Сайт учителя начальных классов
.
Тапқыр достар

Тапқыр достар

Тапқыр достар

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында және математикалық білімдерінің кеңейе түсуіне , ой-өрістерінің , логикалық ойлау қабілетерінің артуына сыныптан тыс шаралардың тигізер пайдасы зор.Осы бағытта 6-5 класс оқушыларының арасында «Тапқыр достар»  атты сайысы өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру , логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Сабақтың түрі: Топтық сайыс сағаты.

Сабақ типі Ойын түрінде.

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі біздің сайыс түрлерімен таныстырып өтейін.

  1. Таныстыру  (аты ,ұраны , төс белгісі,)
  2. Жүйрік болсаң , озып көр
  3. “Кім жылдам!”
  4. Тіл-өнер кезеңі
  5. Ғажайып үштік
  6. Ақын жанды болмасам , математик те болмаған болар едім ( өлең жолдарын орындау)

Ойынға қатысушы  сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.Сайыстарға әділ баға беретін әділқазы алқасын шақырамыз.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпаздар анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену,жалықпау.

Сәт сапар тілеп бәріне

Сайысты біздер бастайық

1 тур. Таныстыру

2-ші Ойынның шартымен таныстырып өтейін.Бұл ойында 10 сұрақ қойылады.Қойылған сұрақтарға нақты жауап бересіз.Сәт сапар.

1 топ

1.Геометриялық  фигура     (шаршы)

2.Үшбұрыштың төбесі, бұрышы және ....  болады      (қабырғасы)

3.Азайту амалының нәтижесі 80-20 ?     (60)   

4.Доғал,тік, ... Бұрыш    (сүйір)                              

5.Ең үздік баға?             (5)            

6. 24 сағат -1 ...              (тәулік)

7.Қосу және азайту ...    (амалы)

8.Шарты, сұрағы , шешуі , жауабы      (есеп)       

9. 7 күн – 1 ...       (апта)

10. Мектептегі оқушы жиһазы         (парта)    

2-топ

1.Уақыт бірлігі      (сағат)        

2.90 градус бұрыш      (тік)

3.Минут , сағат , тәулік   (уақыт)

4.Грамм , килограмм  (салмақ)

5.Азайту амалының нәтижесі 70-10?(60)

6.Геометриялық фигура (үшбұрыш)

7. Сүйір , доғал, тік  (бұрыш)

8.1 апта- 7 (күн)

9. 90 градустан кем бұрыш?     (сүйір)    

10. 24 сағат- 1                   (тәулік)               

3.“ Кім жылдам!”

 

1.240 санының төрттен бірінің   жартысының үштен екісі неге тең?

1.600 санының төрттен бірінің жартысының үштен екісі  неге тең?

 

4.«Ана тілің-арың бұл

Ұятын боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте» дей келе сайысымыздың келесі туры «Тіл –өнер» бөлімін бастаймыз.

  1. 0,3-х=2,7     теңдеудің түбірі?   ( тоғыз-девять-nine)
  2. Нәрселерді санауда

     Керек бізге ауадай

     Айтыңдаршы бұл қандай сан,

     Жан-жағыңа қарамай?      (натурал сан-натуральные число-real)

3.Ел құлағы ...  (елу-пятьдесять-fifty)

4.Ер жігітің   ........  сөйлегені өлгені   (екі-два-two)

5.Мың қосшыға  ....... басшы?  (бір-один-one)

5.Оймен кәне көк теңізін кешіңдер,

   Жар-жұрық еткен неше түрлі есімдер

Айтылғанда математикалық есептер

Зейін салып зердеменен шешіңдер.Бұл бөлімде кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдаймыз.

20.Жеті атаЖ:Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек, немене, туажат

20.2х/2=8/4 Ж:2

30. Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және

тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? Ж:  Бір бала тәрелкесімен алады

30. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 1

40. Ұлу биіктігі 10 м ағаштың басына шығуы керек.Ол күндіз 4 м жоғары көтеріледі, түнде 3 м төмен түседі.Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады? 7

40. Кері сандардың көбейтіндісі... 1

  1. 6. «Бойында ақындық қасиет болмаса нағыз математик бола алмайсың.Себебі, ақын басқаның көре алмағанынын көреді, математик те дәл сондай болу керек» деген екен.Оқушылардың ақындық талантын сынап көрейік.
  2. 5 жерде бесім 25                                          

      Математика мен тарих бір емес

       .......................................................

       .......................................................

  1. Мен шығамын деп ерледі,

       Қол көтеріп Есепгүл

       .............................................

       .............................................

Қорытынды.

ID: 8186 | Просмотров: 2248