Сайт учителя начальных классов
.
Жақсы шығарма-жан азығы

Жақсы шығарма-жан азығы

Жақсы шығарма-жан азығы

        Құрметті оқушылар,  ұстаздар   өздеріңізге  белгілі  мектебімізде   қазақ  тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілдерінің  апталығы  өтілуде.  Осыған  байланысты  «Шығармашылық – шыңға жетелейді»   атты  өткелі отырған  сайысымызды  бастауға  рұқсат  етіңіздер.  Олай болса ең  алдымен  сайысқа  қатысушы  оқушылардың  білімін   бағалау үшін  әділ  қазылар  алқасын  сайлап  алайық.

          Тіл-ортақ  қазына.  Тіл-достық  пен  бірліктің ,  татулық  пен  түсіністіктің  бастауы.   Ұлттың  сақталуына да,  жоғалуына да   себеп  болатын  нәрсенің ең  қуаттысы  тіл.  Сөзі  жоғалған  жұрттың   өзі  де  жоғалады. 

           Тілдің  міндеті-  ақылдың  аңдауын  аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,    көңілдің  түйін   түйгенінше  айтуға  жарау.  Ендеше  сайысқа  қатынасушы  9-11-сынып оқушыларын  ортаға  шақырайық. 

           Сайысымызды бастау  үшін  оқушыларды  үш  топқа  бөліп  алайық.  Ол үшін  оқушылар   «Ақыл», «Жүрек» , «Қайрат»  деген  сөздер  жасырылған  үлестірме қағаздарды  алып,  үш  топқа  бөлініп  отырады. 

          Үш  топ  оқушыларына   сайысқа дейінгі  тілектерін  жазу үшін  түрлі-түсті  қағаздарды  үлестіріп  беремін.  Оқушылар өз тілектерін жазып қояды.

           Қазақ деген  ұлы да ғұлама,  өнерлі де  өрелі халықтың  ұрпақтары екенімізді  мақтаныш  тұтайық. 

        Мен қазақпын, биікпін  байтақ елмін,

        Қайта тудым  өмірге  қайта келдім.

        Мен мың да бір  тірілдім мәңгі өлмекке,

        Айта бергім  келеді, айта бергім- дей отырып  сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық. 

1-кезең-  «Көркем әдебиет  әлемінде»

2-кезең-  «Түсіндірме  сөздікпен  жұмыс істей аламыз ба?»

3-кезең-  «Сен  білесің  бе?»

4-кезең-  «Өнерлі өрге жүзер»

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен  Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі  алаулаған  арай бар.

демекші  кезекті  «Көркем  әдебиет  әлеміне»  береміз. Олай  болса  Ақыл тобының  сұрақтары:

1.Қазақ балалар әдебиетінің  классикалық  үлгілері   5-том 210-бет  соңғы абзацты тауып оқыңыз-  Түн көзге  түрткісіз  қараңғы ... деп басталады.

2.Мұхтар Құл-Мұхаммедтің  Алаш  қайраткерлері кітабы,  150 –бет, 3-абзацты тауып оқыңыз: -Алаш көсемдері А.Байтұрсыныов пен  Ә.Бөкейханов бастап қол қойған...

3.Айсәуле Дүйсебекованың  сыншы,  әдебиеттанушы  Тәкен Әлімқұлов туралы жазған  кітабынан 80-беттен  5-абзацты тауып оқыңыз –«Социалистік  реализм  әдісі  өмір  қайшылықтарын қалтарыста қалдыра алмайды».

Қайрат тобының  сұрақтары:

1.Жұмабек Кенжалиннің  «Ер Жәуке  мінбегенмен  алтын таққа» кітабының 131-бетінен  2-абзацын тауып оқыңыз-  Жәуке батыр жорықтарға, үлкейген кезінде де ақбоз тұлпар мініп  жүрген...

2.Қазақ балалар  әдебиетінің  классикалық  үлгілері   2-томынан   84-беттен  3-абзацты   тауып оқыңыз: Арқаның, кейде қар  ұшқындатып  келетін  салқын күзі басталған.

3. Мұхтар Құл-Мұхаммедтің  Алаш  қайраткерлері кітабы,  274 –бет, 1-абзацты тауып оқыңыз: Сонымен,  қазақ  қайраткерлері  орыс қоныстанушыларымен....

Жүрек тобының  сұрақтары:

1.Олжас Сүлейменовтың  кітабынан  109-бетінен  5-абзацты тауып оқыңыз:  Судзаль шаруаларының   босуын  суреттеуде Автор арбаның майланбаған  дөңгелегінің   шиқылын   басқа теңеумен  жазар еді.

2.Міржақып  Дулатов шығармаларынан  262-беттен  3-абзацты тауып оқыңыз :   «Манап  драмасының  қысқаша мағынасы  мынау.»

3. Олжас Сүлейменовтың  кітабынан  66-бетінен  3-абзацын  тауып оқы

Әу дегенде   сәтті   сезіммен  қабылданатын...

 

Тілім менің,

Тұтастығым, елдігім,  үйім менің,

Ел қорғаған ерлерге рух берген,

Осы тілде  толғады биім менің.

Иә,  Біздің  халқымыздың сан ғасырлық  тарихын  ұрпақтан-ұрпаққа  ұран ғып  апарар  қанатты сөздерін, сазды әуендерін,  дәстүрлерін  бір сағатта  айтып жеткізу  мүмкін  емес.

Балалар  құтты болсын тілің  бүгін,

Ашатын  Жан сарайын білімдінің

Кешегі анаң айтқан,  бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бүгінгінің  -дей отырып, кезекті «Түсіндірме сөздікпен жұмыс істей аламыз ба?» кезеңіне берейік.

Олай болса  Қайрат тобының  тапсырмалары:

1.Түсіндірме сөздіктен  «Қаптал» сөзінің  мағынасын  табыңыз.

2.Түсіндірме сөздіктен  «Жың» сөзінің  мағынасын  табыңыз.

3. «Болажна»  сөзінің  мағынасын  табыңыз.

Ақыл тобының  тапсырмалары:

1. Түсіндірме  сөздіктен «Белбүрме»  сөзінің  мағынасын  табыңыз.

2. «Жапас» сөзінің  мағынасын  табыңыз.

3.  «Қасқыр   сырттық»  сөзінің  мағынасын  табыңыз.

Жүрек тобының  тапсырмалары:

1. «Жырти»  сөзінің  мағынасын  табыңыз.

2. «Баскеуіт»   сөзінің  мағынасын  табыңыз.

3. «Бұрқас»  сөзінің  мағынасын  табыңыз.

 

Тілдің бәрі қымбат маған,

Әр ұлт тілі  сыр сақтаған.

Бәрінен де сен артықсың,

Қазақ тілім, жыр батпаған – дей келе келесі кезекті  «Сен білесің  бе »  кезеңіне береміз.

Тұрақты сөз  тіркестерінің  мағынасын  табыңдар:

Қайрат:

  1. Жұмаққа ұқсау-үй іші  масатылы жайған кілем,  Жұмақтың  дәл  өзіне ұқсамай ма?
  2. Өлердей  қу тіл-  нағыз айлалы,  айтқыш және  өлердей  қу тіл адамдар болады.
  3. Оқтай қатып жарау-  белдеуде тұр , бір-бір ат,жараған қатып оқтай  боп.

Жүрек:

1.Еліктей  секю- Қашатын еліктей секиіп тұра қалды.

2.Ит қуған  бұзаудай-  Ендеше  неменеге  ит қуған бұзаудай боп,  екі танауың шелектей делдиіп,  едіреңдеп келесің№

3.Сынаптай ағу- Суық ой сынаптай ағып келіп,  дәл жүрегінің басына тұра қалды.

Ақыл:

1.Ат арқасындай-  Атпақпен  немесе тасымалмен  егетіндер  ат арқасындай жерге үйілетін.

2.Дөмбірдей- үлкен, ірі, зор-  ортада дөмбірдей  ақ үй,  оған  таяу жалпайып  тігілген қоңыр үй.

3.Шегедей болып ұстау- Түтеген қар су киімдеріне  жабысып,  шегедей болып ұстап жатыр.

 

Ал енді келесі кезекте  синонимдер сөздігімен  жұмыс-

Қайрат:

1.мақсат сөзінің  синонимі

2.әдеттегідей сөзінің синонимі

3.бар-жоғы сөзінің  синонимі

Жүрек:

1.шағындап сөзінің синонимі

2.қабаттасу сөзінің синонимі

3.шаң-шұң сөзінің синонимі

Ақыл:

1.Далаңқай сөзінің синонимі

2.Аурулы сөзінің синонимі

3.Ұялшақтыс сөзінің синонимі

   Өне алды- қызыл тіл демекші келесі кезеңіміз  «Өнерлі өрге жүзер» сайысы

Үш топ  оқушылары жасырылған сөздерді алып,  сол рөлге кіреді.

Бас, тіл, жүрек.

Рефлексия-  сайысқа қатынасушы оқушылар  сайстан соңғы яғни  сайстан алған  әсерлерін  алдарындағы стикер қағаздарға толтырады.

Туған  тілім тірлігімнің  айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім-мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім- мен де бірге өшемі.

Сонымен  адамның  адамдық,  ұлттың ұлттық  ең жоғарғы қасиеті- тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін-дей отырып,  бүгінгі сайысымызды аяқтап,  сөз кезегін  әділқазыларға береміз.

ID: 6950 | Просмотров: 2893