Ортақ етіс

 Ортақ етіс

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Новокубанка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Еженхан Майра

Сыныбы

 6 -сынып

Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Ортақ етіс

Сабақтың ұстанымы:

Білекке емес, білімге сен!

Сабақтың мақсаты:

*Етістің  басқа түрлерін еске түсіре отырып, түрлі тапсырмалар  арқылы  ортақ етіс туралы түсіндіру.

*Берілген тапсырмалар арқылы сөздің мағынасын түсініп, дұрыс қолдануға үйрету, тұлғалық талдау жасай білуге дағдыландыру.

*Оқушылардың ой-өрісін , есте сақтау қабілетін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

*Жалпы етістіктің түрі етістер туралы білімдерін кеңейтіп,оларды бір-бірінен ажырата алады;

*Етістерге тұлғалық талдау жасап үйренеді;

* Ақпараттарды қабылдап, қорытынды жасай біледі;

* Ұйымшылдыққа, сенімділікке үйренеді.

Дереккөздер:

Интербелсенді  тақта,суреттер, түсіндірме сөздіктер,бағалау парақтары, маркерлер.

Сабақтың әдісі:

«Миға шабуыл», «ББҮ» әдісі, семантикалық карта, топпен жұмыс, жеке жұмыс,«Кубизм» әдісі, постер қорғау.

Сабақтың типі

Жаңа білімді игерту

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің  іс-әрекеті                 

Оқушының іс-әрекеті

І Үйымдастыру кезеңі

 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

 

 

 

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткіземін.

 

 Оқушылар кітап құралдарын даярлайды. Кезекші оқушы сыныптың  сабаққа түгел қатысқандығын хабарлайды

 

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, бүгінгі сабаққа  ынталарын арттырады.

Топқа бөлу

Мақал –мәтелдер арқылы топқа бөлу.

 

Оқушылар таратылып берілген мақал –мәтелдердегі етістіктердің болымды, болымсыз түрлеріне қарап бөлінеді

Өткен сабақты пысықтау.

ІІ Үй тапсырмасы

«Кубизм» әдісі бойынша сұрақтар қою.

 

 

Оқушылар ретімен сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ Мағынаны тану

«ББҮ» сызба әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімді нақтылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау

ІІІ Миға шабуыл

- Балалардың назарын шағын бейнероликтерге аудару.

 Балаларға ондағы адамдар судағы және құрлықтағы жан- жануарлардың  сан қилы қимылдарын көрсету.

 

Иә, дұрыс айтасыңдар. Айналамыздағы тіршілік атаулының бәрі қимыл үстінде.

Ал осы қимыл әрекеттерді жасауда екінші біреудің қатысуы арқылы орындалатын етістіктің түрі етістер туралы сабағымызды жалғастырсақ.

 

 

Кестені толтырып шығыңдар.

Ендеше балалар білгім келеді бағанына жауап іздейтін боламыз.

Бүгінгі сабақта етістің бір түрі ортақ етіс туралы, қандай жұрнақтар арқылы жасалатындығын және де салт етістікті  сабақты етістіктерге немесе керісінше айналдыра ала ма деген сауалдарға жауап іздейміз.

Жаңа ақпарат

 Слайдқа жазылған сөйлемдердегі етістіктерге тұлғалық  талдау жасай отырып, ортақ етіс туралы түсіндіремін.

Ортақ етістің жұрнақтары қатысқан бірнеше мысалдар келтіре келе, ұғымдарын кеңейтемін.

Толықтыру тест арқылы етістер туралы түсініктерін  кеңейте түсемін. Қайта бағыттау сұрақтарын қоямын.

 

 

Сөздікпен жұмыс

Сөйлемдерде берілген асты сызылған сөздерге түсінік беріп кетемін.

Оқулықпен жұмыс

247-жаттығуды орындау. Бірнеше етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау.

Постер қорғату

Екі топтағы оқушыларға суреттер таратып беріледі. Олар етістің мағыналық түрлеріне қарай суреттерді топтастыру.

 

 

Оқушылар бейнероликтерді көре отырып, күнделікті өмірде біз сан қилы әрекеттер жасайтынын, тіпті қимыл - қозғалыссыз өмір сүре ала алмайтындары туралы өз ойларын білдіреді. Тіптен оны елестету мүмкін де емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар осы сабаққа дейінгі етістер туралы не  білетіндерін, одан кейін білгісі келетіндерін жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мұғаліммен бірге жаңа ақпаратты меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

Слайдта көрсетілген етістіктерге тиісті етіс жұрнақтарын қойып, талдап шығады.  Қойылған сұрақтарды екінші бір оқушы толықтырып отырады.

 

Оқушылар сөздік дәптерлеріне жазып алады.

 

Оқушылар берілген етістіктерді ортақ етіс жасап жазады.

 

 

 

Топтағы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, суреттерді топтастырып жабыстырады.

Ортаға шығып қорғайды. Етістерге байланысты сөз тіркестерін оқып, ережемен түйіндейді.

Қорытындылау

Семантикалық карта арқылы сабақты түйіндеймін.

Оқушылар дербес жұмыс істейді.

Бағалау

Критерийлері жазылған бағалау парақтары алдын-ала таратылып беріледі.

Топта көшбасшылық жасап отырған оқушылар өзін және достарын бағалайды.

Рефлекция

Сабақ не туралы болды?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың?

Әрқайсысына таратылып берілген кері байланыс парақшасына белгілейді.

Үй тапсырмасы

249-жаттығу

 Етістерді қайталау

Күнделіктеріне белгілеп алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: Майра Еженхан

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новокубанка орта мектебі

18
Декабрь
0
2051

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.