Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Қазақ тілі

Сабақтас құрмалас туралы түсінік.

Сабақтас құрмалас туралы түсінік.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

 Сабақтас құрмалас туралы түсінік.

                                         Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас туралы түсінік.

                                               Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.

(Асты сызылған курсив сөздердердің орнында  оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І  кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі  «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

Көпір» (жеке жұмыс)

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

Сұрақтарға жауап бер.  Бос орынға қажетті сөздерді қой.

1.Қандай сөйлемнің түрін құрмалас сөйлем дейміз?

Ж: Ең кемі екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемнің түрін құрмалас сөйлем дейміз.

2.Құрмалас сөйлем құрылысына қарай  неше түрге бөлінеді?

Ж:   Құрмалас сөйлем құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді.

       1. Салалас

       2. Сабақтас

       3. Аралас

3. Қандай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлем дейміз?

Ж: Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысатын сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

4. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен  мағыналық  қарым-қатынасына байланысты неше мағыналық түрі бар? 

Ж:   Сабақтас құрмалас сөйлемнің  6 мағыналық  түрі бар.

       1. Шартты бағыныңқылы сабақтас

       2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

       3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

       4. Себеп  бағыныңқылы сабақтас

       5. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

       6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:                   а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады                        (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут).  Нәтижесі ауызша  марапатталады.

1-қадам  (топтық жұмыс) - теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторлары:

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

                    Бос орынға қажетті сөздерді қой.

1.Бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысатын құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарының сызбасы

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық

белгісі

1. Шартты рай

-са, -се

2. Көсемше

-а, -е, -й, -ып, -іп,

-п, -қалы, -келі,

 -ғалы, -гелі

3. Есімше

-ған        -ша –ше

(-ген)     -дай (-дей)

-ған        -да –де

(-ген)      -мен

               -дықтан

ған         (-діктен)

(-ген)      сайын

               соң

кезде

(шақта, уақытта)

  -ған –ға        шейін

   (-ген+ге      бері

-ған+нан    кейін

(-ген+нен    бұрын

  1. Етістік

      негізді

-ысымен (-ісімен)

 

2-қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Түсіну»

 критерийінің индикаторлары:

 (неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету  үшін қойылады)

Сұраққа жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.

Төменде берілген сөйлемдерді неліктен   сабақтас құрмалас сөйлем дейміз ?

1. Қыстың басы тақау болғанмен, әлі қар түсе қойған жоқ

2. Дос қолындағы етікті қайта сілтей бергенде, Ақкемпір ара түсті.

3. Біз ауылға жақындаған шақта, екі салт адам алдымыздан шоқыта берді

Ж: Себебі, алғашқы  сөйлемнің баядауышы тиянақсыз.

3-қадам-(топтық жұмыс)      теория бойынша «Талдау»  критерийінің индикаторлары:

 

1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

1-3) Берілген сөйлемдерді салыстыр, айырмашылығын  тап.

Салалас құрмалас

М: Қоянды қамыс өлтіреді, Ерді намыс өлтіреді.   

Ортақ белгілері

Сабақтас     құрмалас

М: Байсал Құнанбаймен араздасып кездескелі, Абай мен Жиреншенің кездескені осы

1. Құрмаластың бірінші жай сөйлемінің  баяндауышы   тиянақты,   салаласа байланысқан.

2. Жалғаулықсыз ыңғайласа байланысқан.

 

1. Күрделі ойдың көрсеткіші

 

1. Құрмаластың бірінші

 жай сөйлемінің

баяндауышы тиянақсыз.

2. Екі жай сөйлем  бірі екіншісіне бағына, сабақтаса байланысқан.

4) Тақырыптың басты идеясы неде?

а) Екеуі де құрмалас сөйлем.

б) Бірінші сөйлемнің ерекшелігі: оның баяндауышы тиянақты, салаласа байланысады.

в) Екінші сөйлемнің ерекшелігі:  баяндауышы тиянақсыз, сабақтаса байланысады.

4-қадам-(топтық жұмыс) теория бойынша «Жинақтау» критерийінің индикаторлары:

Қорытынды  шығар, анықтама бер,  мазмұнды жүйеле, кестені,                 тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр, немесе өзің құрастыр тағы  с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады

 

1.Тақырыптың басты идеясы негізінде құрылған тірек-сызбаны толтыр

Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің 6 түрі бар

(Сабақтас құрмалас сөйлем туралы білгеніңді жинақта)

                            

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі  «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына  «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналғанпрактика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

5-қадам - (топтық жұмыс) практикада бекіту. Практика жүзінде  «Қолдану» критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады

 

Оқулықпен жұмыс.  

        Мәтінді оқып шығып, құрмалас сөйлемдердің қайсысы салалас, қайсысы сабақтас екенін анықтаңдар. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, басыңқы, бағыныңқылардың астын сызыңдар.

    1. Халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық», - деп кемеңгерлікпен дәріптеп келе жатса да, тұрмыстан оған кереғар көріністерді аз кездестірмейміз.

2. Күні бүгін де кейбір үйге кірсең, қыл-қыбыр, көң-қоқыры есігінен төріне дейін, төрінен есігіне дейін ыбырсып жатқанын көресің.

3. Ондай үйге кіріп, дастарқанынан дәм татып, ыдысынан тамақ, сусын ішіп, үсті-басы кіршіксіз, жинақы да ыждағатты отбасы мүшелерімен әңгіме-сұхбат құрудың өзі ғанибет!

4. Кішкентайынан тазалыққа үйренген баланың өскенде соны аңсап, соған талаптанары сөзсіз.  

6-қадам (топтық жұмыс):

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Сұраққа жауап бер. 

      Сен қалай ойлайсың,  сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін бір-бірлерінен   қалай ажыратуға болады?

Ж: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін бағыныңқы сөйлеміне сұрақ қою арқылы мағынасын білуге болады.

 

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады.

Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді.  Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

 

І деңгей (5 балл)

1-қадам – (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторларына сәйкес

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар  іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)

     Бос орынға қажетті сөздерді қой.

  1. Cабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышына  етістіктің қандай тұлғалары қолданылады?

Ж: Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышын жасауда етістіктің есімше,  көсемшешартты рай  тұлғалары қолданылады.

       2.  Семантикалық карта.

Мысалдар

Салалас

Сабақтас

Аралас

Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?

 

+

 

Бұл шөп  әдемі екен,  бірақ зияны да бар.

+

 

 

Күн  шығып, ел тұра  бастады, - Нұрлан  әлі  жоқ.

 

 

+

 

3. Баламалы тест (ия-жоқ)    Сұрақтарды мұғалім оқиды  дұрыс болса ия, дұрыс емес болса жоқ деп жауап береді.         

1. Сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды. (жоқ)

2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. (ия)

3. Құрмалас сөйлемдер күрделі ойды білдіреді. (ия)

4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің 4 түрі бар (жоқ)

2-қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес        (ІІ кезеңдегіге 5-қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

Сәйкестендір

1. Біздің  заманымызда  не  көп

2. Ауыл  осы  қонысқа  кейін  орналасқаннан  бері  қарай,

3. Еңбегін сіңірмесе

4. Қайнайды қаның, ашиды жаның,

1. ешкімге бидай бермеңдер

2. мінездерін көргенде

3. сан  түрлі  таң  ғажайып  мамандық  көп

4. ол  бір  күн  дамыл  танытқан  емес.

 

 

1-аралық нәтиже:

Бірінші  деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі  –  бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын  меңгере алмаса.

 

ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

1-қадам (жеке жұмыс)  - теория бойынша «Түсіну»

критерийінің индикаторларына (неге? неліктен? себебі? не үшін?) сәйкес

 сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету  үшін қойылады.

Сұрақтарға жауап бер.  Бос орынға қажетті сөздерді қой.

  1. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышы неліктен тиянақсыз болып жасалады?

Ж:        Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемінің баяндауышы  тиянақсыз болу себебі, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге бағына,  сабақтаса байланысады.

2-қадам (жеке жұмыс)   - теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторларына сәйкес

 (1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз) деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады..

1-3)  Венн диаграммасы арқылы салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді салыстыр.

                                   Салалас                        Ортақ белгісі                          Сабақтас          

4) Тақырыптың басты идеясы неде?

а)  Екеуі де  күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлем.

б) Салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі: Құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып тең дәрежеде байланысады.

в) Сабақтас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі: Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарға бағына байланысады.

3-қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес        (ІІ кезеңдегіге 5-қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы  орындалады)

Оқулықпен жұмыс.

123-жаттығу. Берілген сөйлемдердің сұрақтарын қойып, баяндауыштарының жасалу жолдарын кестеге қарап түсіндіріңдер.

  1. 1. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
  2.  2. Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
  3. 3. Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай.

                                            2-аралық нәтиже:

Бірінші  деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі  –  бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын  меңгере алмаса. 

 

ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Жинақтау»

критерийінің қорытынды шығаруға бағытталған индикаторлары:

Қорытынды  шығар, анықтама бер,  мазмұнды жүйеле, кестені,  тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы  с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген   тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады..

 

С

Т

Л

А

Ш

Ы

У

А

Т

Қ

Ы

Н

Т

Ұ

Й

Ы

З

А

Л

А

Р

С

Ы

Р

А

С

А

Л

Қ

Ұ

Р

М

А

Л

А

Л

С

А

Т

Қ

Б

А

Сөзжұмбақты шеш:

 

 

           
     

С

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Тең дәрежеде байланысатын құрмалас сөйлемнің түрі қалай аталады?

2. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемнің түрі.

3. - ға, -ге, -қк, -ке  қай септіктің жалғауы?

4. Бірнеше жай сөйлемнен құралып салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас сөйлем қалай аталады?

5. Дауысты дыбыстан басталып дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын түрі қалай аталады?

6. Заттың атын білдіретін сөз табы.

7. Кімнің? Ненің сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі қалай аталады?

8.Табыс септігін қажет етпейтін етістік түрі.

2-қадам (жеке жұмыс):

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.

  1. Берілген өлең жолдары кімдікі, сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі? Баяндауыштарын тауып жасалу жолын түсіндір.

Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?

Ж: 1.М. Өтемісұлы.

2. 1803 – 1846 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген.

 3. “ Ереуіл атқа ер салмай ”, “Жалғыздық ”,     “ Мұнар күн ”

Өлеңнің құрамындағы сабақтас құрмалас сөйлемдер көп бағыныңқылы жарыспалы сабақтас құрмалас сөйлем.

  1. «Көктем»  тақырыбында сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  қатыстырып   мәтін  құрау.

3-нәтиже:

Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).     

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Валибаева Аида Токтасыновна

Алматы облысы Өтеген батыр кенті № 7 орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Қазақ тілі | Қосты: 770530401997 (20.01.2015) | Автор: Валибаева Аида Токтасыновна W
Көрсетілім: 1312 | Ілмек сөздер: құрмалас., Сабақтас | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 53
Қонақтар: 53
Тіркелгендер: 0