Сайт учителя начальных классов
.
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау

Салалас құрмалас сөйлемді қайталау

  Салалас  құрмалас сөйлемді қайталау

Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлемнен алған білімдерін  жүйелеу,жинақтау;

а) Білім: Салалас құрмалас сөйлемнен  алған білімдерін қайталап, жинақтап бекіту;

ә) Білік: Салалас құрмалас сөйлемнен  алған білімдерін тереңдете  отырып, практикада салалас  түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен  ажырата білуге жаттықтыру;

б) Дағды:Түрлі тапсырмаларды  орындау негізінде  оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу,шығармашылық ізденіске, өз бетімен жұмыс жасай білге дағдыландыру.

Сабақтың тегі: қайталау

Әдіс-тәсілі: слайд, үлестірме қағаз, СТО технологиясы, перфокартамен жұмыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың  кезеңдері:  Ұйымдастыру: оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын бақылау

І. Қызығушылықты ояту.  Ой қозғау. ( Берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, дұрыс жауаптың  бірінші  дыбысын жазу  арқылы  бүгінгі  қайталау сабақтың  тақырыбын анықтауға болады.  Қойылған сұрақтар  әдебиет пәнінің өткен тақырыптарынан алынды)
С- Жамбыл дастандарының бірі  ( Сұраншы батыр дастаны)

А-  Қазақтың ұлы ақыны,  Шыңғыстауда  дүниеге келген  (Абай)

Л-  Рабғузи  қиссаларындағы  хакімнің  есімі   (Лұқман хакім)

А-  "Ақиқат сыйы" шығармасының авторы ( Ахмет Йүгінеки)

Л-   Сәйф Сараи дың  "Түркше Гүлстан"  кітабы  арабша    қалай аталады.  (Гүлстан би-т-түрки)

А- Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасындағы  қазақтың ханы   (Абылай хан)

С-  Алтын Орданың Сарай қаласында туған, "Түркше Гүлстан"  кітабының авторы   (Сәйф Сараи)

II.Операциялық жұмыс кезеңі

Үлестірме  қағазбен  жұмыс. /Сөйлем мүшесіне талдай отырып,салалас сөйлемнің қай түрі екенін дәлелдейді, ережесін айтады, жасалу жолын түсіндіреді.

Үлгі: Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде тұрдым. /Жалғаулықты  қарсылықты салалас  бірақ деген жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрғанын табады./

  1. Дала да, егін де, тоғай да- бәрі де сап –сары.
  2. Олжас шахтадан шығып еді,денесі сергіп сала берді.
  3. Көшеде біресе қар бұрқырап жауады, біресе алай-дүлей боран соғады.
  4. Ербол телефонды орнына қойды да, хабарды әкесіне жеткізуге асықты.
  5. Ол еш нәрсе сездірмейді, алайда жүзі сан құбылады.
  6. Топты басқаруды Ақнұрға тапсырды, себебі ұйымдастыру қабілеті ерекше болатын.
  7. Я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.
  8. Ол еш нәрсе сездірмейді, алайда жүзі сан құбылады.
  9. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

   1.Перфокартамен жұмыс

 

 

Мысалдар

                                                           Салалас түрі

Ыңғайлас

салалас

Кезектес

салалас

Қарсылықты

салалас

Талғаулы

 салалас

Түсіндірмелі

салалас

Себеп-салдар

салалас

 

Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді.

         

+

 

Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, немесе жылы көңілді суытады.

     

+

   
 

Ағаңның сенің алдыннан шықпақ ойы бар еді, - жұмыстан қолы тимеді.

   

+

     
 

Келгендер арасында  Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш  орта жастағы адам бар.

+

         
 

Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.

       

+

 
 

Қазан аспаның аузында кейде от жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.

 

+

       
                     

 

 

  1. Сәйкестендіру тесті.

 

 

 

1.Бірде, біресе, кейде                                                                Ыңғайлас салалас

 

2.Я, яки, әйтпесе                                                                       Кезектес салалас

 

3.Бірақ, сонда да, әйтсе де                                                       Қарсылықты салалас

 

4.Да,де,та,те, және                                                                    Талғаулы  салалас

 

5.Сол, соншалық мынау, мынадай                                         Түсіндірмелі салалас 

 

6.Сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені                              Себеп-салдар салалас

III. Тест  (Салалас құрмалас сөйлем)

  1. Салалас құрмалас сөйлемді тап.

а) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен+

в) Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болар

с) Сабыр сақтасаң қайтер еді, ә ?

д) Баланы жаман үйретпеу керек

2.Салаластың қай түріне жатады.

Күн батты, қараңғы түсті.

а) Ыңғайлас салалас+

в) Қарсылықты салалас

 с) Түсіндірмелі салалас 

 д) Кезектес салалас

3.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемде  қандай ойды білдіретінің анықта.

а/Біріндегі ой екіншідегі ойға қарсы болады

в/Біріндегі ой екіншідегі  ойдың себеп-салдарын білдіреді

с/Бірінде айтылған ой екіншіде айтылған  оймен мезгілдес, ыңғайлас бағытта болады+

д/Біріндегі ой екіншідегі ойды түсіндіреді

  1. Себеп -салдар салалас сөйлем жалғаулықтарын тап.

а) және, да, де,әрі.

в) мен,бен, пен.

с) өйткені, себебі,сондықтан, неге десеңіз+

д) Я, яки, әйтпесе

5.Қандай сөйлем?

Бабамнан қалған асыл бар: ол мынау жатқан өткелдер.  

 а/ Ыңғайлас салалас

 в/ Қарсылықты салалас

 с/ Түсіндірмелі салалас +

 д/Кезектес салалас

  1. "Не, яки" қай салаластың жалғаулығы ?

 а/ Себеп -салдар  салалас

 в/ Қарсылықты салалас

 с/ Талғаулы салалас +

 д/Кезектес салалас

 7.Жалғаулығы  жоқ  салаластың  қай  түрі ?                          

а/ Кезектес салалас

в/ Талғаулы салалас

 с/ Қарсылықты салалас

д/ Түсіндірмелі   салалас+

  1. Жалғаулықсыз келгенде ", - " қойылатын салаластың  құрмаластың түрін тап.

а/ Себеп -салдар  салалас

в/ Қарсылықты салалас+

 с/ Талғаулы салалас

д/Кезектес салалас

9.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап.

А) Ақжелкеннің сенімін не ел ақтауға тиіс, не тілмәш ақтауға тиіс.

в)Олжабек сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.+

с) Балалы үй базар,баласыз үй – мазар.

д/Қазір жұмысқа кіріс, әйтпесе мен сені бұл маңайдан қуамын.

10.Жай сөйлемдеріндегі  ойдың  тек  біреуіндегісі  ғана  жүзеге   асатынын  білдіретінін салаластың түрін тап.

 а) Кезектес

 в) Талғаулы +

 с)  Қарсылықты

 д/ Кезектес

Бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы. Оқушының аты- жөні: Шайкенов Ермахан

р/с

Тапсырмалар

Мүғалімнің бағалауы

Оқушының өзін-өзі бағалауы

1.

Ой қозғау. Сұрақ -тапсырмалар

 5

 

2.

Үлестірме  қағазбен жұмыс

5

 

3.

Перфокартамен  жұмыс

4

 

4.

Сәйкестендіру тесті

5

 

5.

Тест. Салалас құрмалас сөйлем

5

 

 

Рефлексия: салалас құрмалас сөйлемді толық меңгердік пе ?

Үй жұмысы: 170- жаттығу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ID: 9779 | Просмотров: 5915