Сайт учителя начальных классов
.
Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты. 
1.Білімділік:  Құрмалас  сөйлем туралы түсінік беру
2.Дамытушылық:  сөйлемнің түрлерін  ажырата білуге  сөйлем мүшелеріне талдай алуғадағдыландыру
3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба
Сабақтың түрі:   жаңа      сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау 
75-жаттығу
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау
 Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады. Атқаратын қоғамдық қызмет жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір: екеуі де ойды (бірі ¬жалаң ойды, екіншісі - күрделі ойды) білдіреді, ойды жарыққа шығарады, оны басқаларға білдіреді, сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады. Сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады. 
құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке сөздерден құралады. Бұл - жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің құрылысы, құрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұлардың бір-бірінен мағыналық өзгешелігі - жай сөйлемнің жеке бір ойды білдіріп, құрмаластың күрделі ойды білдіруінде. 
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы үшінші айырмашылық олардьщ айтылуында: жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады; құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары екіншісімен ұласпалы интона¬циямен айтылады. Басқаша айтқанда, жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да аяқталған ОЙДЬІ білдіреді де, өз алдарына бір бүтін болып саналады. құрмалас сөйлем сыңарлары интона¬циялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.


ІV. Cабақты меңгерту
84-  жаттығу   
85-жаттығу Көшіріп жазу  талдау жасау
V. Сабақты қорытындылау.
Жай сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
VІ. Үйге тапсырма беру.
86-жаттығу
VІІ. Бағалау

ID: 3038 | Просмотров: 1904