Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Қазақ тілі

Лексика әлеміне саяхат

Лексика әлеміне саяхат

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Лексика әлеміне саяхат

 

Сабақтың тақырыбы: Лексика әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: Лексика бойынша өткен тақырыптарға шолу жасау, тіл білімінің лексика саласынан алған білімдерін жинақтау. ҰБТ-ге дайындық деңгейлерін тексеру. Сөздік қорларының молаюына ықпал ету.

Міндеттері:

  • Оқушылардың білімін жүйелеу, жинақтау;
  • Ізденушілік, дамытушылық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлықтарын молайту;
  • Ана тілін құрметтеуге, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар лексика саласы бойынша төменгі сыныптарда алған  білімдерін толықтырып, еске түсіреді, қайта жаңғыртады. Лексиканың әр саласына байланысты сұрақтарына жауап алады.

Негізгі дерек көздер: Интернет материалдары, қазақ тілі журналы, «Лексика» тақырыбына құрылған әдістемелік құрал.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ жауап,  тест, сөзжұмбақ, семантикалық карта, жылжымалы параллель әдісі, «Кубизм» стратегиясы, сын тұрғысынан ойлау т.б.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, сөзжұмбақ, куб, стикерлер, кеспе карточкалар.

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық ахуал

«Досыңа жақсы көңіл күй сыйла» деп аталатын тренинг жүргізіледі.

Шарты: Әр оқушы қасында отырған көршісінің көңілін көтеру үшін стикерге бір сөз жазады немесе бір сурет салады. Көршісіне сыйлайды.

Қызығушылықты ояту. Құрметті оқушылар, ұстаздар, бүгінгі ашық сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымызды бастамас бұрын, сөзжұмбаққа назар аударайық.

Сұрақтар:

1

л

е

з

д

е

 

2

е

с

к

і

 

3

к

ө

н

е

р

г

е

н

4

с

и

н

о

н

и

м

 

5

и

т

қ

ұ

с

 

6

к

о

с

м

о

с

 

7

а

у

ы

с

п

а

л

ы

  1. Көзді ашып жұмғанша тіркесінің білдіретін мағынасы.
  2. «Жаңа» сөзінің антонимі
  3. Архаизмнің басқаша атауы
  4. Дыбысталуы әр түрлі, мағыналары жақын сөздер
  5.  «Қасқыр» сөзінің мифтік атауы.
  6. «Ғарыш » сөзінің алғашқы атауы.
  7. «Күміс күлкі» қандай мағынада.

Балалар, сөзжұмбақтағы сөздердің басқы дыбыстарына көңіл аударсақ, қандай сөз шықты?

Лексика.

Олай болса, қайталау-оқу анасы дегендей, бүгінгі сабақта тіл білімінің лексика бойынша саласына шолу жасаймыз, яғни, лексика әлеміне саяхатқа шығамыз. Лексика дегеніміз не?  Бұл әлемде қандай материктер бар, еске түсіріп көрейік. Ол үшін тақтаға назар аударайық.

 

 
   

                                                      

Ал, осы материктерде қандай қалашықтар бар деп ойлайсыңдар?

Лексика әлемі аялдамасы. Балалар, дәл қазір біз Лексика әлеміне сапарға атану үшін «Жылжымалы параллель» ойынын ойнаймыз. Шарты:  Екі қатарға отырған оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады. Үйге берілген тапсырма бойынша лексиканың әр саласын бір-біріне баяндайды. Паралель отырған қатардың бірі жылжып отырады, ал екінші қатар орында отыра береді. Орындықтың басында отырған оқушы соңына келіп отырып өзіне берілген тақырыпты келесі оқушыға баяндайды. Солай олар лексиканың бірнеше саласын қайталап, еске түсіреді.  

Жарайсыңдар, тамаша!

Лексика әлеміне шыққан сапарымыз оң болды. Ендеше, материктерге саяхат жалғасады. Қолданылу аясы шектеулі сөздер материгіне жету үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз.

Қолданылу аясы шектеулі сөздер материгі аялдамасы. Топпен жұмыс.

1. тапсырма Семантикалық картамен жұмыс.

І топ.

 

 

Лексика

Сөздер

 

Эвфемизм

Дисфемизм

Табу

Көнерген

сөздер

Диалект

Жаңа сөздер

Кәсіби сөздер

Термин  сөздер

Кірме сөздер

Аға сұлтан

 

 

 

+

 

 

 

 

 

Тентекжан

 

 

+

 

 

 

 

 

 

Лексика

 

 

 

 

 

 

 

+

 

Үнтаспа

 

 

 

 

 

+

 

 

 

Жәузә

 

 

 

 

+

 

 

 

 

Тарелке

 

 

 

 

 

 

 

 

+

Қайтыс болды

+

 

 

 

 

 

 

 

 

Қырт

 

+

 

 

 

 

 

 

 

Әңгелек

 

 

 

 

 

 

+

 

 

Жаман ауру

-

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөшке

 

 

 

 

 

 

 

 

-

мылжың

 

-

 

 

 

 

 

 

 

пышқы

 

 

 

 

 

 

-

 

 

Мырза аға

 

 

-

 

 

 

 

 

 

ІІ топ.

 

 

Лексика

Сөздер

 

Эвфемизм

Дисфемизм

Табу

Көнерген

сөздер

Диалект

Жаңа сөздер

Кәсіби сөздер

Термин  сөздер

Кірме сөздер

Ұлыма

 

 

 +

 

 

 

 

 

 

Мылқау

 

 +

 

 

 

 

 

 

 

Дүние салды

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесене

 

 

 

 

 

+

 

 

 

Нөкер

 

 

 

 

 

 

 

 

 +

Самауырын

 

 

 

 

 

 

 

 

+

Дүрия

 

 

 

 +

 

 

 

 

 

құжат

 

 

 

 

 

 +

 

 

 

шербек

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 Шырайлым

 

 

 +

 

 

 

 

 

 

Синус

 

 

 

 

 

 

 

 +

 

Қолбақ

 

 

 

 

  +

 

 

 

 

Секер

 

 

 

 

 +

 

 

 

 

Энергия

 

 

 

 

 

 

 

 +

 

 

2 тапсырма. Эйфель мұнарасы. Тақтаға екі топтан кезекпен оқушылар шығып, бір бұрышынан жоғарыға қарай диалект сөздер мен термин сөздер, ал екінші бұрышынан жоғары қарай  кәсіби сөздер мен жаңа сөздер  жазулары тиіс.

Жарайсыңдар, балалар! Сонымен қолданылу аясы шектеулі  сөздер материгіне де жеттік. Саяхатымызды жалғастырамыз. Қанатты сөздер материгіне жету үшін де біраз еңбектенуге тура келеді.

Қанатты сөздер материгі  аялдамасы.Мақал сөздің мәйегі. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің мәнін келтіреді дегендей, қанатты сөздердің  бір түрі мақал-мәтелдерге тоқталсақ.

1 тапсырма. І топ. Мақал-мәтелдер дегеніміз не? Мақалды бір бөлек, мәтелді бір бөлек теріп жазыңдар.

Не ексең, соны орасың. Ел құлағы елу. Жері байдың, елі бай. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Өлімнен ұят күшті. Ырыс алды-ынтымақ.  Көрмес-түйені де көрмес. Сөздің көркі мақал, шалдың көркі сақал. Адамды көкке жеткізетін еңбек. Кімнің тарысы піссе, соның тауығы. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Бес саусақ бірдей емес.

ІІ топ. Афоризм дегеніміз не? Афоризм авторларын тауып, сәйкестендір.

 

Афоризм сөздер

Авторлары

1

Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.

А.Құнанбаев

2

Ел болам десең, бесігіңді түзе

Төле би

3

Бес нәрсеге асық бол:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

М.Әуезов

4

Тура биде туған жоқ, Туғанды биде иман жоқ.

Ы.Алтынсарин

5

Екі қамыс –біз болмас,

Ежелгі дұшпан-дос болмас.

Қорқыт ата

6

Жол анасы-тұяқ,

Су анасы- бұлақ,

Сөз анасы-құлақ.

Сырым би

 

2 тапсырма. «Сөз мерген» деп аталады. Кестеде белілген сөздерді байланыстыра отырып, тұрақты сөз тіркестерін табу, суретке қарап тұрақты тіркестер құрау, мағыналарын ашу.

1

Ауыз

 

 

тана

2

Көз

3

Құлақ

4

Мұрын

        Жауабы: Құлаққа ұрған танадай.

1

Білезік

 

тілеу

2

Алқа

3

Сақина

4

Сырға

                                           Жауабы: Сау басына сақина тілеу

[ПW1] 

1

Қар

 

отырғызу

2

Су

3

Мұз

4

Бу

                                             Жауабы: Мұзға отырғызып кету

1

Мысық

 

жер

2

Тауық

3

Ит

4

Күшік

                                                     Жауабы: Ит өлген жер

1

Тай

 

басқандай

2

Құлын

3

Жылқы

4

Ат

Жауабы: Тайға таңба басқандай

1

Мұрын

 

Көтеру

2

Тіс

3

Тіл

4

ерін

Жауабы: Мұрнын көкке көтеру

Суреттер бойынша тұрақты тіркестерді де құрайды.

Балалар, сонымен, біз екінші материк - қанатты сөздер материгіне  де келіп жеттік. Алдымызда қалған соңғы асу- сөздің лексикалық мағыналары материгі. Сендерге сәттілік тілеймін.

Сөздің лексикалық мағыналары материгі аялдамасы. Бұл материкке жету үшін «Кубизм» стратегиясына жүгінеміз.

  1. Топтастыр. Сөздің лексикалық мағыналарын топтастырып, кластер жаса.
  2. Салыстыр. Венн диаграммасы арқылы көп мағыналы сөздер және омоним сөздерді  салыстыр.
  3. Қолдан. Сөздің тура және ауыспалы мағыналарын қолданып еркін тақырыпта мәтін құра.
  4. Сәйкестендір. Лексика салаларын сәйкестендір

емле

жазылуы

1

Лексикология

жер-су аттарын зерттейтін сала.

2

Семасиология

жеке сөздердің шығу тегін, бастапқы мағынасын зерттейді.

3

Этимология

тілдің лексикасын және оның тарихи дамуының заңдылықтарын зерттейді.

4

Фразеология

кісінің тегі, әкесінің аты, кісінің шын аты мен лақап атын зерттейтін сала.

5

Диалектология

жалқы есімдерді зерттейтін сала.

6

Лексикография

сөздің мағыналарын зерттейді.

7

Ономастика

тұрақты тіркестерді зерттейді

8

Топонимика

сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.

9

Антропонимика

жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.

 

  1. Зертте.  Лексика сөзінің шығу тарихы.
  2. Талда. Асты сызылған сөзге талдау жаса. Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті

жылы – жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.

жылы, шуақты, ыстық, мейірлі – синоним; жылы – суық – антоним: жылы - жалпылама қолданылатын сөз.

 

Сабақты қорытындылау:

Тест

  1. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?

А) көнерген сөз  В) диалект сөз   С) кәсіби сөз

2. Тіл біліміне жататын термин сөз:

А) шөгінді      В) қышқыл       С) мағына

3. Қай сөз дисфемизмге жатады?

А)  мылжың      в) бірадар            с) қолының жымысқысы бар

4. Қай тіркес тура мағынада пайда болған?

А) көз сүзу        в) шашын алу         с) іші пысу

5. Сөз мағыналарын зерттейтін сала?

А) Фразеология        в) ономосиология       с) семасиология

6. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  А) ел үмітін ер ақтар    В)көк алманы алма     С)қарақұс-жыртқыш құс.

7.   «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.

 А)зерігу, құмар болу  В)еріну, көшіру  С)Зерігу, іш пысу

8.  Неологизм сөзді белгіле.

А)несие.         В)гарантия.      С)процент

9. «Айлакер» сөзінің антонимін табыңдар.

А) мейірімді  В) қатыгез   С) аңқау       

 10.   Көп мағынаға ие бола алмайтын сөз:

А)  Қол       В)  Шаш                 С) аяқ

Кілті:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

В

С

А

В

С

В

с

А

С

В

Сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін ғылымды- лексикография дейміз.

1. Аударма сөздіктер.

2. Терминологиялық сөздіктер.

3. Орфографиялық сөздіктер.

4. Түсіндірме сөздіктер.

5. Диалектологиялық. 

6. Синонимдік.

7. Абай тілінің сөздігі т.б.

Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен мысалдар жазу.

 

Бағалау. Мұғалім :  Балалар, бүгін біз  «Лексика » тарауынан өткен тақырыптарды  қайталап, еске түсіріп  өз біліміміз бен біліктілігімізді көрсеттік. Ендеше , бағалау парақтарыңыздағы ұпай санын есептей қойыңыздар. Ұпай санына байланысты бүгінгі сабаққа баға қойылады.

Бағалау парағы үлгісі:

ТӘЖ:___________________

 

Рефлексия «Аралдар» Әр оқушы стикерге өзінің сабақтан алған әсерін жазып аралдарға апарып жабыстырады.

Бермуд үшбұрышы

Өкініштер аралы

Қуаныш аралы

 

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Кайданова Айгерім Құсайынқызы

СҚо Уәлиханов ауданы Бидайық ауылы Бидайық орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Қазақ тілі | Қосты: кайданова_айгерим (23.01.2015) | Автор: Кайданова Айгерім Құсайынқызы W
Көрсетілім: 1654 | Ілмек сөздер: әлеміне, лексика, саяхат. | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 51
Қонақтар: 51
Тіркелгендер: 0