Сайт учителя начальных классов
.
Қазақ тілі сабақтарында  «Диалогтік оқыту» әдісін кеңінен қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.

Қазақ тілі сабақтарында «Диалогтік оқыту» әдісін кеңінен қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.

 Қазақ тілі сабақтарында  «Диалогтік оқыту» әдісін кеңінен қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында  «Диалогтік оқыту» әдісін кеңінен қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.

   Аңдатпа

   Бұл баяндамада автор «Диалогтік оқыту» әдіс-тәсілдерінің оқушыдардың сөйлеу мәдениетін дамытуда атқаратын ролі туралы баяндайды. Диалогтің білім алуға көмек көрсетіп қана өоймай, оқушы бойында көптеген жақсы қасиеттердің қалыптасуын тигізер әсерін айқын ашып көрсетеді.

 

     Өз баяндамамның басында күнделікті сабақтарда кеңінен қолданып жүретін қаншама қызықты әдіс-тәсілдердің ішінен «Диалогтік оқыту» әдісін таңдап алғандығымның себебіне аз да болса тоқталып өткім келеді.

            Мен Қазақстанның солтүстік өңірінде, Павлодар қаласында тұрамын. Біздің Павлодар облысында көптеген жылдар бойына қазақ тілін дамыту мақсатында қыруар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жұмыстардың жүргізілуі әлі  де жалғасын тауып, кең көлемде қарқын алуда. Алайда, әлі күнге дейін тіл  проблемасы біздің өңір үшін түбегейлі шешілмеген, алғашқы орындарда тұрған проблемалардың бірі болып қала беруде. Бұл сұрақ бәрінен бұрын біздерді, яғни ұстаздар қауымын қатты толғандыруда. Себебі, бұл проблеманы ең біріншіден, отбасы және мектеп шешуі қажет болып тұр. Яғни, тіл білмейтін кішкентай бүлдіршін сәби біздің алдымызда тілді игермесе, ол ертең өз ана тілін толыққанды  білмейтін ел азаматы болып, біздің алдымыздан қанат қағып ұшуы, сол тілді жетік игеріп-білмеген   қалпы ортамыздан орын алып, отбасын құрып, өмірге әкелген сәбиіне тілді дұрыс деңгейде  үйретуге шамасы келмей , шұбарлай сөйлеп, жүре беруі мүмкін емес пе? Тіпті,  осы сұрақ біздер, басқасын білмеймін, Павлодар өңірінің тұрғындары үшін,  «болуы мүмкін» деген шеңберде емес, «қазір солай» деген жағдайда қарастырылып жүр емес пе?Сондықтан да, осы  мәселе бізді, яғни, ұстаздар қауымын қатты мазалауда. Тіптен, оқушымен жұмыс жасауда ғана емес, оларға көмек көрсетіп, қол ұшын беретін бірден-бір жанашырлары, ата-аналармен жұмыс жасау барысында да біздер асу бермес  өткелден өткендей қиналамыз.Ата-агалардың  көретін қиындықтары: Қазақ тілінде айтқан ақпаратты түсінбеуі, өз ойын ана тілінде дұрыс және сауатты түрде жеткізе алмауы, баласы көмек сұраған уақытта оқулық бетіндегі мәтін мазмұнын ұқпауы және т.б. Бұл  біздің қарнымызды ашырады,жанды күйзелтеді. Ең өкініштісі, осындай отбасылардың санының әлі де көп болуында. Әрине, олардың көпшілігінің бойында ұлттық намыс та, патриоттық сезім де, ұрпағына ана тілін үйретемін деген ой да бар. Бірақ,  сұрағына жауап іздеп келген баласына көмек  көрсету үшін ата-ана бойында  жоғарыда аталған қасиеттердің ғана кездесуі жеткіліксіздік етеді. Сондықтан, осындай оқушылар мен ата-аналарға ең бірінші көмек көрсететін ұстаздар қауымы, тіл мамандары деп ойлаймын.

   1934 жылдың өзінде-ақ, Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екенін айтқан.Яғни, оқушы анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу кезінде олардан біршама нәрселерді үйренетіндігін баяндаған.Сондай-ақ , Выготский оқушылар ЖАДА-да жұмыс істесе, өз қабілеттерін шыңдап, берілген ақпаратты тезірек қабылдайтындығын, оларды оқыту біршама жеңілдейтіндігін айтқан болатын. Расында да, біздің зерттеу сабақтарымызда топ болып жұмыс істеу кезінде топ басшыларының немесе дарынды оқушылардың топта отырған нашар оқушыларға біршама көмек көрсетіп, кейбір сұрақтарды талқылаған кезде олардың мәселені талқылаудан сыртқары қоймауына ықпал еткені көрінді.   Сирек жұмыс жасап отырған оқушы топтағы дарынды, мықты балалардың ,көмек көрсетуімен  тапсырмаларды біршама жақсы орындап шыққаны байқалды.

             Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды роль атқаратынын атап көрсеткен.Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде олар «мұғалім-оқушы» сұхбат түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша негізделген дәлелдерді әзірлеу және қадағаланатын оқиғаларды  сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болатыны туралы айтқан. (нұсқаулық, 42-бет).Оған да сабақтардағы оқушылардың іс-әрекеттеріне қарап, көз жеткіздім.

«Диалогтік оқыту» оқушылардың ойын толық,ашық, әрі нақты жеткізуге  көмегін тигізеді. Осындай кемшіліктерді жою үшін диалогтік әдістерді сабақта кеңінен қолдану қажет. Жүйелі түрде үнемі жүргізілген жұмыстың күндердің –күнінде жетістікке әкеледі деп сенемін.

   Оқушылар арасында сұхбаттың пайда болуына сабақ кезінде орындауға қызықты тапсырмаларды де өз  септігін тигізеді. Мысалы, қазақ тілі сабағында «сан есім» тақырыбын қарастыратын болсақ,оқушылар қолына берілген таратпа материалдарда:  «Сан есімдерді қолданып, көршіңмен жұп болып «Кездесу» ойынын ойна»; «Сан есімдерді пайдаланып,анаңның немесе әкеңнің мерейтойына арнап құттықтау жаз да, оны ашық хат бетіне түсір» және т.б.қызықты тапсырмалар кездесуі балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.  ББерілген тарсырмаларды қызу талқылып, шығармашылықпен орындауларына түрткі болады.Немесе, берілген тапсырма бойынша ситуациялық сұрақтардың  қойылуы  ол тапсырманы орындау барысында топ ішінде қызу пікірталастың тууына, оқушыладың ортаға түрлі пікірлер тастауына себепші болып, олардың  сөйлеу мәдениетін дамытады. Сабақ кезінде «Қарлы кесек» немесе «Қозғалыстағы энциклопедия» әдістерін қолданту оқушылардың  тапсырманы орындау барысында топ ішінде талқылап қана қоймай, орындарынан тұрып, басқа топта отырған балалармен диалогқа түсіп ақпаратпен алмасуына мүмкіндік береді. Бұл ресурстардың әдетте пайдаланатындардан біршама ерекшелігі бар.Әдетте, көп жағдайда өткізілетін дәстүрлі сабақтарда оқушы өзіне берілген тапсырмамен бетпе-бет,  жалғыз қалып қояды. Ол тапсырманы орындап шығу үшін көп күш пен көп уақыт қажет болады. Ал, «Қарлы кесек» және «Қозғалыстағы энциклопедия» әдістерін қолдануда оқушылар аз уақытта көп мәліметтерді игереді және өз сыныптастарының көмегімен қиын материалды түсіну мүмкіндігіне ие болады.

 Диалог -оқушының өзін еркін және жайлы сезінетін ортасы. Жанға жайлы, жағымда көңіл-күй сыйлайтын әңгіме алаңында әрбір оқушы өзін жақсы сезініп, шешіліп сөйлеп, құнды пікірлермен алмасып, шығармашылық қабілеттерін шыңдай алады. Диалогтік, комуникативтік атмосфера оқушының жаңа тақырыпты игеруіне себепкер болып қана қоймай, бала бойында жеке тұлғаға тән қасиеттердің қалыптасуына да жағдай жасайды.  Диалог – бұл ақиқатты бірлесіп іздейтін жол. Диалог кезінде адам бойында кездесетін сыйластық, жанашырлық, түсінісушілік секілді тамаша қасиеттер қалыптасады. Диалог барысында әрбір оқушы тақырыпты қалай қабылдап отырғандығы көрсете алады, сондай-ақ, басқа балалардың осы тақырыпқа деген мұлдем басқа ой-пікірлері мен тың көзқарастарының бар екендігін көре алады.диалогтік оқыту ұстаздарға шәкірттерінің білім деңгейінің қандай дәрежеде тұрғандығын бірден байқауға мүмкіндік береді.

   Диалог барысында оқушылар сыни ойлауға, қолдағы бар ақпаратты қолдана отырып,нақты жағдаяты талдау арқылы пікірлерді салыстыруға,дұрыс шешім қабылдауға үйренеді. «Диалогтік әдістер» қолданылған сабақтарда оқушылар көбірек ойланып, жиірек сұхбаттасады, ойлау және сөйлеу мәдениеттерін белсенді түрде қалыптастырады. Нәтижесінде оқушылар жаңа білім алады, оны тәжіридбеде қолдануды үйренеді. Топтық жұмыс барысында оқушылар сұхбаттасу кезінде өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға дағдыланады. Класстер құру тапсырмасы берілген кезде оқушылар арасында диалог қызу түрде жүреді.зерттеушілік жұмыс барысында топтағы оқушылардың әрбіреуі өз пікірін айтып, класстерді қорғау жоспарын жасайды. Бірігіп жасалған жұмыс нәтижесін көрсететін «оқушы-оқушы» диалогі пайда болады.Оқыту диалогінде бір ғана көшбасшы болады. Ол-мұғалім.Ал оқушылар диалогінде көшбасшылық оқушыдан оқушыға ауысып отырады.кейде ол мұғалімнен оқушыға да ауысып отыруы мүмкін.  

  «Диалогтік оқыту» әдіс-тәсілі қолданылған сабақтарда оқушылардың өздерін мүлдем өзгеше ұстағаны байқалды. Олар бір-бірлеріне қысылып-қымтырылмай көп сұрақтар қойып, өздері сирек араласатын сыныптастарынан көмек сұрай алды. Бір-бірімен мүлдем араласпайтын екі оқушының әдебиет сабағында бірігіп постер жасап, оны қалай қорғау керектігін жұп болып талдап отырғанын байқадым.

   Бір қарағанда диалогсіз оқытудың болуы мүмкін емес секілді көрінеді.Алайда, диалогтің компьютерлік тестілеу, интернет-емтихандар, қашықтықтан оқытудың көмегімен кейін қарай ысырылы қалу қауіпі де жоқ емес.Бір бойына жанды сөз, қызу пікірталас, ашық эмоция,кері байланыс, танымға деген қызығушылықты сыйдырған диалогті «өнер атаулының биігі» деп айтсақ та артық болмас емес пе?Өнер болғанда да, ата-бабаларымыздан мұра болып қалған, әрбіріміздің бойымызда кездесуі міндет болып саналатын өнер емес пе?

   Қорытындылай келсек, «Диалогтік оқыту» әдісі дегеніміз:

 
• Оқушының сұраққа дұрыс жауапберуге үйренуі ; 
• Оқушының сұраққа жауап беруге үйренуі; 
• Оқушының сұхбат жүргізуге үйренуі; 
• оқушының өз ойын жеткізуге үйренуі; 
• Оқушының сөздік қорының баюуы, дүниетанымының кеңеюі ; 
    Оқыту диалогі-мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ең маңызды бөлігі.Сондықтан, сұхбаттың бұл түріне күнделікті өмірдегі сұхбаттан гөрі өзгеше көзқарас қажет.  

   .

ID: 7950 | Просмотров: 2777