Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Қазақ тілі

Менің отбасым. Жалғаулар.

Менің отбасым. Жалғаулар.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің отбасым. Нәтиже сабақ.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы:Жалғаулар.(көптік, тәуелдік, жіктік,септік)
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: өткен тақырыптарды қайталап, оқушылардың алған білімдерін пысықтау.
2.Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа ата-ананы сыйлауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже, қайталау сабағы.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет
Көрнекіліктер: АҚ слайдтар, кестелер, сызбалар, сөзжұмбақ, жетондар.

Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Балалар, мен қазір қысқаша әңгіме оқимын, ал сендер мұқият тыңдаңдар.

Қолқанат

Сәкен ұқыпты болды. Үстін таза ұстайтын еді. Біз жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздыгүні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Ол бізді бұлаққа алып барады. Мөлдір бұлақ басында жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындастарымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады. Олардың шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз- осы. Апамыз Сәкеннің маңдайынан сүйіп:
-Қолқанатым менің,-дейтін.

-Балалар, әңгіме кімнің отбасы туралы?
-Дұрыс, Сәкен Сейфуллиннің отбасы туралы.
-Ол кім?
-Ақын, жазушы, драматург.

Ал , ендеше, балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады деп ойлайсыңдар?
Дұрыс, «Менің отбасым» Нәтиже сабақ. Өйткені осы тарауда өтілген тақырыптарды қайталап, әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы пысықтаймыз.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: көптік, жіктік,тәуелдік жалғаулары.

-Балалар, қазақ тілінде неше жалғау бар?
-Қазақ тілінде төрт жалғау бар: жіктік, көптік, тәуелдік, септік.
-Ал септік жалғауымен біз келесі сабақтан бастап танысамыз.

Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, біз үш топқа бөлініп отырайық. Әр топтың оқушылары, яғни сендер, өз топтарыңа ат қоюларың керек. Сендерге сондай үй тапсырмасы берілген еді.
-Ал бірінші топ қалай аталады?
-Неге олай атадыңдар?
-Ал екінші, үшінші топтар қалай аталады?

Сөздік жұмысы.
Сұраққа жақсы жауап берген топтың оқушылары жетондарға ие болады.

ІІ.Мотивация кезеңі.
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда сендердің отбасыларыңа қонаққа барамыз. Ал оны қалай істейміз? Сендер өз отбасы мүшелеріңнің суреттерін алып келдіңдер. Сол суреттер бойынша біз сендердің әңгімелеріңді тыңдап, үйлеріңдегі кісілермен танысамыз. Міне, менің қонаққа барамыз дегенім сол.

Енді , балалар, назарларыңды мына тақтаға аударыңдар.
Тақтада әр оқушының суреттері слайд бойынша тізілген. Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып, өзінің отбасы туралы әңгімелеп береді. Мұғалім әр оқушыға бір-екі сұрақ қояды.
-Сен қай ауылда тұрасың?
-Сенің әжең, атаң бар ма?
-Олар қайда тұрады? т.б.
Міне, балалар, біз сендердің үйлеріңде қонақта болдық. Мен біраз шаршадым. Ал сендер ше? Енді демалсақ қайтеді?
ІІІ. Сергіту сәті. Сергіту жаттығулары
Тік ұста бойыңды,
Жоғары соз қолыңды.
Тағы да соз жоғары,
Жеткіз жираф бойына.

1,2,3,4,5. Қандай жақсы кез,
Қолымызды көтеріп,
Саусақтарға қарайық.
Қолымызды кең жайып,
Қайта алға қояйық!

1. «Ойна да ойла»- дегендей қазір үш топтың оқушылары «Отбасы» сөзжұмбағын шешеді.(1 минут уақыт беріледі). Қай топтың оқушылары бірінші болып жауабын дұрыс жазса, сол топтың оқушылары бірінші орынға ие болады.
2. Ал келесі ойынымыз «Кім көп сөз табады?»- деп аталады. Ойынның шарты: Шеңберді айнала әріптер жазылған. Сол әріптермен сөздер құрастыру керек. Сағаттың тіліндей әріптерді оңға да, солға да қолдануға болады. Тек «А» әрпі мен «і» әрпін екі рет қолдануға болады.
Сол сөздердің ішінде отбасына байланысты қандай сөздер бар?
Бұл ойынға екі минут уақыт беріледі.

Балалар, мен сендерге келесі сабаққа отбасына бацланысты өлең, тақпақ немесе жұмбақ дайындап келіңдер деген едім. Сол тапсырманы орындадыңдар ма?

Егор мен Саша қазір сендерге өздері дайындап келген жұмбақ-өлеңдерін айтып береді.

1. Жұмбақты шеш
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұрағатың,
Айтады кәне, кім атын?
(А..а, а..а, а...а, а..а, і..і).
2. Кел, санайық.
Үйде нешеу екенбіз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым-әкем,
Балаң-үйрек-апам,
Ортан терек-ағам,
Шылдыр шүмек- мен,
Кішкене бөбек-сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

ІV. Сабақты пысықтау.
Балалар, біз бүгін лексикалық тақырыптарды қайталадық, ал енді грамматикалық тақырыптарды да қайталайық . Көптік жалғауының ережесін кім айтады? (Оқушы айтып болған соң тақтада кесте пайда болады). Жіктік жалғауы мен тәуелдік жалғауының ережесін де оқушылар мысалдар келтіру арқылы айтып береді. Сонан соң осы үш тақырып бойынша үш топқа карточкалар беріледі.

1. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңдар.
2. Ағаш, сағат, үй, гүл, адам, кітап, дәптер, қағаз, қалам.
3. «Суретші» сөзін жекеше түрде жіктеңдер.
4. «Ауылым» сөзін жекеше түрде тәуелдеңдер.

Балалар, Алена мен Славаның тапсырмаларын тыңдайық.
А) Алена- 44-ші беттегі 1-ші тапсырмаға қарап, өз әңгімесін құрастыруы керек.
Ә)Слава 46-шы беттегі 4-ші тапсырмаға қарап, үлгі бойынша диалог құрастыру керек.
Оқушылар бұл тапсырмаларды дәптерлеріне жазады.

V.Қорытынды. Бағалау.
Балалар, бүгін біз сабақта «Менің отбасым» тарауы бойынша тақырыптарды қайталап, әр түрлі тапсырмаларды орындадық. Бұл сабақта сендер өз отбасыларыңды сыйлап, ата-аналарыңды құрметтеп, оларға көмектесетіндеріңді айттыңдар.Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Оқушылар өз пікірлерін айтады.
Сонан соң үш топ оқушыларына ақ парақ таратылады. Ол параққа әр топтың капитаны өз тобындағы оқушыларға бағалар қояды. Соңында мұғалім қойылған бағаларды талқылап, өз бағасын айтады.

VІ. Үй жұмысы.
1.Көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын қайталау.
2. «Менің анам» әңгімесін дайындау.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Галеева Әлия Тастанбекқызы

Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Розовка жалпы орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Бөлім: Қазақ тілі | Қосты: AGT10 (20.02.2015) | Автор: Галеева Әлия Тастанбекқызы E W
Көрсетілім: 1430 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 24
Қонақтар: 24
Тіркелгендер: 0