Көшелер

Көшелер

Сабақтың тақырыбы: Көшелер

Сабақтың мақсаты: Көше атауларын айта алуға, өзінің қай көшеде тұратынын айта алуға үйрету. Тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Пәндік: Көшелерді атай білу, өзінің қай көшеде тұратынын айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру

Тұлғалық: өзінің қай көшеде тұратынын айта алу, өз бетінше жұмыс істей алу.

Жүйелік-әрекеттік:Сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

  1. Үй жұмысын тексеру

1)Үйге берілген мәтін бойынша сұрақ-жауап.

Қазақстан қандай ел?

Елбасы кім?

Қазақстанның бас қаласы қай қала?

Астана қандай қала?

Астанада нелер бар?

 Демалыс күні қайда барасың?

2) 1-карточкалар б/ша жұмыс:

 Керекті жалғауларды қосыңыз.

Жалғаулар

Тау...

Қала...

Мешіт...

Шіркеу...

Ескерткіш...

Музей...

астана...

саябақ....

мектеп...

дүкен...

-лар

-лер

-дар

-дер

-тар

-тер

-лар

-тер

-тер

-лар

 

2-карточка

Сәйкестендір

Мұражай

Саябақ

астана

Ескерткіш

Мешіт

Шіркеу

Мұхит

Теңіз

өзен

Море

Океан

Церковь

Мечеть

Памятник

Столица

Парк

Музей

Река

 

  1. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру
  2. Жаңа сабақ

1-тапсырмадағы сурет арқылы оқушылар  Мынау – Желтоқсан көшесі. Мынау – М.Әуезов көшесі. Мынау –Бейбітшілік көшесі. Мынау –С.Сейфуллин көшесі. – деп айтуға жаттығады.

Оқушылар картаға қарап көшелердің атауларын оқиды.

2-тапсырмадағы үлгі бойынша сөйлесіп үйрену үшін «Мынау қай көше? Сұрағы түсіндіріледі. Осыдан кейіноқушылар картадан берілген көшелерді көрсету арқылы сұрақтар қойып жаттығады. «Есте сақта» айдарында көше сөзінің қалай өзгеретініне (көшесі, көшесінде) оқушылардың назары аударылады, олар мысал бойынша қайталанып, бекітіледі.

3-тапсырма кесте бойынша сөйлеу арқылы қай көшеде тұратынын айтуға үйренеді.

4-тапсырма  кең/тар,  ұзын/қысқа сөздерін салыстыра отырып есте сақтауға бағытталған. Оқушылар Көше қандай?сұрағына жауап беріп үйренеді.

5-тапсырмада оқылым дағдысын жетілдіре түседі. Оқушылар көше туралы мәтінді оқып, оның мазмұнын түсінеді. Мәнерлеп оқуға, осы үлгі бойынша сөйлеуге көңіл бөлінеді.

6-тапсырма сұраққа жауап беру дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар Сен қай көшеде тұрасың? Сұрағына жауап беруге үйренеді. Өз мекенжайына өзгертіп айтып жаттығу

Үлгі: Мынау Петропавл қаласы. Мынау Хименко көшесі. Мен Хименко көшесінде тұрамын.  Хименко көшесі тар, қысқа.

Мынау Жуков көшесі. Мен Жуков көшесінде тұрамын.  Жуков көшесі тар, қысқа.

Мынау Шухов көшесі. Мен Шухов көшесінде тұрамын.  Шухов көшесі кең,ұзын.

Мынау Мир көшесі. Мен Мир көшесінде тұрамын.  Мир көшесі ұзын, кең.

Мынау Жеңіс көшесі. Мен Жеңіс көшесінде тұрамын.  Жеңіс көшесі тар, қысқа.

Жазылым: Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

  1. Жаңа сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

  1. Үйге тапсырма 82-бет 5-тапсырма  Өз мекенжайына өзгертіп жазу

(Өз көшесіне презентация жасау –по желанию)

Автор: Насырова Гүлжамал Рашитқызы

СҚО Петропавл қаласы №9 орта мектебі

18
Декабрь
0
1907

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.