Сайт учителя начальных классов
.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы пән мұғалімінің іс-тәжірибесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы пән мұғалімінің іс-тәжірибесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы

пән мұғалімінің іс-тәжірибесі

Құрастырған: Шегетаева Ақзия Қалыбайқызы

 

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,

Соркөл орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,

Соркөл орта мектебі

Құрастырушы: Шегетаева Ақзия Қалыбайқызы- қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

     Бұл жинақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу, сөздік қорларын молайту, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы белсенділіктерін арттыру мақсатында сабақ жоспарлары, сыныптан тыс жұмыстар енгізілген. Әдістемелік құрал пән мұғалімінің іс-тәжірибесін таратуға арналған.  

Кіріспе

 

     Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен, ата-бабамыздың зерек зердесімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырған ұлттық құндылығымыз. Ол әрбір ұлттың тірілігін, ірілігін, нарлығын, барлығын білдіреді. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген ұлт ұстазы А. Байтұрсынов сөзі осының айғағы.

     Біздің халқымызда ежелден шешендікке әуес, тіл өнерін басқа өнерден кем санамайды. Сондықтан қазақта «Өнер алды – қызыл тіл», «Айтылған сөз атылған оқпен тең», «Сөзі мірдің оғындай», «Қаһарлы сөз қамал бұзар», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді» т.б. мақал-мәтелдер, қанатты сөздер бар. Халқымыз тіл өнерінің небір кестелерін, орасан көп байлықтарын тудырды. Халқымыздың тіл байлығын игеру, мұрагер болу – ана тілін ардақтайтын азаматтың ісі.

Әдебиет – халық  айнасы

 

 

Сабақтың тақырыбы: О. Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: О.Сүлейменов өмірі мен шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын ұғындыру.

Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау

Сабақтың көрнекілігі: О.Сүлейменов шығармалар жинағы, суреттер.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі бойынша тапсырмалармен жұмыс.

1. Әңгіме бойынша сұрақтар беру.

2. Пейзаждық көріністер

3. Қарттың бастан кешкен қиыншылығын тұрақты сөз тіркесімен, бейнелі сөз тіркестерімен беруі. Осы сөздерге оқушы түсініктеме береді.

4. Кейіпкер қарттың сөзі

Үй тапсырмасын қорытындылау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

О.Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат беру. Ұлттық ойындарды атату. Аталған «қыз қуу» ойыны туралы не білетіндерін сұрау.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлең соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Дәптермен жұмыс.

  1. Өлеңнен әрқайсысына байланысты өлең жолдарын жаз.

 

 

                              Дала                                    Арғымақ

 

  1. «Қыз қуу» және «Арғымақ» өлеңдеріндегі халқымыздың салт-дәстүрінің бейнеленуі туралы әңгіме. (қысқаша жазу)

 

ІV. Сабақты бекіту. «Тірек дыбыстар» ойыны

 

V. Үйге тапсырма: өлеңдерді жаттау. «Қыз қуу» ойынының суретін салу.

 

V. Бағалау.

 

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)

 

Сабақтың мақсаты:

1. Мәтін бойынша талдау жұмыстары арқылы шығарманың көтерген негізгі мәселесін айқындау;

2. Ой қозғау негізінде оқушылардың өзіндік көзқарастарын, ұстанымдарын қалыптастыру;

3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сараптау арқылы ізгілікке тәрбелеу

 

Сабақтың типі: білімді жетілдіру сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақтар, мәтінмен жұмыс, талдау, жинақтау.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Бүгінгі сабағымыз адамгершілік дәрісі болғандықтан сөз басы ізгі тілекпен басталсын

-          Бүгінгі сабағымыз жүректеріңізге ізгілік нұрын құйсын.

-          «Өз-өзіңді танысаң – істің басы» дегендей, өзіңді таны, өзіңе сен, өзіңді сүй.

-          Өз ұстанымы берік азаматтықтың биігінен көрін.

 

-  Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібінен түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген «Дермене» хикаятынан үзінді «Ата үміті» деп аталған. Өткен сабақта шығарма мәтінімен таныстыңыздар. Біз осы шығарма бойынша өтетін екінші сабағымызды өзіндік таным сабағы түрінде өткізбекпіз.

Әңгіме өзегі – Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)

- Қалай ойлайсыздар, үзінді неге «Ата үміті» деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді, атаның үміті неде?

Біз шығармада үш-ақ кейіпкермен жүздестік, бірақ салмағы батпандай ой түйдік.

Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай, қайда жүздестік?

 

  • Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?
  • Алғашқы жүздесу, алған әсеріңіз?
  • Шығарманың сізді ерекше толқытқан тұсы
  • Шығармадағы оқиғалардың сіз үшін ең шиеленісті, түйінді тұсы
  • Шығарманың тақырыбы немесе көтерілген негізгі мәселе қандай?

 

Кейіпкерлер жүйесі

 

Ішке, сыртқа 

+

-

Қарапайымдылық

Дөрекілік

Адал еңбек

Ұятсыздық

Әділетсіздік

Ұрлық

Мейірімділік

Қаталдық

Арлылық

Өктемдік

Адалдық

Дүниеқоңыздық

Сенгіштік

Пасықтық

Қаламгер шеберлігі

 

Шығарманың соңындағы авторлық шешім қандай, оған сіздің көзқарасыңыз?

 

Өзің-ақ айтшы ғаламда мынаужеңудің бәрі жеңіс пе?

 

Ой түйін

 

РАФТ

Р - роль

А - аудитория

Ф - форма

Т – тақырып

 

Қорытынды. «Соңғы сөзді мен айтамын»(Ізгілік ережесі)

Үй тапсырмасы: «Дермене» хикаятының толық нұсқасын оқу

«Даналы ойдан дән ізде» (Ұлы адамдардың адамгершілік туралы айтқан қанатты сөздері)

Бағалау.

ID: 95 | Просмотров: 4409