Сайт учителя начальных классов
.
ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ

ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ

ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ

Сабақтың тақырыбы: ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне  байланыстылығы, оның ішінде Біз және табиғатбайланыстылығын білуге ұйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

Тәрбиелік: Жас ұрпаққа Отанды қорғауға, табиғатты аяулауға, тазалыққа, адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жана сабақ.

Көрнекілігі: Табиғат суреттері, буклет, мақал-мәтелдер.

Сабақ. барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-сәлемдесу

-түгендеу

-оқушыларды сабаққа әзірлеу.

2. Жаңа сабақ.

Адамзатты ерте заманнан бері табиғат ана асырап келеді. Табиғат ананың қасиетті сырларын бойымызға сіңіріп алмайынша, онымен тең отырып « сөйлесу қиын».

Ең бірінші, табиғатты туған анадай түсіну, екінші, табиғатқа туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлындай қорғауың қажет.

Табиғат  - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталды. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соңын дәлелі.  Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал –мәтелдер өте көп.

Қазақтың табиғат, оның байлықтарын қорғау туралы мақал-мәтелдерді төмендегідей жіктеуге болады.

Жасыл желек қадыры туралы:

  1. Орман – ел дәулеті, жер сәулеті.
  2. Бабалар еккен шынарды балалары саялайды.
  3. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсың.
  4. Бір тал кессең, он тал ек.

Су қадірі туралы:

  1. Тау кенсіз болмас, өлке өзенсіз болмас.
  2. Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

  1. Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар.

Жер қадірі туралы.   

  1. Жер қазына, су алтын, мал байлық.
  2. Жаман әйел – ел қадірін білмес,

Жман адам – жер қадірін білмес.

Табиғат туралы:

  1. Табиғат – адамның алтын бесігі.
  2. Таза ауа емес, астан бірақ пәс емес.

« Таза болса табиғат, адам болар азамат» -деген, адам баласының тағдыры адамның өз қолыңда, осыны ескеріп, жауапкершілікті ұмытпасақ, ұрпақ алдындағы борышымызды өтер едік

ID: 6134 | Просмотров: 3511