Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Қазақ тілі

Сан есім

Сан есім

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сан есім туралы ұғым қалыптастыру арқылы кең түрде мағлұмат беру, сан есімнің құрамы, мағынасы мен  тұлғасының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, теориялық білімдерін тереңдету арқылы білімдерін шыңдау, түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, қиялын, есте сақтау қабілеттерін ояту және сан есімдерді сөйлем арасынан табуға,  қатесіз, сауатты жазуға үйрете отырып, өз ойларын еркін түрде айтуға, әдеби тілде сөйлеуге баулу, пәнге қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: оқушыларды әдемілікке, сауаттылыққа, сыни тұрғыдан ойлай отырып өз ойларын еркін айта білуге баулу, әдепті, салмақты болуға, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: баяндау, түсіндіру, талдау, жинақтау.

Көрнекіліктер: сызба, слайд, карточка, суреттер, бағалау парақтары

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

   Балалар, бүгінгі сабақ ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені бізге көптеген

   қонақтар келді. Ендеше қонақтарға әр ұлттың амандасу рәсімін көрсету арқылы

   қонақтармен амандасайық.  Қазақтар құшақтасып, европалықтар  қол алысып,   

   солтүстік американдықтар жұдырықтасып, жапондықтар бас иіп  амандасады.

ІІ. Негізгі бөлім.

    1. Кәмпит бойынша сыныпты топқа бөлу. 

        "Рахат" фирмасы. Алматы қаласы

         "Қарағанды кәмпиттері".  Қарағанды қаласы

          "Баян сұлу" Қостанай қаласы.

          "Славянка" көршілес Ресей мемлекеті

     2. Құрметті қонақтар, сіздер бүгін 4 сынып жанынан құрылған "Ең тәттілер" ашық акционерлік қоғамы өткізіп отырған тендердің куәсі боласыздар. Алдымен ашық акционерлік қоғам дегеніміз не?

ААҚ - бағалы қағаз, акция пакеті акционерлік қоғамқызметкерлерінің арасында өзара сатылады.

Тендер - бизнес жоспарын ұсынып, өнім шығару құқығына ие болу жарысы.

"Ең тәттілер" ашық акционерлік қоғамының менеджері мен - Касимова Роза Алпысбаевна.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты -  наурыз мерекесіне қарсы балаларды қуантып, жаңа бір конфет түрін ойлап шығару. Сол үшін Қазақстан Республикасының айтулы конфет шығаратын фирмалары тендерге қатысуға өтініш беріп отыр. Тендерге қатысу үшін әр фирма өздерінің құжаттарын, бизнес жоспарларын тапсырды. Ол өтінішті беріп отырған мына сіздер. Бүгінгі сабақтағы тапсырмаларды дұрыс орындаған фирма тендерден озып шығып, жаңа конфет шығару құқығына ие болады. Ендеше барлық фирмаларға сәттілік тілеймін.

2. Топ басшысын сайлау.

    Бағалау парағын тарату. 

Топ мүшелерін топ басшысы бағалайды, мен әр топты бағалаймын. Топтар "Бағдаршам" стратегиясы бойынша  әр тапсырмадан кейін бағаланады.

/қызыл түс - 5, жасыл түс - 4, сары түс - 3/

Сабаққа қойылатын ережелерді есімізге түсіру:

 - бірін - бірі тыңдау, бәсең сөйлеу;

 - уақытты үнемдеу;

 - ойларын еркін айту;

 - тақырыптан ауытқымау.

 

 

Әр топтың спикері сөйлеп, бұл жұмыста топ бағаланады.

5. Әр топқа мақал - мәтел таратылады, бірақ тапсырмалары әртүрлі болады.

   а) Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

   ә) Жігітке жеті өнер де аз.

   б) Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

    Тапсырмалар:

     "Рахат" фирмасы:  Сан есімді табу және түрін ажырату.

     "Қарағанды" фирмасы:  Сан есім қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.

     "Баян сұлу"  фирмасы:  Сан есімді сөз құрамына талдау

     "Славянка" фирмасы:  Мақалдың мағынасын түсіндіру.

    Қосымша тапсырма әр топтан сан есімі мақал айту.

    Топ бағаланады

6. Оқулықпен жұмыс. Тақтада орындалады. Әр топтың спикері шығып, тақтаға

    сөйлемді жазады, сан есімді сөзбен жазып, қай сөзбен байланысып тұрғанын

    сызбамен көрсетеді. Спикердің жұмысы арқылы топ бағаланады.

7. Сергіту сәті. Интербелсенді тақта арқылы орындалады.

8. Сурет бойынша мәтін құрастыру, Әр топқа әртүрлі сурет таратылады. Олар

    барлығы ішінде сан есімі бар мәтін құрастырып, спикері қорғайды.

    Топ бағаланады

        "Рахат" фирмасы:                                               "Қарағанды" фирмасы:              

      "Баян сұлу" фирмасы:                                          "Славянка" фирмасы:           

9. Ұйқас құрастыру.

"Рахат" фирмасы:                ... беті                            ... он

                                               ... жеті                           ... қон

"Қарағанды" фирмасы:       ... бірінші                      ... үш

                                               ... сүйінші                     ... күш

"Баян сұлу" фирмасы:         ... екінші                        ... елу

                                               ... секірші                      ... келу

"Славянка" фирмасы:          ... жалқау                      ... тоғыз

                                               ... алтау                         ... қобыз

Спикерлер оқиды, топ бағаланады.

 

10. Интербелсенді тақта арқылы берілген сөздерге тиісті сөздерді апару.

 "Рахат"                      "Қарағанды"            "Баян сұлу"            "Славянка"

  Бір шымшым             бір жайым               бір салым               бір ауыз

  бір асым                     бір шөкім                бір жұтым               бір ұрттам 

Керекті сөздер: айран, су, өлең, бұлт, шай, ет, қамыр, тұз.

Әр оқушыдан кейін өлшемдердің мөлшерін түсіндіріп отыру.

11. Сандарға қатысты алты сөзді табу.

О

Е

Т

Н

К

Ө

Б

І

Р

Е

Л

Т

С

Ү

Ш

 

ІІІ. Қорытынды.

    Семантикалық карта.

 

сырғанады

елу екі

шаңғышы

мықтылар

Зат есісм

 

 

 

 

Сан есім

 

 

 

 

Сын есім

 

 

 

 

Етістік

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

ІҮ. Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерінің бағаларына талдау жасайды.

                      Топтардың бағалары арқылы қорытынды шығарылып, жеңген топ

                       жаңа кәмпит шығару құқығына ие болып, сертификатпен

                       марапатталады.

Ү. Үйге тапсырма

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Ахметова Замзагүл Болатовна

Павлодар облысы, екібастұз қаласы №11 жалпы орта білім беретін мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Қазақ тілі | Қосты: zhupar (20.01.2015) | Автор: Ахметова Замзагүл Болатовна W
Көрсетілім: 1116 | Ілмек сөздер: сан, есім. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0