Сайт учителя начальных классов
.
Кітап

Кітап

Кітап

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4

Сабақ тақырыбы: Кітап

Мақсаты: 1.Лексикалық тақырыпты меңгерту, мәнерлеп оқуды қалыптастыру.

2.ұстаздарын сыйлауға, құрметтеуе тәрбиелеу

3.тіл байлықтарын,ойлау қабілеттерін арттыру

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ типі: аралас  сабақ

Пән аралық байланыс:  орыс тілі, музыка.

Көрнекілігі: жұмбақ, дыбыстар, диск

Сабақ барысы: Амандасу.поэзиялық минут

Амансың ба Алтын Күн,

Амансың ба Көк аспан.

Амансың ба достарым,

Амансыз ба ұстазым.

-  Кезекшімен сұхбат.

-Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын бекіту:   Дыбыстарға сипаттама бер.

Ә-    і-     п-               ұ-   ш-     б- ы-    к-    л-

Қызығушылығын ояту:   Қабат- қабат қаптама,

Ақылың болса аттама

Бұл не?   Кітап

Жаңа  сабақ: 1- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Менәі атым- Байсал. Мен кітап оқуды жақсы көремін. Менде көп кітап бар. Олар үй жануарлары, аңдар, өсімдіктер туралы. Ертегілер де бар. Мен ертегілерді қызыға оқимын.

 Туған күнімде әкем маған қызықты кітап сыйлады.

Сұрақтарға жауап бер.

1.Байсал нені жақсы көреді?

2.Оның кітаптары не туралы?

3.Байсалға әкесі не сыйлады?

4.Анасы мен әжесі қандай кітап сыйлады?

5. Кітап қандай дос?

Жаңа сөздер: қызыға оқимын – читаю с интересом

Суретті кітап- иллюстрированная  книга

Сыйлады- подорил

2-  жаттығу. Өлеңді оқып, жаттап ал.

Ұстазым.

Қаламдай мені ұштадың,

Үлгілі істі нұсқадың.

Ақкөңіл, ізгі қамқоршым.

Ақылшым, асыл ұстазым.

Ашып тұр Отан құшағын,

Ұстазым, маған сене бер,

Алғыспен оны құшамын.

Биікке талмай құшамын

«Ұстазым» әнін тыңдау.

3- жаттығу. Сөйлемдерді толықтрып жаз.

Менің ұстазым .......  Оның аты-жөні - ......    Ол- мейірімді ........

Ол -.... пәнінің мұғалімі. Мен ұстазымды ............

Сауатты жазып үйренейік        

Сүйікті

Ізгі

Үлгілі

Бекіту бөлімі: Жұмбақты шеш.

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Үйге тапсырма: 4 – Жаттығу.

Қорытынды: Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

ID: 5839 | Просмотров: 2391