Сайт учителя начальных классов
.
Етістік

Етістік

Етістік  

Сабақтың тақырыбы: Етістік   

Сабақтың мақсаты:

       І Білімділігі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, етістік , олардың мағыналары, сұрақтары  туралы  мәліметтер беру.

       ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін,  өз ойын толық жеткізе білуге  үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.

       ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, сауттылыққа, білімпаздыққа жетелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.

Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс:  Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

                                    Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

 3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

      5. Ойға шақыру.  (Психологиялық даярлық жүргізу).

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

       1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

       2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

       3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

          4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ.  Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы:  Етістік 

Отында да жарамын,

Дүкенге де барамын.

Үлкендерге  осылай,

Мен қолғанат боламын.

                              (жарамын, барамын, боламын)

Слайд арқылы етістікке дара, күрделі етістікке мысал келтіріп жазу

І - топ етістікке

ІІ -.топ дара етістікке

ІІІ – топ күрделі етістікке

Қызығушылықты ояту

 Слайд арқылы дара, күрделі етістікке байланысты сурет көрсетіледі. Әр топ соған байланысты сөйлем құрайды

(келді, жазды, тоқыды, келе бастады, жазып жүр екен, тоқи алады)

Сергіту сәті: ойын «Сөз қуаласпақ». Мен етістікке бір сөз айтамын. Содан сендер сөйлем құрап айтасыңдар.

Топтастыру стратегиясы:

       
    Овал: Туынды
  Овал: Негізгі
 

 

 

 

 

 

 

Төмендегі сөздерді топтастырып жазу.

Сайрады, шақырып жатыр, арқанда, оқы, әдеміле.

СТО- ға байланысты тапсырма:

І - топ Сурет бойынша әңгіме құрайды. Болымды, болымсыз етістікті айтады.

ІІ - топ Негізгі, туынды етістікке сөздер тауып айтады

ІІІ - топ Дара, күрделі етістіктерге сөз табады.

Шығармашылық жұмыс:

Интерактивті тақтадағы суреттерді сөз мағынасына қарай топтау. Мысалы: қой қоздайды, сиыр бұзаулайды, ешкі лақтайды, түйе боталайды.

Активойд құрылғылары арқылы тест тапсырмасын орындау

Бекіту, оқушылардың білімін бағалау

VІ. Үйге тапсырма:5- жаттығу  15 бет.

VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды  мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.

ID: 8388 | Просмотров: 2474