Сайт учителя начальных классов
.
Буын Тасымал

Буын Тасымал

Сабақтың тақырыбы Буын Тасымал

Сабақтың  мақсаты:
1.Оқушыларға сөздердің буынға бөлінуін,тасымалдау жолдарын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі:Аралас сабақ
 Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
 Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта             
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі 
 ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
 ІІІ Жаңа сабақ
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын құрайды .
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,
 сонша буын болады
 
     
Ашық буын –А, ВА
Тұйық буын –АВ,АВВ
Бітеу  буын –ВАВ,ВАВВ  
Мұндағы А дауысты  дыбыс  В дауыссыз дыбыс 
Жазып келе жатқанда жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:
1.Бір буынды сөзді
2.Қысқарған сөзді
3. Адамның аты-жөнін
4. Дауысты  дыбысты келесі жолға көшірілмейді. 
ІV Сабақты меңгерту
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтінді буынға бөліп жазыңдар,
3Келісіп пішкен тон келте болмас.
Топтық жұмыс
І топ Мына кестенің ішіне дұрыс тасымалдап жаз.
 
Кө-
рік-
ті
 
ІІ топ  Кестені толтыр
 
Ашық Тұйық Бітеу
Ла
А 
.......... Ас
Ант
.......... Мал
Төрт
.......
4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
М. Жұмабаевтың Мен жастарға сенемін өлеңіндегі буын санын тап.
 
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты–
Қырандай күшті қанатты.
         Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
        Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
      Мен жастарға сенемін!
V Сабақты қорыту
5.Ой толғау
Кез –келген тақырыпта шағын мәтін құрастыру.
Мәтінге ат қою
VІ Үйге тапсырма
6. Қоржындағы сарқыт
 
VІІ Бағалау
7.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

ID: 2173 | Просмотров: 5139