Сайт учителя начальных классов
.
Жыр жазамын жүрегімнен

Жыр жазамын жүрегімнен

Жыр жазамын жүрегімнен

(Шығармашылықпен жұмыс)

Жүргізуші:

Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,

Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,

Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.

Жиһанкез желмаялы Асан қайғы,

Жер-жерге баға берген сынды тілім.

Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.

Жанымды жадыратқан бала тілім,

Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,

Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.

Ана  тілі - адам болып   жаралғаннан  бері  жан  дүниесінің  айнасы,  өсіп-өніп,  түрлене  беретін,  мәңгі   құламайтын  бәйтерегі.  Ана  тілі  жүректінің  терең  сырларын,  халық  тарихының  барлық  кезеңдерін,  жанның барлық   толқындарын  сақтап отыратын  қазына.  Сол  қазынаға  ие  болу  мына  сіздердің  еншілеріңізде.  Олай  болса, мектебіміздің  ақынжанды  оқушылары   үшін  ұйымдастырылып  отырған  «Жыр  жазамын  жүрегіммен» атты   сайысымызды  бастайық. Сайысымызды  бастамас бұрын сайысқа қатысушылармен таныстырып   өтейін. 

1.Есенболат  Сағынбек                            7.Теміртасов  Махамбет

2.Зұлхожин  Амандық                              8.Қанат  Айзада

3.Мұқсиынова  Армангүл                         9.Қайырлы  Камшат

4.Тұрарбекова  Мадина                           10.Абаева Ақтілек

5.Мұстахимова  Айша                             11. Зинелғабдиев  Айдынбек

6.Құбашев  Болатбек                                                        

Осы   сайыскерлерімізді  әділ  бағалайтын  әділқазылар  алқасымен  танысып  алайық. Олар:

1. Комиссия  төрайымы -  қазақ тілі мен  әдебиеті пәні  мұғалімі  Төлеуішова Әсел .

Комиссия мүшелері:

1. Кітапханашы  -  Маденова  Хансұлу .

2. Қазақ тілі мен әдебиеті  пәні  мұғалімі  Есенғазиева    Жанаргүл.

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігің

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім, егер сені білмесем.

Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

 Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!

Жан-дүниең жарқырап сала берер,

Ағарып келе жатқан атып таңдай.

І бөліміміз  «Ана  тілім өркенде,  бола бер  күшті,  көркем де» тақырыбында  өз  ойларынан  шығарған  төл   туындыларын  мәнерлеп  оқу.  Бағалау  кезінде  өлеңнің ұйқасы, оқу  мәнері, сөз саптау қабілеттеріңіз    мұқият қадағаланады. (Оқушылар мәнерлеп  оқиды)

Жүргізуші:

Ашулан  бұлтпен астасып, ақсұңқар  құстай  самғадым.

Ақсүйек  өнер-ақындық,  ақылдың  жолын  таңдадым.

Абыздың мұңын бер Аллах, ауызды  қайтем  көпірген,

Ажалым  алып  кеткенше,  ажарын  жырдың  кетірмен.

ІІ  бөлімімізде берілген  еркін    тақырыптарға   өлең  жолдарын  құрастыру. Тақырыптарды  таңдау  өз  еріктеріңізде.  Тақырып  атаулары: «Елі  сүйген,  елін  сүйген  елбасы», «Осы  менің  туған  өлкем!»,   «Бақыт деген...» , «Ұстаздар-ұлы  тұлғалар», «Өмірдің  иесі  сен,   ғазиз  ана!», «Отбасы-отанымыздың  ошағы», «Базарлы  бала  күндерім», «Достық деген-адамның  көрігі  екен», «Жаса-наурыз,  жаса  көктем», «Арман-қала  Астана» «Тәуелсіздік-теңдесі  жоқ  байлығым», «Ауылым-алтын  бесігім». Тапсырма уақыты - 30 минут.

(Оқушылар өлең  жолдарын  құрастырады)

Берілген  тақырыптарға  орындаған  туындыларымызды  әділқазыларға  тапсырып,    әділ  шешімін  шығару  үшін  15 минут  уақыт  берейік.(Әділқазылар  шешімін айтады.)

Сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Бас жүлде – Теміртасов  Махамбет

І орын – Мұстахимова  Айша,  Мұқсиынова  Армангүл.

ІІ  орын – Зинелғабдиев  Айдынбек,  Қайырлы  Камшат.

ІІІ  орын – Тұрарбекова  Мадина,  Қанат   Айзада.

 Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Баба тілін қадірле, болашақтан түңілме!

Айналайын, боздақтар,аралас тілге үңілме!

Миды оят, жамиғат, қазақша алтын, жезіңді.

Қазақша жазбай жүргенді, түзет құрып тізгінді

Хат жазылсын өзара, жетілдір, қазақ, сөзіңді.

 Жат алдында ез болмай, берік ұста өзіңді.

 Асан қайғы, Жиренше, сөйлеп өткен қазақ тіл.

 Әз Жәнібек, Қойшыбай,сыйлап өткен ғажап тіл.

 Осы тілді жек көрген, дүниеден қалар құр.

 Бағаласаң шынымен, баба тілің асыл – нұр.

 Осы өлең жолдарын  сіздерге арнай  отырып,  әрқашан тіліміздің мәртебесі биік, асқақ болсын  деген  тілекпен  сайысымызды аяқтаймыз.

Әбу Сәрсенбаев  орта  мектебі

Жыр  жазамын  жүрегімнен

(Шығармашылықпен жұмыс)

Қазақ  тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Қамзаева Рита

ID: 5781 | Просмотров: 3261