Сайт учителя начальных классов
.
Омонимдер.

Омонимдер.

 Омонимдер.

Сабақтың  тақырыбы :      Омонимдер

Сабақтың мақсаты :

 а) Оқушыларды сөз мағынасына мән беруге, сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

 ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                            Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                           сұрақ-жауап, тілдік талдау, топтастыру,

                                                         баяндау, ой-қозғау стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі :               үлестірмелі кеспе қағаздар, презентация

Пәнаралық байланыс :               әдебиет

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын пысықтау
  3. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. Деңгейлік тапсырмалар

      5. Үйге тапсырма беру

      6. Сабақты қорытындылау

      7. Бағалау

 

  1.   Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               2.   Үй тапсырмасын пысықтау :

Оқушылар сіздерді пресс-конференцияға шақырамын.

1. Көп мағыналы дегенге қалай түсінесің?

2. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

3. Көп мағыналы сөздер қалай жасалады?

4. 60, 61 – жаттығуларды тексеріп шығу.

 

  1. Жаңа сабақты түсіндіру :

Сабақтың эпиграфы:

Құдіретті жасай бер, анам тілі,

Өзің барда ғажап – ақ ғалам күллі.

Шабыт құйып, сән беріп сендік қуат

Жол көрсетіп, әрлейді әрбір күнді.

Ереже:  Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді.Сыртқы формасы жағынан, яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.

   Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы оларды білдіретін мағынасынан көрінеді. Көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз тобына, әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады. Мысалы : Қара : 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз ; 2) тақтаға қара – қимыл-әрекетті білдіретін етістік.

   Айт : 1) айт болды – діни мейрам ; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу ; 3) айт-итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз..

Интербелсенді тақтада берілген сөйлемдердің ішінен омонимдерді табыңыздар.

  1. Құрманғазы бір күйден соң бір күйді төгілтіп отыр.

2. Күйдің құдіретіне сиқырланған ел – жұрт

жым – жырт болып, тамаша күйге бөленді.

3. - Қоя берші қолымды, қоя бер, қолым күйді

4. Құрманғазы жас қыздан мұны күтпеген еді.

5.Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді.

6. Боздаған ботасына зар илеген,

Екі көз жасты өзендей сорғалатып.

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

1-қатар – «Айт» сөзіне

2-қатар – «Жүз» сөзіне омоним болатын бірнеше сөйлем құраңыздар

2-деңгей

1-қатар – «Ақ» сөзіне

2-қатар – «Қара» сөзіндерінің омонимдерін табыңыздар

3-деңгей

Мынадай үлгіде әзіл өлең құрастырып, өлең шумақтарында міндетті түрде омоним  сөздер болу  керек.

Мысалы:   Бүгін кеште ауылда,

                  Қызықты бір кеш болды.

                  Аяғымен су кешіп,

                  Айыбымды кеш деді.

Жасырын сөздерді табу

     ... ұзын, ақылы қысқа. (шашы)

  Арман құстарға жем ... . (шашты)

Айнұр ...  тыңғылықты дайындалды. (сабаққа)

Оқушылар мұғалімдерімен бірге гүлдің  ...   мен тамырын микроскоппен қарады. (сабағы)

Айгүл тәтті ұйқыда жатып, ... көрді  (түс)

Төрт ат таласа – тармаса Көкөзекке қатар ... . (түсті)

Шешеннің сөзі ортақ,

Шебердің ... ортақ. (қолы)

Шешен жігіт сөз бастар,

Батыр жігіт ... бастар. (қол)

Білімді бекіту : 1.Омонимдер дегеніміз не?            2.Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден қандай айырмашылығы бар:     3.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 70 – жаттығудағы айт,жөн,ен,бөле сөздерді омоним болатындай бірнеше сөйлем құрап жазуға беремін.

ID: 8677 | Просмотров: 4763