Практикалық жұмыс 5 сынып

Сыныбы: 5
Пән атауы: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс (дауысты дыбыстар)
Сабақтың мақсаты: Фонетика саласы және дауысты дыбыстардың жасалуы туралы мағлұмат алу. Қосымша тапсырмалар жүргізу арқылы оқушы білімін нығайту.
2. Тәрбиелік: адамгершілікке, елжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: дауысты дыбыстардың түрлерін ажырату және фонетикалық талдауды жасай білу дағдыларын қалыптастыру; түрлі тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ, Оқытуды басқару және көшбасшылық
Стратегиялық іс әрекет: «Кластер» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Семантикалық карта» әдісі, «Домино» әдісі, «Сатылай кешенді талдау» әдісі

Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті Ресурстар
2 мин І. Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» Мұғалім «Шаттық шеңбері» оқушылармен амандасып, оларға сәттілік тілейді. Оқушылар «Шаттық шеңбері»нде мұғалім айтқан сөзді қайталап , бір-біріне сәттілік тілейді.
3 мин Тақырыпқа шығу
Мұғалім оқушыларға ноутбуктан құстардың дыбысын тыңдатып, қазақ тілінде бұл қалай аталатынын сұрау арқылы тақырыпқа шығу.
Оқушылар сұраққа жауап береді. Дыбыстың неше түрі болады? Дауыстыларды айтқанда адамның қандай мүшелері қатысады? Сұрақтарға керекті суреттер таңдау(2, тіл, жақтың, ерін)
7 мин Өтілген тақырыптарға шолу жасау
«Кластер» әдісі Мұғалім парақша таратады және тапсырманы топтарға түсіндіреді.
«Дауысты дыбыстар» саласына байланысты тақырыптарға кластер құрады және топтан 2 оқушы ортаға шығып топ атынан өздерінің тақырыбын қорғайды. Ноутбук, оқулық,
дәптер,
қалам
10 мин Негізгі бөлім
«Миға шабуыл» әдісі
І. Әр түрлі фигуралардың көмегімен
топтарды орындарынан қозғау.
«Кім тауып оқи алады» ойыны
«Қай әріпті жоғалттым» «Жасырынған әріптер»
«Домино» 1. Оқушылар берілген әріптерден сөздер құрастырады.
2.Берілген сөздердің қалып қойған әріптерін табу.
3.Әліпбидегі әріптердің ретін қойғанда жасырынған сөзді оқу.
4.Дауысты дыбыстарды жинақтау
дәптер,қалам
домино тасы
17 мин Сабақты бекіту
«Сатылай кешенді талдау» әдісі
«Мен саған,сен маған»
.Мектеп

Тапсырманы түсіндіреді.
Оқушылар берілген сөзге математикалық талдау жасайды

Жұмбақ жасыру Оқулық, дәптер,қалам

2 мин Бағалау.
Мұғалім сабақ басында топ басшыларына бағалау парақшаларын таратады. Топ басшысы бағалау парақшасын толдырып отырады.
Бағалау парақшалары
2 мин Үйге тапсырма Дауысты дыбыстан басталатын 5-5тен құстар мен өсімдік атауларын жазып келу. Дауысты дыбыстарға байланысты жұмбақ өлең шығару. Оқушылар берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды. Оқулық, дәптер, калам,

2 мин Рефлексия.
«Нысана» бағалау әдісі Мұғалім оқушылардың бағалауына көңіл бөледі Оқушылар өздерінің сабақ жайлы бағаларын «нысана»әдісімен көрсетеді.

Автор: Батабаева Зайра Қабдоллақызы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік жалпы орта білім беру мектебі

18
Декабрь
0
2367
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.