Сайт учителя начальных классов
.
Лексика

Лексика

Лексика

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗ БАЙЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Тілдегі сөздердің барлық жиынтығы тілдің сөздік құрамына немесе лексикасына жатады. Сөздік құрамның аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Оған  кірме сөздер де, терминдер де енеді. Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда тез өзгергіш. Сөздік құрамға бір сөздер еніп жатса, екінші біреулері одан шығып қалып жатады.
Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласын лексикология деп атайды. Лексика сөзі грек тілінің lexis - «сөз» және logos - «ілім» деген сөздерінен жасалған термин. Әрбір тілдің лексикасында сөздер көп әрі сан түрлі болатыны белгілі. Лексикадағы сөздер заттар мен құбылыстардың атауын, түр-түсін, саны мен сапасын, мөлшері мен шамасын, көлемін, мезгілін, қимылын т.б. мағыналарын білдіреді.
Лексикология - лексиканың ғылым ретіндегі атауы. Ол семасиология (сөз мағынасы, оның езгеруі, ауысуы)
Сөз және мағына
Тіл-тілдегі сөздер дыбыстар тіркесінен тұрады. Дыбыстар тіркесі белгілі бір заңдылықтар мен ережелерге бағына тіркеседі. Сөздің дыбыстық жағы оның сыртқы бейнесі болса, мағынасы - ішкі мазмұны. Бұған қарап барлық сөздерде мағына болады деуге де болмайды. Тілде мағынасынан айырылған сөздер де кездеседі. Шылау, көмекші сөздердің нақты мағыналары жоқ, тек атауыш сөздермен тіркесіп, оларға қосымша мағына ұстейді.
Сөз мағынасы- белгілі бірзат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.

ID: 2771 | Просмотров: 3276