Сайт учителя начальных классов
.
Матасу

Матасу

Матасу 

Сабақтың тақырыбы: Матасу                             

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: матаса байланысқан сөз тіркестерінен алған білімдерін пысықтай отырып,балаларға өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Дамытушылық:шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстар жүргізу,тілдерін жетілдіру,матасу туралы білімдерін бір жүйеге келтіру.

Тәрбиелік:талдауға алынған мысалдар арқылы оқушы белсенділігін,қызығушылығын арттыру,еңбексүйгіштікке,бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:бекіту сабағы

Әдісі:топпен жұмыс,сұрақ-жауап т.б.

Көрнекілігі:үлестірмелі парақшалар,суреттер,кестелер,шығармашылық материалдар т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,шешендік өнер

Сабақтың барысы:

 

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сабаққа даярлығын тексеру

 

ІІ Сабақтың мақсатын қою

 

ІІІ Білімді бекіту

 

1.Сергіту сәті  (өтілген материалдар бойынша әр топ бір-біріне сұрақ қояды)

   1.Синтаксис дегеніміз не?

   2.Сөздердің байланысу түрі дегеніміз не?

   3.Сөздердің байланысу тәсілі неше?

   4.Қиысу дегеніміз не?

   5.Есімді сөз тіркесі дегеніміз не? т.б.

2.Веен диаграммасын толтыру

 

 

 

 

 

 

3.Семантикалық картамен жұмыс

 

Р/с

Мысалдар

Қиысу

Матасу

1

Оқушының дәптері

 

+

2

Мен айттым

+

 

3

Олар келді

+

 

4

Сенің кітабың

 

+

5

Сіз сөйлейсіз

+

 

 

4.Оқулықпен жұмыс (261-жаттығуды орындау)

 «Қазақ халқының әні» мәтініндегі матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып,морфологиялық  талдау жасау.

5.Матаса байланысқан сөз тіркесі бар мақал-мәтелдер айту,интерактивті тақтада орындау.

6.Шығармашылық жұмыс.

Интерактивті тақтада берілген табиғат суреттерін таңдап алып,оған әңгіме құрастыру.

7.Сабағымызды әдебиетпен байланыстырамыз.Өзіміз өткен ақындардың өлеңінен бір-екі шумақ өлеңді мәнерлеп оқу.

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы...    (Абай)

 

 

 

8.Проблемелық сұрақ қою.

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсылырды көру үшін.

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Құлақ деген не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Тіл мен жағың не үшін керек?

-Ақиқатты айту үшін.

-Ал,аяғың ше?

-Шетте жүргенде туған жерге оралу үшін.

-Ал,балалар,сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері не үшін керек?

 (сұрақ...ой толғаныс)

ІҮ Үйге тапсырма беру «Сөз тіркесі патшалығы» тақырыбында ертегі жазу

 

ID: 6363 | Просмотров: 2582