Сайт учителя начальных классов
.
Сын есім

Сын есім

Сын есім

 

Қазақ тілі

Сабақтың атауы

Сын есім

Сілтеме

Қазақ тілі  2 – сынып    Атамұра баспасы   2013 жыл

Т.Қ. Оспанова,  М.В. Маркина,  Ж.Т. Қайыңбаев,  К.Ә. Ерекешова.

Жалпы мақсаттар

  • Сын есімді грамматикалық  тұрғыдан сөз табы ретінде таныту
  • Заттардың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету

Оқыту нәтижесі

  • Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  сөздік  қорын  дамыту,  сөйлеу,  әңгімелеу  дағдысын  жетілдіре  отырып,  мәнерлеп  сөйлеуге,  әдемі  жазуға,  өз  бетінше  жұмыс  орындауға  дағдыландыру

Негізгі идеялар

  • Өз бетінше ойлауға, ізденуге үйрету
  • Өзара араласу, қызығушылықтарын арттыру

Тапсырмалар

 

  • «Ойлану баспалдағы» стратегиясы
  • «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы
  • РАФТ әдісі
  • Топпен жұмыс
  • «Басбармақ» әдісі

Бағалау критерийі

 

 Жинаған балықтарын санап, ең көп жинаған оқушыларды бағалау

6 – 9  ұпай – «5»

5 – 7  ұпай – «4»

                                                3 – 5   ұпай – «3»

 

                       Жүргізетін жұмысым

 

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушылардың іс-әрекеті

4минут

 

 

 

І. Ұйымдастыру                                            Психологиялық дайындық. 
Сыныпта біздің тыныштық, 
Естілмейді дыбыс түк 
Мұны біз де қоштаймыз 
Кешіккенді тоспаймыз 
Күнделікті қызықты 
Кезекті сабағымызды бастаймыз. 

Мұғаліммен сәлемдесу.

Оқушыларды геометриялық пішін  бойынша  4-топта бөлініп, отырғызу.

Оқушылар  бағалау критерийлерін ескере отырып, белсенді қатысады жақсы бағалануға ұмтылады

6 минут

ІІ.  Үй тапсырмасы

Сөз тартары:зат есім, етістік.

  1. Зат есім туралы ұғымдарын бекіту
  2. Етістік, етістік түрлері , сұрапқтары туралы білімдерін бекіту

-          Алдынғы сабақтарда өтілген сөз таптары туралы не білетіндіктерін сұрақ – жауап арқылы еске түсіру

5 минут

 

ІІІ. Мағынаны тану

 Крестиктер – нөлдіктер әдісі

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 Оқушылар кестеден сан таңдайды

-          Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

-          Жауап дұрыс болағн жағдайда, сол квадратқа крестик қояды. 

Жауап дұрыс болмаған жағдайда, басқа оқушы сұраққа жауап беруге болады. Квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

 

5 минут

 

 

 

ІҮ.  «Ойлану баспалдағы» стратегиясы

Жалпақ

Қалың

                                     Тақтай

Тегіс

Ұзын

Сын есім туралы түсінік беру   Слад арқылы № 4

Бұл жаттығудың мақсаты- оқушылардың бақылау, байқау қабілетін арттыру, бір заттың әр алуан  белгісін аңғара білуге үйрету

6 минут

Ү. Оқулықпен жұмыс

427-жаттығу

Өлеңді көшіріп жазып, сын есімді табу

Кең жайлауда гүл терем,

Бағатыным қошақан.

Асау құлын үйретем,

Өсіремін ботақан

428-жаттығуда суреттегі зат атауларының әрқайсысына қатысты бірнеше сын есім тауып жаз: ұзын, биік, жасыл, әдемі-терек

6 минут

ҮІ. «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы

Көркем  жазу  сәті

--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты  дұрыс  ұстау  мен  дұрыс  отыру  ескертіледі.

429- жаттығу

Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу

Қазақстанда шұрайлы жер көп.

Біздің сынып кең және жарық.

Тоғжан әдемі кеудеше алды.

7 минут

 

 ҮІІ.  Суретпен жұмыс

Топпен жұмыс

Сұрақтар арқылы түлкіні сипаттап бер:

  1. Түлкі қандай аң?
  2. Түсі қандай?
  3. Оның құйрығы қандай болады?

Оқушылардың жауабы:

Түлкі-қу, айлакер, жүрген жері ай-шу,т.б.

4 минут

ҮІІІ. Сабақты бекіту

Топтастыру әдісі.
Сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып жаз.

 1 топ. Таза, кең, алтын.
2 топ. Биік, сұйық, жаман.
3 топ. Жүйрік, ұзын, өнерлі.

 

 

Бүгінгі сабақты түсінген және түсінбегені туралы сұрау. «Басбармақ» әдісі

2 минут

 

ІХ. Бағалау критерийі

 Жинаған балықтарын санап, ең көп жинаған оқушыларды бағалау

 6 – 9  ұпай – «5»  

 5 – 7  ұпай – «4»

       3 – 5  ұпай – «3»

Үйге тапсырма

Ереже жаттау

430- жаттығу

Пән мұғалімі

А. Кабиева

 

ID: 7007 | Просмотров: 3702