді шақырамын.  Осы жаттығуға қатысып тұрған әріптестер шеңбер құрыңыздар. Өз есіміңізге сын есімді қосып, бойыңыздағы бір қасиетіңізді айтасыз. Мысалы: Мен , Дарынды Айсана- Көп сөйлемеймін.
  1. Танысу жаттығуы.  Көңілді музыка ойналады. Жаттығуға қатысушылар шеңбер бойынша тұрады. Әрбір қатысушы өзінің есіміне сын есім қосып және бойындағы бір қасиетін айтып шығады.

 

Слайд №4

2. Топқа бөліну: «ІСКЕР ТИІН»  - санамақ арқылы топқа бөлу. 

- Санамақ ойыны арқылы сіздерді топқа бөліп аламын. Қазір мен атаған сандарды естеріңізге сақтаңыздар.

Қалмау үшін ашығып

Қысқы азығын кеш қамдап,

Қамбасына тасыды

БІР,  ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ   жаңғақ.

  • Жаңағы сандар бойынша әркім өз тобына жиналсын. Өз іштеріңізден топ жетекшісін сайлап алыңыздар.

Слайд №5

Ой қозғау стратегиясы:  «Қазақстандықтармыз» сөздер құрастыру.  3 мин.

  • Қазір сіздердің мақсаттарыңыз «Қазақстандықтармыз» сөзінен 5 мин ішінде бірнеше сөздер құрастырасыздар, сөздер қайталанбауы тиіс. (2-3 сөзден әр топтан өзім сұрап шығамын)
  • Барлығымыздың Отанымыз бір.
  • Отан туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіз?
  • Біздің туған жеріміз Қазақстан.  Қазақстан кең-байтақ, тәуелсіз, егеменді. Сіздер облыстың әр ауданынан келдіңіздер. Мысалы: Сіз қай ауданнан, қаладан келдіңіз? Ауданыңыз, қалаңыз қандай?

Слайд №6

  • Әр аудан, әр қала өзінше ерекше. Сонымен тақырыбымыз: «Сын есім және Қазақстан қалалары» деп аталады. 
  • Мақсатымыз: пікір алмаса отырып, Қазақстан қалалары туралы және сын есім туралы алған білімдеріңізді бекіту.
  • Топ жетекшілері келіп, тапсырмаларыңызды алыңыздар.  (топ жетекшісі жребий бойынша қаланы таңдап алады). Сын есімдерді қолдана отырып, әркім өз қаласы жайлы айтуы керек, бұл сызба түрінде, не сурет түрінде, не өлең шумақтарымен болуы мүмкін.
  • Жұмыстарыңызға 10 минут беріледі.

Слайд №7

  • Сіздердің жұмыстарыңыз қалай бағаланады, слайдқа қараңыздар! Түсіндіріп өтейін.
  • Топтық критерийлі бағалау:

Критерийлер

№1 топ

№2 топ

№3 топ

№4 топ

Тақырыптың ашылуы

 

 

 

 

Көркемделуі

 

 

 

 

Топ мүшелерінің ынтымақтастығы

 

 

 

 

Жалпы орташа баға

 

 

 

 

  • 1 топтан біреу шықты ма, әлде барлығы шықты ма? 
  • Сонымен тапсырманы орындауға кірісіңіздер. Топ ішінде кімнің не істеуі керек екенін бөліп алуға болады.

Слайд №8  

Постермен жұмыс жасайық,

Қызықтан қалыс қалмайық

Топ болып қызық жарыста,

Намыспен топты қорғайық.          Қазақстан қалалары туралы бейнеороликті қосып қою

Слайд №9

  • Аздап тынығып алайық!  Сергіту сәті (қазақ тіліндегі бейнеролик):    2 мин.

Слайд №10

  • Сонымен қорғау басталды. Ортаға №1 топты шақырамыз. 2-3 минуттан

Қорғалып болған соң, әр топ басқа топ жұмысын критерий бойынша бағалайды. Бағалау парағына 5 балдық жүйемен  қояды.  1 мин

Жұмыстарыңызды мына жерлерге орналастырасыздар.

  • Сіздердің бағаларыңызды ескере отырып, мұғалімнің бағасымен ортақ баға шығарылады.
  • Қараңыздаршы, қандай тамаша жұмыстар шықты.

Слайд №11

  • Келесі тапсырмаларыңыз Синквейн әдісі бойынша 5 жолды өлең шумағын шығарып үйрену.

Ой толғаныс сатысы.  3 мин  

5 жолды өлең: Синквейн әдісі    А3 форматына жазады.

1.Кім? Не?             (1 сөз)

2. Қандай?            (2 сөз)

3. Не істейді?       (3сөз)

4. Сөйлем            (4 сөз)

5.Мәндес сөз       (1 сөзбен беруі керек)

Мысалы:

  1. Атамекен
  2. Тәуелсіз, байтақ.
  3. Қорғайды, сүйеді, гүлдейді
  4. Тәуелсіз атамекенді халық сүйеді.
  5. Отан

1 топ – қала

2 топ – туған жер

3 топ – табиғат

4 топ -  байлық

Бағалау. Әр топ бүгін тамаша жұмыс істеді деп ойлаймын. Сіздерге «5» деген баға қоямын. Қол шапалақтап қолдап қояйық.

Слайд №12

Рефлексия: 2 жұлдыз -                         гүл түріндегі стикерге жазады

               1 тілек  -   

  • Алдарыңызға гүлдерге осы сабақтан алған әсерлеріңізді және ұсыныстарыңызды 2 жұлдыз, 1 тілек ретінде жазуларыңызды сұраймын.
  • Енді гүлдеріңізді мына тау баурайында орналасқан тамаша алқапқа орналастырыңыздар.
  • Сіздердің өздеріңіз де, еңбектеріңіз де осы тамаша алқаптай жайнай берсін.

  Слайд №13

  • Келесі сабаққа үй тапсырмасын жазып алыңыздар: «Маған ұнайтын қала»
  • тақырыбына шағын шығарма немесе презентация жасап келу.
  • Бүгінгі сабақта қойған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.
  • Назарларыңыз көп рахмет! Осымен сабағымыз аяқталды

ID: 8472 | Просмотров: 2804