Мәтіннің құрылымы

Мәтіннің құрылымы

Тақырыбы: Мәтіннің құрылымы

Мақсаты:  Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы ондағы сөйлемдердің байланысын көрсету.Мәтіннің бөліктері (басқы, ортаңғы,негізгі) ,соңғы (қорытынды) туралы ұғым қалыптастыру.

Сабақтың нәтижелері:

-Мәтіннің бөліктерін  ажырата біледі;

-Мәтіндегі  негізгі ойды таба біледі;

-Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құрастыра біледі.

Қолданылған модульдер:  «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»,  «Оқыту мен оқуда  АКТ-ны пайдалану»,  «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»,  «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Әдіс-тәсілдер:  «Миға шабуыл», «Кластер»

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

10  минут

 

 

І. Кіріспе

Психологиялық ахуал

 

Топқа бөлу.

Мақсаты: ынтымақтастық қарым-қатынас орнату

 

«Өрмекші, қоян, құмырсқа»  ойыны

Музыка ойнап тұрады, кезекпен құмырсқа, қоян, көбелек  сөздерін айтамын..

 

 

Музыкамен билеп жүреді, байқатпай арқаларына стикерлер жабыстырамын.

 

Балалар көбелек, қоян, құмырсқаны бейнелеп көрсетеді.

Стикерлер бойынша топқа бөлінеді

 

Ауызша: «Жақсы»

 

 

   8  минут

ІІ. Тұсаукесер

«Миға шабуыл»  Мақсаты: ой қозғау

 -Мәтін туралы не білесіңдер?

Ойланып, ватманға жазыңдар

Топта мәтін туралы білетіндерін жазады. 1 оқушы қорғайды.

«Бас бармақ»

20 минут

ІІІ. Негізгі  бөлім   

«Ой шақыру»

«Араласып кеткен оқиғалар»

Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып, жайылып қойылады.

 -Мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырыңдар. Мазмұнын айтыңдар.

-Әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазыңдар.

-Мәтіннің әр бөлігі қалай жазылады?
140-жаттығу

-Мәтінде не туралы айтылған?

-Мәтін неше бөліктен тұрады?

-Әр бөлікте айтылған ой бірдей ма? –Мәтінге ат қой,

-141-жаттығу

-Мәтіннің тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құрастыр.

-Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?

-Қандай сөйлемдер мәтін  құрайды?

197-жаттығу

Мәтінге жоспар құру                                        Екі дос

  1. 2. Иттің келуі
  2. 3. Ақселеудің Абызды құтқаруы
  3. Ақсақалдың сүйсінуі

«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы        Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1 - оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2 - оқушы болған оқиғаны жазады, яғни негізгі мәселеге тоқталады, 3 - оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4 - оқушы оқиғаға өз көзқарсын білдіреді.

 Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып бір сөйлеммен жазады.
 

 

Әр бөлікті оқып, не туралы айтылғанын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінге жоспар құрады

 

 

 

Оқушылар әңгіме құрастырады.

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Гүл, жарыпақ, жеміс»

5 минут

ІV. Қорытынды

 

«Иә,жоқ» тесті

-Мәтін сөйлемнен құралады.

-Мәтінге ат қоюға болмайды.

-Мәтінді бөліктерге бөлуге болады.

-Мәтіндегі сөйлемдер байланыспайды.

-Әрбір бөлік азат жолдан жазылмайды.

-Мәтінде бір тақырып болады

 

Балалар «Иә», «Жоқ» деп жауап береді

 

2 минут

Рефлексия:

Мақсаты:

Оқушыларға рефлексия жасату

 

Әр суретке сәйкесөз аттары жазылған  стикерлерді іледі

 

 

Автор: Шахмина Зафура

Қарағанды облысы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

18
Декабрь
0
2505
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.