Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Қазақ тілі

Грамматикалық жаттығу жұмыстар

Грамматикалық жаттығу жұмыстар

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Грамматикалық жаттығу жұмыстар

Сабақтың тақырыбы:  Грамматикалық жаттығу жұмыстар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақ тіл білімі салаларына жалпы шолу жасау;

Дамытушылық: оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой – өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшандық пен нақтылыққа бейімдеу, тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: айналасымен қарым – қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыру.

Сабақтың түрі:  сайыс сабағы

Әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, іздену, талдау, шығармашылық жұмыс, бес жол стратегиясы, кубизм әдісі.

Көрнекілігі: интерактивті тақтамен жұмыс (ActivInspire бағдарламасы ), кубик, кеспе парақшалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу;

2.Түгендеу;

3.Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау;

4.Сабаққа зейіндерін аудару;

Үй жұмысын тексеру: 118 бет, 119 – жаттығу. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, сипаттама беру. Стильдерді қайталап келу;

                                      а) алдын ала тағайындалған топтарды шақыру;

                                      ә) сайыстың мақсатымен таныстыру;

                                      б) топтардың ұранымен таныстыру;

І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.

Бекіту сабағы: (ойын сәті)ойын бес кезеңнен тұратынын айтып, әр кезеңде оқушыларды не күтетінін, әр топтың қалай ұпай санын жинайтыны түсіндіру

 

СИНТАКСИС САЛАСЫ

МОРФОЛОГИЯ САЛАСЫ

ФОНЕТИКА САЛАСЫ

СТИЛЬ

ЛЕКСИКА САЛАСЫ

 

       Кубизм әдісі бойынша топ басшылары өз қадамдарын анықтайды. Әр кезеңді өз уақытында және дұрыс орындағанына байланысты ұпай беріліп отырады. Ең көп ұпай жинаған топ Қазақстан елінің көк байрағын желбіретеді. Ұтысқа қол жеткізген топқа арналып гимн орындалады. Ал жеңіліске ұшыраған топ өз меншігінен өнерлерін ортаға салады.

Фонетика саласы. І –кезең. Тау арасындағы әдемі безендірілген екі шыршаның біреуін таңдап, жасырылған сұрақтарға бір минут уақыт ішінде жауап беру керек. Дәл солай келесі топ орындап шығады.

Бірінші шыршаның сұрақтары:

1.Фонетика саласы нені зерттейді?

2."Үндестік заңы" термині қай сөзбен синонимдес?

3.Алфавиттегі 23 әріп

4.Тілдің қатысына қарай дыбыстардың бөлінуі

5.Еріндік дауысты дыбыстар

6.Тек тұйық буыннан жасалған сөздер (5 сөз)

7.Үндестік заңының түрлері

8.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

9.Дұрыс жазылу заңдылығы

10."Тәуелсіз" сөзіне ауызша дыбыстық талдау

Екінші шыршаның сұрақтары:

1.Өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалатын дыбыстар.

2.Жақтың қатысына қарай бөлінуі

3.Тек бітеу буыннан жасалған сөздер (5 сөз)

4.Үн мен салдырдың қатысына қарай дыбыстардың бөлінуі

5.Фонетика саласындағы 42, 25, 12, 9 сандардың мәні

6.Тек салдырдан тұратын дыбыстар

7.Езулік дыбыстардың жасалуы

8.Екпін - ...

9.Дұрыс айтылу заңдылығы

10. "Қазақстан" сөзіне дыбыстық талдау

Лексика саласы. ІІ – кезең. 1-тапсырма

Тұрақты тіркестерді құрып, мағынасын ашу, мысал келтіру.

Ілінбеу – беті, көзі, аузы, қолы  көзі ілінбеу (ұйықтамау)

Отыру – қарға, суға,  мұзға, буға  мұзға  отырғызу (алдау, арбау)

Асу –құлақ, бет, жақ, ауыз  құлақ асу (тыңдау)

Сындыру – қол, ағаш, тіл, дыбыс тіл сындыру ( сауатын ашу)

Лексика саласы. ІІ – кезең. 1-тапсырма

Жету – қолы, құлағы, мақсатқа, көзі көзі жету  (анық білу)

Тістеді –қолын, білегін, бармағын, тырнағын бармағын тістіді (өкінді)

Тасу – ажар, көңіл, бой, қол көңілі тасу (қуану, шаттану)

Жанды – құс, ит, балық, ән ит жанды (момын, көнбіс)

Лексика саласы. ІІ – кезең. 2-тапсырма

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура  және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазыңдар.

Тура мағына                          Ауыспалы мағына

   қатты жер                                                      қатты жүрек,

   терең ор                                                         алтын қол,   

   қатты жел                                                      терең сезім

терең құдық                                                    алтын сөз етерееееетере   тт                   терең көл                                                        алтын уақыт

  алтын сақина                                                     қатты сөз

  терең су                                                        терең білім

 

   қатты жер,    қатты жүрек,     терең ор,  алтын қол,     терең сезім,    қатты жел                             терең құдық, алтын сөз, терең көл, алтын уақыт, алтын сақина,                                                 қатты сөз,     терең су,    терең білім.

 

Лексика саласы. ІІ – кезең. 2-тапсырма

Мына сөздердің синонимдік және антонимдік қатарларын жазыңдар

Синоним                                                                     Омоним

Тамақ -ауқат                                                                 түс

Алыс -талғай                                                                шаш

ер -батыр                                                                      жау

кішкентай- биттей                                                       қара

таңертең - азанда                                                         жүз

 

шаш,    кішкентай,       жүз,      жау,       қара,       батыр,       талғай,      ер,       тамақ, азанда,         тамақ,     биттей,      түс,     таңертең,     алыс,     ауқат

 

Морфология саласы. ІІІ – кезең. 1-тапсырма.

Кубизм әдісі бойынша А әрпі түскен   топ сын есім, Б әрпі түскен  топ сан есім қатысқан мақал – мәтелдер айтады. (дайындыққа бір минут)

Морфология саласы. ІІІ – кезең. 2-тапсырма.

5 жол стратегиясы Қазақстанның тәуелсіздігі тақырыбына өлең шығару.

1. бір зат есім.

2. екі сын есім.

3.үш етістік.

4. төрт сөзден тұратын сөйлем. (түйін сөз)

5. тақырыпқа байланысты бір синоним сөз.

 

Морфология саласы. ІІІ – кезең. 3-тапсырма.

Берілген өлең шумақтарынан антонимдерді тауып, алғашқы екі жолына морфологиялық талдау жасау.(өлең оқылады, балалар естігенді дәптерге түсіріп, жазғанын тақта бойынша тексереді.)

Сенсің жалғыз күндіз –түні тілегенім,

Мың тіріліп, сен десе мың өлемін.

Айқайласам жетпейді даусым менің,

Ойлай-ойлай ормандай түнеремін.

Морфология саласы. ІІІ – кезең. 3-тапсырма.

Берілген өлең шумақтарынан антонимдерді тауып, алғашқы екі жолына морфологиялық талдау жасау.(өлең оқылады, балалар естігенді дәптерге түсіріп, жазғанын тақта бойынша тексереді.)

Тыңдадың дала күйін жаның ұйып,

Алдың сен көкірегіңе бәрін құйып.

Болдың сен өз халқындай қарапайым,

Тұлғасы әрі аласа, әрі биік.

Синтаксис саласы. ІҮ-кезең. 1-тапсырма.

Берілген сөздермен құрмалас сөйлем құрастырып, сөздердің байланысу түрін анықтау.

 

айғырға                                жармаса                                                   түсіп еді,

 

Ол                                                     Бақы

қасқа

ұмтыла                                                 кетті.                тізгінге

 

Құрастырылған ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем:  Ол қасқа айғырға ұмтыла түсіп еді, Бақы тізгінге жармаса кетті.

 

Ол түсіп еді   қиысу

Қасқа айғырға қабысу

Ұмтыла түсіп еді жанасу

Бақы жармаса кетті қиысу

Тізгінге жармаса кетті меңгеру

Синтаксис саласы. ІҮ-кезең. 2-тапсырма.

Берілген сөйлемге сипаттама беріп, сөйлем мүшесіне талдау жасаңдар.(әр топ жасырын екі ұяшықтың біреуін таңдау арқылы тапсырманы орындайды.)

Жай сөйлемдер:

1.Оныншы сыныпта бұл тақырыпты өткен едік. (жақты, жайылма, толымсыз)

2.Орынсыз талаптарға көне беруге болмайды.    (жақсыз, жайылма, толымсыз)

 

Құрмалас сөйлемдер:

1.Ән басылып қалды, дегенмен гитара сазы тоқтаған жоқ.(қарсылықты салалас сөйлем)

2.Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.(ыңғайлас салалас сөйлем)

 

Стиль. Ү –кезең. Жасырын ұяшықтардағы тапсырмаларды орындау.

Бірінші ұяшық

Газет бетіне мақала жазады.

«Батыр таққа таласпайды, тақты қорғайды» (Лондон -2012)

Екінші ұяшық

Сұхбат алуға сұрақ дайындайды.

«Мамандық таңдау жауапты іс» (түлектерден алынған сұхбат)

 

Қорытынды: Жеңген топ Қазақстанның көк туын желбіретіп, гимн орындайды. Ұтылған топ өз өнерін көрсетеді.

 

Бағалау:                       Бағалау парағы

             Топтық жұмыс                          қорытынды

Топ басшысының  өзін бағалау       мұғалім бағасы

 бағасы

Күні:  13.12.             Аты –Жөні: Килибаев Берик

Үйге тапсырма:119 бет, 120 –жаттығу.

1.Әңгімедегі қарамен терілген сөздердің мағынасын анықтаңдар.

2.Афоризмдерді табыңдар.

3.Әңгімеге тақырып қойып, мазмұнын айтыңдар.

4.Бірыңғай мүшесі бар сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

 

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Оспанова Гульнура Елубаевна

Қостанай облысы, Қостанай қаласы № 17 орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Қазақ тілі | Қосты: Гульнура86 (23.01.2015) | Автор: Оспанова Гульнура Елубаевна W
Көрсетілім: 1784 | Ілмек сөздер: жаттығу, .жұмыстар., Грамматикалық | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 36
Қонақтар: 36
Тіркелгендер: 0