Сайт учителя начальных классов
.
Cабақтас құрмалас сөйлем - радио мен теледидарда

Cабақтас құрмалас сөйлем - радио мен теледидарда

Адырбекова Ләззат Нұрғалиқызы
, ОҚО Шымкент қаласы . №3 Ұлықбек атындағы . жалпы орта мектебінің . қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

1.Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем – радио мен теледидарда.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мезгіл және себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдерді пысықтау.Радио мен теледидар тақырыбын бекіту
Дамытушылық: оқушыларды мәнерлеп,орфоэпиялық норманы сақтап сөйлеуге дағдыландыру.Оқушының дүниетанымын,ойлау қабілетін арттыру.Жазба тілі мен ауызша тіл байлықтарын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тілді құрметтеуге баулу,олардың қазақ теледидары мен радиосына деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: интелектуалды ойын,жаттығулар,шығармашылық жұмыс,тест. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, физика.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша әдебиет, қоржын ,асықтар,мультимедиялық тақта.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабақтың мақсатын, жүру барысын хабарлау

II. Мұғалімнің сөзі:
- Сәлеметсіңдер ме, құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Радио және теледидар». Сабағымыздың мақсаты: өткен грамматикалық және лексикалық тақырыптарды бекіту.Сабақ сайыс түрінде өтеді және үш раундтан тұрады. Әр раундтан кейін оқушылардың жауаптары бағаланып, әр топқа ұпай беріліп отырады. Сынып екі топқа бөлінеді. Сұрақтарға тез және нақты жауап беру керек.

.III. Сабақтың барысы: I раунд. Мезгіл және себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем(грамматикалық тақырыбы бойынша)

1-тапсырма
1. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Дұрыс жауаптарды ашайық. Сұрақтардың жауабы: 1. Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтасты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейді.

2. Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтасты мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейді.

2 – тапсырма Бірінші топ берілген сөйлемдердің ішінен себеп, ал екінші топ мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, оларды теріп жазады. 1. Теледидарды көп көрген соң, әжемнің көзінің көруі нашарлады.(с)
2. Жаңалықтар басталғанша, сабағымды орындап алуым керек(м)
3. Оксана Петерс қазақ тілін жақсы білгендіктен, оны жаңа бағдарламаға шақырды(с).
4. Әкем теледидар қарағанда, дауысын қатты шығармайды. (м) 5. Кеше кешке уақытым балмағандықтан, сүйікті телехикаямды көре алмадым(с) 6. Жергілікті радиодан осы әуенді естіген сәтте, менің көңілім көтеріліп сала берді(м)
3 – тапсырма Сөйлемдегі мезгіл және себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқылы сыңарының баяндауышын тауып, тиісті формаға қойындар. – Бірінші қол көтерген топтың оқушысы шығады. 1. Күндіз қолым (тимеу) . . . ,теледидарды кешке қараймын. 2. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұлттық мүддені алға (қою)...., халыққа нақты ақпарат жеткізуі тиіс. 3. Мен уақытым(болу)...., Қазақ радиосын тыңдаймын. 4. Теледидардан «Тапқыр достар» бағдарламасын (көру)...., қазақ тілін үйрене бастадым.
II раунд. Интелектуалды ойын. – 1-ші раунд екі категориядан тұрады, біріншісі: Радио және теледидар, екінші категория – Телебағдарламалар.Әр категория бойынша бес сұрақ . Ең жоғарғы сұрақтың құны- 50.
Топ – 50,30,10 40,20. Топ – 40,20 50,30,10.
Радио мен теледидар категориясы
қ/с категориялар Сұрақтардың құны
1 Радио мен теледидар 10 20 30 40 50
2 Телебағдарламалар 10 20 30 40 50

1. Радио мен теледидар. 10 «Теледидар» дегеніміз не?(Ақпарат көзі)
20. «Телевизор» деген сөз латын тілінен қалай аударылады? ( қашықтықтан көремін)
30. Республикамызда бұқаралық радио хабарлау қашан басталды?(республикамызда бұқаралық радио хабарлау 1931 жылы басталды)
40. Радио термині қашаннан бері қолданысқа енді? ( XX ғ. 10- жылдарынан бастап.)
50. Латын сөзі «radio» нені білдіреді? ( Сәуле шығаратын деген сөзді білдіреді. Алыс қашықтыққа радиотолқындар арқылы ақпарат жеткізу әдісі)

2.Телебағдарламалар. 10 «Қазақстан – Шымкент» және «Отырар» телеарналарында көрсетілетін балалар бағдарламасын ата.(«Час без родителей», «Ақжелкен»)
20 «Сөз мергені» бағдарламасы қай телеарнада көрсетіледі және оны кім жүргізеді? ( «Қазақстан» телеарнасы, Назира Бердалы)
30 Қай телеарна 10 – жылдық мерейтойын тойлауда?( «Ел-Арна» телеарнасы)
40 «XXI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасын кім жүргізеді және осы бағдарламаға қатысқан мектебіміздің түлегі кім?( Дана Нұржігіт, Эрметова Саида)
50 «Хабар» телеарнасының спорт жаңалықтарын кімдер жүргізеді? ( Амангелді Сейітхан, Жандос Айтбай)
- Екінші раундтың ұпайларын есептеу
III раунд. Шығармашылық жұмыс 1 – тапсырма. Бұрыс мәтінді дұрыс мәтінге айналдырып оқу. Ойлануға екі минут уақыт беріледі. Содан кейін кез келген топтың оқушысы жауап береді.

Теледидар
1958 – ші жылы телевизия Қазақстанға келді. Сол кездегі республика астана- сы – Алматы халқы 8 – ші наурыз күні соңғы рет өз экрандарында Қазақ теледидарының алғашқы дикторлары Зулхия Жұматова мен Нейля Омарованың бетін көрді.Олар көпшілікті Алматыда теледидар хабарларын қараумен, ал әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, жылы сапар білдірді. Содан соң «Үкімет мүшесі» атты үлкен фильм көрсетілді. Осылай қазақ топырағында «көк экран» деген атпен өнердің жаңа түрі – «теледидар» туды.

– Үлгі бойынша тексереміз. 1958 – ші жылы телевизия Қазақстанда пайда болды. Сол кездегі республика астанасы –Алматы тұрғындары 8 –наурыз күні тұңғыш рет өз экрандарында Қазақ теледидарының алғашқы дикторлары Зулхия Жұматова мен Нейля Омарованың дидарын көрді.Олар көпшілікті Алматыда теледидар хабарларының басталуымен, ал әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Содан соң «Үкімет мүшесі» атты көркем фильм көрсетілді. Осылай, қазақ топырағында «көгілдір экран» деген атпен өнердің жаңа түрі – теледидар өмірге келді.

2 – тапсырма Аударма сөздігін пайдалана отырып, Э.Генридің журналистерге берген кеңестерін (үз.)қазақ тіліне аударыңдар
Рецепт журналистам против старения
1.Всегда глядеть на окружаюший мир с любопытством. 2. Ни в коем случае не бросать писать, даже когда нет заданий. 3. Больше читать, писать и задумывать, меньше выступать. 4. Ни в коем случае не позволять себе скучать. 5. Чаще встречаться с молодежью. 6. Поменьше говорить о болезнях. 7. Строжайше беречь свой сон.
3 – ші тапсырма Мына тақырыптардың біреуі бойынша хабар дайындаңдар. 1.Спорт жаңалықтары 2. Ауа райы болжамы 3. Халықаралық жаңалықтар 4. Экономика жаңалықтары III – раундтың ұпайларын есептеу
IV раунд. Тест. Тест орындауға 5 мин. уақыт беріледі.
1.Қазақ телевизиясы қай жылы құрылды? а) 1954 ж ә)1948 ж б)1958ж
2. Латын сөзі «radio» нені білдіреді? а)сәуле шығаратын ә) қашықтықтан көремін б) лебіз білдіру
3. «Жаңалық» деген сөздің синонимін тап. а) хабар ә) арна б) ақпарат
4. Мен теледидардан жақсы хабар көргенде, а) көп нәрсеге үйренемін ә) сабырлы боламын б) сүйіп тыңдаймын
5. Сұхбаттың мазмұнды, қызықты болуы кімге байланысты? а) операторға ә) журналистке б) режиссерға

6. «XXI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасының жүргізушісі кім? а) Берік Уәли ә) Дана Нұржігіт б) Серік Жанболат
7. Сөйлемді тиісті баяндауышпен толықтырып, себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жаса. Күндіз қолым........, теледидарды кешке қараймын а) тимесе ә) тимегендіктен б) тимеген соң
8.Сөз тіркесін құрастыр. 1.Теледидар а) жасау 2.Ақпарат ә) бағдарламасы 3.Сұхбат б) арнасы 4.Шолу в) алу
9. «Хабар» телеарнасында кешкі жаңалықтардан кейін эфирде жүретін бағдарлама қалай аталады? а) «Сиқырлы әріптер» ә) «Бетпе – бет» б) «Көкпар»
10. Сабақтас құрмалас сөйлемдер неше түрге бөлінеді? а) үш ә) алты б) жеті в) бес
IV – раундтың ұпайларын есептеу

Сабақты жүйелеу, қорыту – Осымен, сайыс сабақ тапсырмалары аяқталды. Әр топтың жалпы ұпай санын көрейік. Жеңген топты анықтау, бағалау.

Үй тапсырмасы: «Сүйікті теледидар жүргізушісі» атты тақырыпқа шығарма жаз.

ID: 9451 | Просмотров: 3522