Сайт учителя начальных классов
.
Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Құрмалас сөйлем

Панель 1
Панель 2

Құрмалас сөйлем

а) екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем
ә) екі я одан да көп жай сөйлемдерден болып, күрделі ойды білдіретін сөйлем
б) екі жай сөйлем, не бірнеше жай сөйлемнен тұрып күрделі ойды білдіретін күрделі сөйлем

Құрмалас сөйлемнің түрлері 
Сабақтас, салалас, аралас

Салалас
Ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес,түсіндірмелі.
Салалас құрмалас сөйлем 
а) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде  байланысқан құрмалас сөйлем түрі
ә) құрамындағы екі,не одан да көп жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып байланысқан құрмалас сөйлем түрі

Салалас құрмалас сөйлем (мысал)
а) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. 
ә) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. 
б) Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнардың тынышы кетті, сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа  біржола көшіп келді. 

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем   
а) құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ойдың екіншіге мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас қарым-қатынаста болатын салалас түрі. 
ә) құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі ойға екіншісіндегі  ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас қарым-қатынаста болып келетін салалас 
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем (мысал)  
а) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген  сылдырады, шөп суылдады. 
ә) Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады. 
б) Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім. 

Қарсылықты салалас
а) құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама–қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі 
ә) салалас  құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне  қарама-қарсы мәнде айтылған түрі
Қарсылықты салалас (мысал)
а) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты
ә)Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық бұрынғыдай мазасыздандырмайды
б) Бас болмақ оңай,- бастамақ қиын. 

Түсіндірмелі салалас құрмалас
а) құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай қарым-қатынаста болатын салалас түрі 
ә) құрамындағы жай сөйлемдердің бастапқысы соңғысына меңзеп, ал соңғысы бастапқы сөйлем мазмұнын ашатындай қатынаста болатын салаластың түрі
Түсіндірмелі  салалас құрмалас сөйлем (мысал) 
а) Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді:
ол-Сырдария бойының маса-сонасы мен құрт-құмырсқа, бақа-шаян деген сияқты шақпалы жәндіктері 
ә) Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі партизан шалды көз алдарында шын көріп тұрғандай болды 
б) Көпшілік екі мәселеге көбірек тоқтады: бірі-жеміс отырғызу мәселесі, бірі- ағаш қондыру мәселесі

Себеп-салдар салалас  құрмалас  
 а) құрамындағы жай сөйлемдердің  алдыңғысы соңғысының  немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салаластың түрі 
ә)құрамындағы жай сөйлемдердің бастапқысы кейінгісінің, не кейінгісі бастапқысының себебін білдіретін салалас түрі 
Себеп-салдар салалас (мысал)    
а) Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді 
ә) Бұл егіннің  дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді 
Талғаулы салалас құрмалас  
а) құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың үрі 
ә) құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі іс-оқиғаның орындалуын болжайтын түрі 
Талғаулы салалас (мысал) 
а) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар
ә) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын 
б) Ауылдан тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба? 
в) Дәулеткелді бұның не сөзінен қызық күтеді, не бір мінінен әлдеқандай қызық күтеді

Кезектес салалас құрмалас
а) құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас түрі 
ә) құрамындағы жай сөйлемдердегі іс-оқиғалар кезектесіп келетін іс салалас түрі 
Кезектес салалас құрмалас (мысал)
а) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады 
ә) Машина жүрісін шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді 
б) Біржан біресе бұлбұл нақысты көп ырғақты «Жиырма бесті»
созады, біресе назды қоңыр  кең тынысты «Жанбота» шығады 

Сабақтас құрмалас сөйлем 
а) құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан түрі.
ә) құрмалас ішіндегі жай сөлемдердің бастапқысы тиянақсыз болып,  кейінгісіне бағына байланысқан түрі 
Сабақтас
Шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы , себеп бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы.

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас  
а) бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтастың түрі 
ә) сабақтастың бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің шарты болып келетін түрі 
Шартты бағыныңқы (мысал)  
а) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың 
ә) Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым күшейеді 
б) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас 
а) басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы айтылған іске басыңқыдағы іске қарсы қойыла айтылған сабақтастың түрі 
ә) сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы бөлігіндегі іске бағыныңқы бөліктегі айтылған іс немесе бағыныңқы бөліктегі іске басыңқы бөліктегі іс қарсы қойыла айтылған сабақтас түрі 
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас (мысал) 
а) Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды 
ә) Ұлберген кедей болғанмен, киім – кешектерін таза ұстайтын 
б) Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен 

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас   
а) Бағыныңқысы  басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін түрі
ә) Сөйлемнің бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігінде айтылған ойдың себебін білдіретін түрі 
Себеп бағыныңқы (мысал) 
а) Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ 
б) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді 
в) Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнынан ұшып тұрады, біресе отырады

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас  
а) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін түрі 
ә) Бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің мезгілін білдіретін түрі 

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас 
Бағыныңқысы басыңқыдағы  істің, амалдың қалай  орындалғанын білдіреті түрі 
Қимыл – сын бағыныңқы (мысал)
а) Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпет сулайды .
ә) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді 
б) Мезгілсіз үркіп кеткен ұйқының қайта оралуын тоспай-ақ, жол аушылар тағы да жолға шықты

Мақсат бағыныңқы сабақтас 
а) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін түрі 
ә) бағыныңқы бөлік басыңқы бөліктегі істің мақсатын білдіретін түрі 
Мақсат бағыныңқы сабақтас (мысал)
а) Ана мен балның бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты 
ә) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбеккүн көп болуға тиісті 
б) Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар 

Көп бағыныңқы сабақтас 
а) құрамында екі, не одан да көп бағыныңқы сөйлем бар сабақтас түрі 
ә) Құрамындағы екіден көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі
б) Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан түрі 
в) Бағыныңқы сөйлемдері  басыңқымен тікелей байланыспай, өзара біріне –бірі  бағынып барып байланысқан 


Аралас құрмалас  
Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмалас түрі
Аралас құрмалас  (мысал)
а)Кү шығып, ел тұра бастады, Нұрлан жоқ 
ә) Қорған кезінде топырақ араластыра тастан алған екен де, бұл кезде қорғанның үстінде жыңғыл мен шеңгел аралас шығып өзінше ол да бір сән беріп тұр 
б) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынан тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді ат етпетінен түсті 

Төл сөз     
а) Біреудің сөзі ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізілуі 
ә) Пікір айтушының ойының еш өзгеріссіз жеткізілуі 
б) Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде берілген сөз

Төл сөз (мысал) 
а) –Бұл қыз менің қарындасым ,-деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін біліп 
ә) –Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау ұшін 
б) –Жақа, біздің балалар қолға алса, іс осылай тез бітеді – деді ол

Төлеу сөз 
а) Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын сақтап қана жазылуы. 
ә) Біреу пікірінің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны ғана сақталып жазылуы 
б) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілетін сөз

Төлеу сөз (мысал) 
а) Кенжетай Асқардың сұрағысы келгенін біліп, бұл қыз өзінің қарындасы екенін айтты 
ә) Итбай сөз бастау үшін, бұл үйдің жанының нешеу екендігін сұрады

ID: 2614 | Просмотров: 24836