Сайт учителя начальных классов
.
Меңгеру

Меңгеру

Меңгеру

Ашық сабақ

Пәні: қазақ тілі

Класы:7

Пән мұғалімі: Тасболатова М. С.

Сабақтың тақырыбы: Меңгеру

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушылар меңгеру туралы мағлұмат алады, ерекшеліктеріне тоқталып, түрлі тапсырмалар орындау арқылы білім алады;

дамытушылық: шығармашылық жұмыстар негізінде  ойларын еркін жеткізуді дамыту;

тәрбиелік: кітапқа құмарлығын оятып, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, топтастыру, шығармашылық тапсырмалар.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.

А) амандасу  Ә) оқушыларды түгендеу    Б) сабаққа зейінін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

229-жаттығу. Қиысуды табу. Матасуға 5 сөйлем құрастыру.

1.Қиысу дегеніміз қандай байланыс түрі?

2. Матасу дегеніміз қандай байланыс түрі?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. «Моншақ жасау». Берілген матасу мен қиысуды кезекпен орналастыру қажет.

Баланың ойыншығы, әке сөйледі, кітаптың беті, мұғалім ескертті, дала жануары, қыздар биледі, оқушының дәптері, балалар ойнады,  үй жиһазы, торғайлар ұшты, Асанның добы, балық жүзді.

ІV. Жаңа сабақ.

Қуыршақпен ойнады, кітап оқыды, далада жүзге тарта, досымен сырласты, барымен базар.

-Оқушылар, мына мысалдарға қарап отырып, қандай ереже шығаруға болады?

(оқушылар өз ойын айтады)

-Дұрыс айтасыңдар!

Барыс септігі

Табыс септігі

Жатыс септігі

Шығыс септігі

Көмектес септігі

Жақсылыққа жақсылық, еңбегіне қарай өнбегі

Дорбаны ашты, қайтуды ойлады, жоқты неден табар.

Сыныпта отыру, кезекке тұру, киноға бару.

Біреуден білді, қаладан қашық, ауылдан шықты.

Еңбекпен тапқан, техникамен жабдықтау, жаңашылдықпен қарау.

 

V. Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс. 235-жаттығу.  Мәтіндегі сөйлемдерден меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін табу.

Сырыңды шашпайды, әр уақытта көмектеседі, айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді,  кітапқа қайырымды бол, кітаптан үйренген, жақсылығыңды үйрет, жұртқа үйрет.

«Тапқырлар аялдамасы» ойыны.

Жақсы – жаныңа  жолдас, жаман- малыңа жолдас.  Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.

Жаныңа жолдас, малыңа жолдас, қоянды өлтіреді, жігітті өлтіреді.

238-жаттығу.  Әр сөйлемнің бір-бірінен ара-жігін ажыратыңдар, тыныс белгісін қойып  4 сөйлемін көшіріңдер. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін табыңыздар.

Қажымұқан жас кезінен күшті болған бала. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел таңғалады екен.  Қыстың қақаған шағында  бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап, мұзға тайғанақтап мертігіп  қалыпты.

VІ. Сабақты қорытындылау. Семантикалық картамен сергіту сәті

Сөз тіркесі

қиысу

меңгеру

матасу

Етіст. тіркес

Есімд.

тіркес

Жалғау арқ.

Инт. арқ.

Шылау арқ.

Орын тәрт.

Көпірден өту

 

+

 

+

 

+

 

 

 

Күннің көзі

 

 

+

 

+

+

 

 

 

Ғалымның хаты

 

 

+

 

+

+

 

 

 

 Бала сөйледі

+

 

 

+

 

 

 

 

+

Елорда-Астана

+

 

 

 

+

 

+

 

 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы

 

 

+

 

+

+

 

 

 

Оқушыға берді

 

+

 

+

 

+

 

 

 

Жиын болыпты

+

 

 

+

 

 

 

 

+

Телефон арқылы сөйлесті

 

 

 

+

 

 

 

+

 

Біздің халық

 

 

+

 

+

+

 

 

 

239-жаттығу. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін теріп жазу.

Дауысынан оянып кетті, беттерінен сүйіп, қалаға оқ атуы мүмкін, үйлерге оқ атуы мүмкін,балконға шығып, казармаларға көз жіберді, зеңбірек алаңдарына көз жіберді,ат қоралар жаққа көз жіберді, терезелерден көз жіберіп тұрған, тың тыңдады, құшағында мүлгіген,  қаланы әбігерлендіріп.

Өзен жағасы        біреу келді     оқуға аттанды   атасының еркесі    кітаптан тапты       бала жүгірді    

Үй тапсырмасы:236-237-жаттығу.

Бағалау.

Кеспе қағазы

«Моншақ» ойыны.  Берілген  қиысу мен матасуларды кезекпен орналастыр.

Балық жүзді ,мұғалім ескертті,  баланың ойыншығы,  әке сөйледі,  балалар ойнады,   кітаптың беті, дала жануары, қыздар биледі, оқушының дәптері, үй жиһазы, торғайлар ұшты, Асанның добы.

Кеспе қағазы

«Моншақ» ойыны.  Берілген  қиысу мен матасуларды кезекпен орналастыр.

Балық жүзді ,мұғалім ескертті,  баланың ойыншығы,  әке сөйледі,  балалар ойнады,   кітаптың беті, дала жануары, қыздар биледі, оқушының дәптері, үй жиһазы, торғайлар ұшты, Асанның добы.

ID: 5920 | Просмотров: 2447