Сайт учителя начальных классов
.
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар

Ашық және қысаң дауысты дыбыстар

Ашық және қысаң дауысты дыбыстар

Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауысты дыбыстар. 
Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік мақсаты: Дауысты дыбыстар туралы алған білімдерін бекіте отырып, ашық және қысаң дауысты дыбыстардың аайтылуын, бір-бірінен ажырата білуді үйрету.
• Дамытушылық мақсаты: Алған білімдерін есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу мәнерін,тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Халық ауыз әдебиетін білуге, жұмбақтарды жылдам, тез шеше білуге дағдыландыру.
• Тәрбиелік мақсаты: Бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру, ұлы тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Көрнекі құралдары: интерактивті тақта, компьютер,презентация, тірек сызба, ойын тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 
Психологиялық тренинг. «Жүректен жүрекке.» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту. 
«Кім білгіш»
1. Фонетика қандай сала? 
2. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
3. Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не? Оларды ата.
4. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды ата.
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Мұғалімнің сөзі: Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз деп өткен сабақта айтқан болатынбыз. Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай жуан және жіңішке болып бөлінуімен танысқан болатынбыз. 
• Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у 
• Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и. 
Бүгін біз жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң дауысты дыбыстар болып бөлінуімен танысамыз. 
• Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е. 
• Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.
1. Ережемен жұмыс:
- Іштей оқыту;
- Талдау 
Есіңде сақта! Ашық дыбыстар 6 дөңгелек дыбыс. (дөңгелектің ішіне жазуға келеді)
В)Дыбыс шығару
Мүшелерін жазу (топтастыру) 
Барлық әріп саны 
Дауыстылар саны
Дауыссыздар саны
Белгілер саны
ІV.Б) 
Сыныпқа тапсырма Тақтада жұмыс
Кітаппен жұмыс. -жаттығу. Мәтінді оқып,осындағы ашық дауысты дыбыстары бар сөздердің астын сызып шығу 
Аңыз сөзіне фонетикалық талдау жасау
«Сиқырлы дөңгелек» ойыны 
Дөңгелекке жазылған 6 әріптен сөздер құрайды.
Сөздер мағыналы болуы керек.
Оқулықпен жұмыс. – жаттығу «Жұмбақ адам»
Сыныпқа тапсырма Тақтада жұмыс
І нұсқа: ашық дауысты дыбысты сөздерді теріп жазу
ІІ нұсқа: қысаң дауысты дыбысты сөздерді теріп жазу

Жолдас сөзіне фонетикалық талдау жасау

« Кім тапқыр?» 
Сөзжұмбақ шешеу (Абай, бай, ай) Осы сөздермен сөйлемдер құрастыру
V.Үйге тапсырма: 
Ережені жаттау
-жаттығу. Жұмбақтарды шешу және шешуін білдіретін сөздерге фонетикалық талдау жасау

VІ.Оқушыларды бағалау.

ID: 6393 | Просмотров: 3651