Сайт учителя начальных классов
.
Салт және сабақты етістік. Туған жерімнің табиғаты.

Салт және сабақты етістік. Туған жерімнің табиғаты.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы КММ «Ленин орта мектебі» қазақ тілінің мұғалімі Аманжолова Сәуле Шаяхметқызы Сабақтың тақырыбы: Туған жерімнің табиғаты. Салт-сабақты етістік І. Шаттық шеңбер ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 5 мақал-мәтел немесе 5 жұмбақ жазып келу. Өтілген сабақты қайталау. 1. Тұлғасына қарай - негізгі- туынды оқы, жаз, бар, кел, бер,тұзда, гүлде, ойна 2 Мағынасына қарай - салт - сабақты мектепке кел,сабақты оқы 3. Құрамына қарай - дара- күрделі жаз, оқы, ойна,барып кел, қызмет қыл 4. Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай - болымды - болымсыз бар, кел, оқы, жаз,барма, барған жоқ ІІІ. Жаңа сабақ Сабақтың эпиграфы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат Ауа — өмірің,су – қазынаң, Жер- үйің, атамекенің ІV.Сөздікпен жұмыс айнала-кругом жазықтар-равнины сарқырап аққан бұлақ суы-журчащие воды родника таңғаласың-удивляешься әрбір-каждый сені сағынамын-скучаю по тебе көргенше асығамын-спешу увидеть мамық-пушистый көркейтуге көмектесемін-помогу процветанию Жаңа сөздермен сөйлем кұрастыру. V.Фонетикалық талдау Табиғат,орман,ағаш Табиғат та-би-ғат-3 буын, 3д/сты, 4 д/сыз, ВА-ВА-ВАВ Т-[т]-д/сыз, қатаң а-[а]-д/сты, жуан, езулік, ашық б-[б]-д/сыз, ұяң и-[и]-д/сты, жіңішке, езулік, қысаң ғ-[ғ]-д/сыз, қатаң а-[а]-д/сты, жуан, езулік, ашық т-[т]-д/сыз, қатаң VІ.«Кім жылдам?» сабақты етістік пе, салт етістік пе? деген тақырыпта білім жарысы 1 - топ 2 - топ Ережені айт – Үйге кел – Айтқанға көн – Сабақты біл – Аспанға қара – Мектепке кір - Алысқа жүгір – Мақаланы жаз - Нәтижеге қуан - Кезекке тұр - Биді биле – Тамақты жаса - Біліммен жарыс – Үйге кір - Жұмысты аяқта – Ойынды баста – Мақсатқа жет - Жерде жатыр - Ойыңды жасыр - Жұмысынды тапсыр- VІІ.Берілген сөздерден,сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар. Отан,атамекен,туған жер,жасыл қала,жас қала,егемен ел,бас қала,үлкен ел. VІІІ.Сергіту сәті «Адасқан әріптер». биғатта-табиғат,намро-орман шаға-ағаш, қылаб-балық ақңыйақ-аққайың, қарар-арқар тікрүб-бүркіт, пыжарақ-жапырақ ІХ.Постер құру Уақыт:10 минут І топ 2 топ Табиғат Орман Х.«Ыстық орындық» ХІ.Қорытындылау Табиғатты қорғау үшін бәріміз Күресейік, бір-бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз Таза ауа үшін терімізді төгейік! ХІІ.Үйге тапсырма Салт етістік - сабақты етістік ережені қайталау.Менің өлкемнің табиғаты туралы шағын әңгіме жазып келу. ХІІІ.Өзін-өзі бағалау ХІV.Рефлексия Инсерт әдісі Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін?

ID: 9666 | Просмотров: 2768