Сайт учителя начальных классов
.
Еліктеу сөз

Еліктеу сөз

Еліктеу сөз

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөз

Сабақтың мақсаты: білімділік-еліктеу сөздер туралы түсінік беру.

                                дамытушылық-ойлау, қабылдау, сөйлеу мәдениетін   қалыптастыру.

                                тәрбиелік-сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақ барысы

 

Сабақ кезеңдері

Бөлінген     уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

 

2

а) амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ә) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір топтау мақсатында ой тастау.

 

-Балалар, біздің бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсатымыз не?

 

Сабақтың құрылымымен таныстыру (1 флипчарт)

 

Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген:

1. Қайталау-оқу анасы

2. Жаңа сабақ құпиясы

3.Кітап-досың, ақылшың

4.Білімді мыңды жығар

5.Біліміңді байқап көр.

 

   Әр беттегі тақырыпты аша отырып тапсырмаларды орындаймыз. Сыныптағы оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

 

 Сынып кезекшісінің мәліметі.

 

 

 

 

Оқу, білім алу.

Саналы азамат болу.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

  1. «Қайталау-оқу анасы» парағы ашылады. ( 2 ф)

 

Сұрақтар (ауызша орындау)

3 топқа үш сұрақтан беріледі.

 

1. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?

2. Мақсат үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді?

3. Көсемшенің жұрнақтарын ата.

 

1.Үстеу дегеніміз не?

2. Тұйық етістіктің жұрнағын ата.

3. Мекен үстеуі дегеніміз не?

 

1. Есімшенің жұрнақтарын ата.

2. Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не?

3. Көсемшенің жіктелмейтін жұрнағы.

 

Морфологиялық талдау ( 3 ф)

 

  Барады, айтқаным, қазір, шегелеу, айтып, көргелі, келмеген, келеді, балаша.

 

 

 

 

                                              

 

 

 

 

 

 Сұрақтарға ауызша жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тақтада морфологиялық талдау жасайды.

 

1

Қорытынды

 

 

 Оқушы өз ойын айтады.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

«Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз. (4 ф)

 

 Жаңа сабақ бойынша мұғалімнің ой қозғауы.

Балалар, бүгінгі сабақтың құпиясын өздерің ашасыңдар.

(2 тапсырма беріледі)

1 тапсырма

Сендерге сағат, тиын, балға беріледі олардан шығатын дыбыстарға назар аударыңдар. (5 ф)

1 топ сағат (тық-тық- қайталанып тықылдаған дыбыс)

2 топ тиын (сылдыр-сылдыр- заттардың бір-біріне тиюінен болатын дыбыс)

3 топ балға (тарс-тұрс- сарт-сұрт еткен, тарсылдаған дыбыс)

 

Тақтаға мысалдарды жаздыру.

 

2 тапсырма

Берілген сөздердің білдіріп тұрған мағынасын көрсету. (бейнесін көрсет)

 

1 топ жалт (қарады), шапшаң бұрылып қарауы.

2 топ селк (ете түсті), дене дір етіп, оқыс шошынды.

3 топ жалп (етіп құлады), оқыстан (күтпеген жерден) құлап түсті.

 

 Интерактивтік тақтадан олардың білдіріп тұрған мағынасын көрсету. (6 ф)

 

 Жоғарыдағы мысалдарды естеріне түсіре отырып, жаңа сабақтың ережесін шығарту.

 Айналадағы (табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. (7 ф)

Мысалы: бүлк-бүлк (қайнады), маң-маң (басу), гүрс-гүрс (атылды) т.б.

   Мысалдардан көрінгендей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы: сарт (етті), шорт (сынды), саңқ (етті), т.б. дыбысқа еліктеуді білдірсе, желп (етті), зып (етіп қашты), жарқ-жұрқ (етті), т.б. әр түрлі қимыл, іс-әрекетке, құбылысқа еліктеуді білдіреді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады. Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет) тіркесіп немесе қайталанып, қосарланып келіп қолданылады.

 Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.

 

Сызба құру (тақтаға)

 

Еліктеу сөз

 

 

еліктеуіш                  бейнелеуіш

 

 

 

«Кітап-досың, ақылшың» парағы ашылады. (8 ф)

 

Оқулықпен жұмыс 297-жаттығу.

Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсету.

 Зу – зу ете қалды, күмп – күмп бердім, дүр – дүр етіп, селк – селк ете түсесің.

3 сөйлемді ауызша орындайды.

 

298-жаттығу  (9 ф)

Жыртың-жыртың – жыртыңдау, жыртақ-жыртақ күлкі.

Пыш-пыш – өсек сөз, алыпқашпа әңгіме, күңкіл.

Бұрқ-сарқ – алай-түлей ашуға мінді. (долданып буырқанды)

Құржаң-құржаң – бүкірейіп еңкендеу, бүкшең-бүкшең ету.

 

 

«Білімді мыңды жығар» (10 ф)

 

Көп нүктенің орнына төмендегіеліктеу сөздердің тиістісін қой. (11 ф)

  1.Наташа үрейі ұшып, жүрегі аузына тығылып, пәуескенің жақтауынан қарыса ұстап, ... етеді.

2.Алыстан ергежейлі біреу ... басып келе жатты.

3.Бір ырғақпен ... етеді.

4.Қатты қорыққаны соншалық денесі ... етеді.

5.Рысқұл түкке түсінбей, бұл ... аяғымдағы кісеннің дыбысы шығар деп қалған.

 

1.Шыр-шыр

2.Маң-маң

3.Гүр-гүрс

4.Қалш-қалш

5.Салдыр-күлдір

 

Ойна да, ойла! (ауызша сөйлем құрау) (12 ф)

Гүрс, арс-арс, опыр-топыр, зып, шарт-шұрт, қор-қор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заттарды пайдаланып көрсетеді.

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивтік тақтадағы еліктеу сөздердің мағынасын ашу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерді керекті орындарына дұрыс қою.

 

 

1

Қорытынды.

 

 

Оқушы өз ойын айтады

IV. Бекіту.

3

«Біліміңді байқап көр» парағы ашылады (13 ф)

Тест сұрақтары

 

Жылдам, нақты жауап беру.

V. Бағалау.

2

 

 

 

 

 

VI. Үй жұмысы.

2

(14 ф)

1.Ереже

2.Көркем әдебиеттен еліктеу сөзге байланысты 5 сөйлем жазу.

3.Тест (тест жинақтарынан)

 

 

Күнделіктеріне жазу.

 

1

Қорытынды жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

ID: 8504 | Просмотров: 4746